Материалдар / Ашық тәрбие сағаты "Ұстаз - ұлы тұлға" 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық тәрбие сағаты "Ұстаз - ұлы тұлға" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаттарында қолдануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2018
1194
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Ұстаз - ұлы тұлға.

Сынып: 5 а,ә,б

Сынып жетекшілері: Г.Аширбаева, Р.Туртбаева, Б.Адилбаева







2017-2018 оқу жылы





60 жалпы білім беретін мектебінің 2018-2019 оқу жылындағы "Ұстаз - ұлы тұлға" атты мерекелік іс-шараның

Бағдарламасы





Атқарылатын іс-шаралар

Жауаптылар

Уақыты

1

Қонақтарды қарсы алу

Мектеп әкімшілігі

12:20-12:30

2

Бейнебаян "Ұстаз - мектеп жүрегі"

"Балбұлақ" шағын орталық әдіскері Г.Сарбасова

12:30-12:35

3

Мәнерлеп оқу;

Рухани жаңғыру, үш тілділік жайлы жыр-шумақтар

5 а,ә,б сынып оқушылары, А.Омарова, Ж.Бейсенбаева

12:40-12:45

4

Ән: "Мерекеңізбен"

5б сынып оқушысы Жаңбырбай Н.

Музыка пәнінің мұғалімі Ұ.Әлібаева

12:50-12:53

5

Бейнебаян "Ұстаздар құдіретті күннің сәулесіндей"

Математика пәндер бірлестігі Н.Тойлыбаева

13:00-13:05

6

Құттықтау сөз

Мектеп директоры М.Б.Сахова

13:05-13:10

7

Би "Гүлдер"

7 а,ә,б сынып оқушылары жетекшісі А.Тұрсымбаева

13:10-13:14

8

Хор: Музыкалық - композиция

Ұстаздар, оқушылар

Жетекшісі Ұ.Әлібаева

13:15-13:20

9

Ойын "Құпия дос"

Тарих пәнінің мұғалімі Р.Туртбаева

13:20-13:30










Тақырыбы:  Ұстаз - ұлы тұлға.

Мақсаты:  Ұстаздың адам өмірінде алатын орыны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. 
Ұстаз  мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұстаздар туралы бейнебаян, түрлі-түсті шарлар, гүлдер.

 
1-оқушы:

Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ -даңқын асырды бар әлемнен.

"Ұстаз" деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

2-оқушы:

Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.

3-оқушы:

Табан тіреп, төзгенсің қанша ауырға,

Тарап демде кетеді шаршауың да.

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер,

Тұрғанында солардың қоршауында.

4-оқушы:

Қиындықта кезіксең көп асу да,

Қанша терің төгіліп жол ашуға.

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

5-оқушы:

Ізгілікті өз бойына жинаған,

Шәкіртіне білім нәрін сыйлаған.

Қалап берген іргетасын білімнің,

Қош келіпсіз ортамызға, сыйлы адам.

6 оқушы:

Тойлайды бұл күнді көптен,

Біздің байтақ, бақытты ел.

Ұстаздарын шын жүректен,

Құттықтайды шәкірттер.

7-оқушы:

Арналады ұстаздарға,

Құрмет деген, төр деген.

Біздің елде адам бар ма,

Ұстаз алдын көрмеген.




8-оқушы:

Мерекемен құттықтаймыз,

Мұғалімін әр пәннің.

Ұстаздарды көреміз біз,

Шұғыласындай әр таңның.

9-оқушы:

Ғұлама, білгіш ғалымнан,

Оқушы жас жалыннан,

10-оқушы:

Мархабатты ойшылдан,

Мал өсірген қойшыдан,

11-оқушы:

Жазушыдан, ақыннан,

Ғарышкерден, батырдан,

12-оқушы:

Өнері асқан актерден,

Ырыс қазған шахтерден,

13-оқушы:

Мың бұралған бишіден,

Ой тербеткен күйшіден,

14-оқушы:

Оқыған жас-кәріден,

Оқушының бәрінен,

Бәрі қосылып: Ұстаздарға мың алғыс!


