Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Ашық тәрбие сағаты Ұстаз -ұлы тұлға 3 сынып
Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме көмегім тиеме деген ниетпен салып отырмын. Оқушылардың бойына ұстазға деген құрметті қалыптастыру. Ұстаздың алып тұлға екенін, жас ұрпақтың бойына білім нәрімен бірге ұлттық тәлім-тәрбиеге тәрбиелейтінін түсіндіру. Уақытпен санаспай, өз баласын емес өзгенің баласының тағдырын көп ойлайтын дара тұлға екенін жас ұрпаққа ұғындыра білу керек деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
13 Қазан 2018
3195
4 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ақмола облысы Атбасар ауданы Сепе ауылы Бастауыш сынып мұғаліміБайшева Гулдана Атшабаровна Санаты: Педагог – сарапшы 1 және 3 «А» сыныптары Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ұстаз-ұлы тұлға» Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіну. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрену. Оқушылардың бойына ұстазға деген құрмет, ізеттілікті дамыту әрі дарыту. Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, шарлар. Ресурстар: интернеттен алынған слайдты суреттер мен бейнебаяндар, кароеке әндер. Тәрбие сағатының барысы: Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, оқушылар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған Ұлағатты ұстаздар мерекесі келіп жетті. Мерекелеріңіз құтты болсын! 1, 3«А» сынып оқушыларының дайындаған «Ұстаз-ұлы тұлға» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. Олай болса ары қарай, мерекені бастауға оқушыларға кезек берейік. Гүлсұлу: Ұстаз! Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде еңбегі зор. Олай болса, құрметті ұстаздар төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңыз-ға бақыт, мерейлеріңіз үстем болсын демекпіз. Ангелина: Әл-Фараби: «Ұстаз.... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жылылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма бұл сөзден біз Сепе орта мектебінің мұғалімдерінің бейнесін көреміз. Осындай бейнеге лайықты ардагер ұстаздарымызды құрметпен ортаға шақырайық. Роза , Жақанқызы Шамшиқамар, Амандыққызы Құралай, Ольга Казимировна апайларымызды шақырамыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың қадірлі қонағы ретінде сыныбымыздың төріне қошеметпен жайғасуларыңызды өтінеміз . Гүлсұлу: Ғұлама білгіш ғалымнан Оқушы жас жалыннан Мархабатты ойшылдан Мал өсірген қойшыдан.Ілияс: Жазушыдан, ақыннан Ғарышкерден батырдан. Өнері асқан актерден Ырыс қазған шахтерден. Жұлдыз: Мың бұралған бишіден Ой тербеткен күйшіден. Оқыған жас кәріден Оқушының бәрінен Бәрі: Ұстаздарға мың сәлем. Артур: Армысыздар, аяулы ұстаздар! Бармысыздар білім нәрімен сусындатқан ардақты жандар! Ангелина:Балалар бір уақытқа болсын ұстаздармен орын ауыстырып көрейікщі. Мен мектеп директоры болам бәрің келісесіңдер ме? Сухраб: Балалар, мұғалім болған қандай жақсы. Дәптер тексересің, баға қоясың. Ілияс: Ал мен ұстаз болған жақсыма, оқушы болған жақсыма әлі біле алмай тұрмын. Себебі мен 1-сыныпқа жаңадан келдім ғой. Жұлдыз: Ал мен информатика пәнінің мұғалімі боламын. Маған компьютермен жұмыс жасаған ұнайды. Гүлсұлу: Мен кім болсам екен, химия пәнінің мұғалімі болсам ба екен, әлде физика пәнінің мұғалімі болсам ба екен. Қой оның бәрі қиын ғой, оның жауапкершілігі өте көп сондықтан кейінірек айтайыншы. Аделина: Мен 1-сынып оқушысы болып қала берсем қайтеді. Себебі менің ойымша мұғалім өте ақылды болуы керек. Менің алғашқы ұстазым өте ақылды. Ән: Ақылшы ұстазым Ангелина: Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын, Дендеріңнің саулығы мықты болсын. Білімменен суарған шәкірттерін, Төл мерекең ұстаздар құтты болсын! Асемгүл:Ұстаздарым биік тұлға байсалды, Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды. Қуанышты жарқын тілек білдіріп Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды. «Ұстазбен