1-оқушы:

Шыңға биік Ел көз тіксе асқарлы,

Шайыр жазбай, кім жазады дастанды?!

Сүйінші, Алаш!

Тарихыңда толғаулы

Рух жаңғырар жаңа дәуір басталды!


Көк түріктің ұрпағына, уа, құтты

Ту көтерер тағы бір таң атты.

Жолын таппай, қаңғырған

Ел қаншама, Кодын сақтай, жаңғырған Ел бақытты.


Бұл жаңғыру - өрге бастау ұлтымды,

Бұл жаңғыру - төрге бастау ғұрпымды

Ұлттық кодым - менің ұлттық құлпым,

Кім көрінген қолды етпесін кілтімді.


Бұл жаңғыру - ұлыларды ұлықтау,

Ұлы Абайдың даналығын ұмытпау.

"Кісен ашып" Құрманғазы күйімен,

Болмысымды бұлжытпастай құлыптау.



Бұл жаңғыру - кемелденіп жаңғыру,

Кеуде соққан күллі әлемді таң қылу.

Жыр алыбы Жамбылдарды жыр қылу,

Ән алыбы Шәмшілерді ән қылу.

2-оқушы:

Бұл жаңғыру - бастамасы ғажаптың,

Бұл жаңғыру - астанасы ләззаттың.

Жалғаны көп сахнасында жаһанның

Мәдениетін мойындату қазақтың.


Бұл жаңғыру - тарихи сәт сауапты,

Сауапты іске бәріміз де жауапты:

Тұлпарымыз озсын десек бәйгеде,

Ұрпағымыз болсын десек сауатты.


Бұл жаңғыру - Туған Жерді түлету,

Ен даланың кең құшағын гүл ету.

Шығыс, Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік -

Бар қазақтың арман-жырын бір ету.


Асуды асып Қазақстан - ардағым,

Аспанменен астасып тұр арманым.

Ер бастады! Ел қостады! Жарылқа!

Тәңір Ием, Туған Елдің БАҒДАРЫН!


1 -оқушы

Как трудно смысл охватить

В словах на языке другом!

Как трудно фразы говорить -

Они даются нам с трудом!


Английский понимать без словаря

Легко, непринужденно, просто,

Красиво, как носитель, все произнося,

Чтоб четко, внятно мог бы.

2-оқушы:

Казахский, свой родной, не забывать,

Он отличается богатством,

Язык, он - ключ к другим мирам,

В мирах культура и ментальность.


Еще и руский нас объединил,

Он словно "мост" в общении,

Мы спорим, видим даже сны,

Сыграл он роль прогресса.




3-оқушы:

Всемирный день учителя

В начале октября

Ученики, родители -

Все чествуют тебя.

Ты - педагог любимый.

Поздравить мы спешим

Тебя, учитель милый.

Желаем от души,

Чтоб радовали дети

Учителей и мам,

Чтоб лучше всех не свете

Жилось учителям!

4-оқушы:

Любимые наши учителя,

От чистого сердца вам скажем слова.

Вы наши наставники, наши друзья

Вы мамы вторые, почти мы семья

спасибо вам скажем от чистой души,

Слов благодарных достойны все вы.

Мы вас обожаем, так будет всегда,

Спасибо за школьные наши года.

5-оқушы:

День учителя-праздник особый,

Полный света, добра и тепла!

В этот день очень хочется, чтобы,

На минуту забыв о делах,

Отложив и журнал, и указку,

Озарили улыбкой Вы класс.

Быть учителем - это прекрасно!

Будьте счастливы! С праздником Вас!


Ән: 5 "Б" сынып оқушысы Жаңбырбай Нұрсұлу "Мерекеңізбен"


Бейнебаян


Құттықтау сөз: Мектебіміздің басшысы Мөлдір Бекбосынқызына беріледі.


Би: 7 сынып оқушыларының орындауында "Гүлдер" биі


Хор: Музыкалық -композиция


Ойын: "Құпия дос"






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!