сұхбат» бөлімі Адема: Сөз кезегін бүгінгі кеш қонақтарына берейік. Шамшіқамар апай өз өмір жолыңызды, ұстаз болудың қыры мен сыры туралы айтып берсеңіз. Артем: Ұстаз – мәртебелі мамандық. "Ұстаз болу – жүректің батырлығы" дейді. Роза апай, алдымен өзіңіздің туып өскен ортаңыз, ата - анаңыз, оқыған мектебіңіз, оқу орныңыз туралы айтып өтсеңіз деп едім... Ангелина: Асыл қасиет жас жүрекке ектіңіз, Шәкірт бойына білім нәрін септіңіз, Мектептің абыройын биік ұстап, Еліңізге адал қызмет етіп келесіз! Құралай апай сіз шәкірт тәрбиелеп қана қоймай , оқу ісін басқаруда да мол үлес қосып келе жатқан ардақты жан, аяулы ұстаз, өнегелі басшысыз. Шәкірт тәрбиелеу мен қатар, мұғалімдерді де жақсы ұстаз етіп шығару сізге қаншалықты ауыр болып келеді? Сухраб: Ольга Казимировна «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз? Адема: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей, Перне басқан оркестердің үніндей. Әр баланың жүрегіне жол тауып, Тұрасыз ,сіз, дирижер боп күлімдеп. Раушан апай сізді көрсем, үнемі оқушының алдында дирижердей болып тұрасыз, бір сәт орныңызда отырмайсыз. Осының мәні неде? Ангелина: Біздің сұрақтарымызға жауап беріп, ұстаз болудың қаншалықты жауапты іс екені жайында ой-пікірлеріңізді білдіргеніңізге алғысымыз шексіз. Сіздерге мерекелік сый ретінде шәкірттеріңіздің ән шашуын қабыл алыңыздар. Ән: «Анашым»Мұғалім: Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Сол шеберліктеріңізді өзіңіздің іздеріңізден еріп келе жатқан ұстаздарға көрсету мақсатында топтық жұмыс жүргізгім келіп отыр. Ардагер ұстаздар мен жас ұстаздарды топқа бөлу. Апайларға қызыл, сары, көк, түстерді таңдату. Қалған жас ұстаздарғада сондай түстерді тарату.Түстеріне қарай топқа бөлінеді. Топ құрамы төрт адамнан аспауы керек. Жасырынған қағаздардағы тапсырмаларды орындау, көрініс қою. 1) ашық тәрбие сағатына дайындық үстіндесіз. Өлеңді жақсы айтатын оқушыңыз «өлең айтпаймын» деп қырсығуда. Мұғалім мен оқушының әрекеті. 2) Сабақтан кешігіп жатқан оқушыны күткен мұғалімнің әрекеті. Сабақ басталды. Кешіккен оқушының ешқандай құралсыз сабаққа келуі. Оқушы мен мұғалімің әрекеті. 3) Кеше сабақтан қашып кетіп, бүгін ештеңе болмағандай сабаққа келіп отырған оқушылар мен сынып жетекшісінің әрекеті. Мұғалім: Көп-көп рахмет, ардақты ұстаздар. Орындарыңызға отыруға рұқсат.Ән: «Ертегілер елінде»Ілияс: Қалай ойлайсың, оқушылар үздік оқуы үшін не істеу керек? Жұлдыз: Сабақтан кешікпеуі керек, үй тапсырмасын уақытылы орындауы керек, мұғалім айтқанын мұқият тыңдауы керек. Ілияс: Ал нашар оқитын шәкірттеріміз болмауы үшін не істеуіміз керек? Гүлсұлу: Біз ұстаздар сабаққа тыңғылықты дайындалуымыз керек. Дәптер тексеруіміз керек, балалармен тіл табысуымыз керек, сабақ қызықты өтуі үшін слайд жасау керек, жоспар толтыру керек, қысқасы жұмыс өте көп, мұның бәріне қалай үлгереміз? Ангелина: Мен директор ретінде оқушыларға тек білім ғана емес, қамқорлыққа, тәрбиеге адамгершілікке баулитын ұстаздарды өте қатты бағалаймын. Сухраб: Мына отырған ұстаздарымыздың барлығы да бағалауға, құрметтеуге лайықты жандар! Бәрі: Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын ұстаздар! Ертегі: «Бауырсақ» Би: «Мектеп вальсі»Қорытынды. Гүлсұлу:Ұстаз мейірімі-Ана мейірімімен пара-пар, Тұла бойға қуат болып таралар. Көп жасаңдар, өмірге шуақ болып, Бас иеміз, ұлағатты ұстаздар! Ангелина: Құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар мен оқушылар! «Ұстаз-ұлы тұлға» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Ұстаздар қартаймасын, қажымасын, Әрқашан өмір жасы ұзақ болсын. Немере, шөберенің бетін сүйіп, Тәңірім бақтан бізді айырмасын,- деп тілек білдіре отырып, ардагер-ұстаздарымыздан тілек ағашына оқушыларға арнап тілек қалдыруларыңызды сұраймыз. Тілек ағашы: Хор: Ұстазым

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)