Материалдар / Ашық тәрбие сағаты"Кітап -сенің досың"

Ашық тәрбие сағаты"Кітап -сенің досың"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға кітаптың шығу тарихы туралы мағлұматтар беріп,кітапты таза ұстауға және ұқыптылыққа,жауапкершілікке ,өз бетімен кітап оқуға әдеби кітаптарды ізденіп оқуға ,кітап шығаруда көптеген адамдардың еңбегі бар екенін бағалай білуге үйрету,сабақтан оқушылар көп нәрсе меңгерді.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы

Қандыағаш қалалық №1 орта мектептің

бастауыш класс мұғалімі Алиманова Гулфара Ермекбаевна

Тәрбие сағаты

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Кітап -сенің досың.

Мақсаты:1) Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру

2) Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілеттерін ,ой-өрісін дамыту,ой қозғау.

3) Оқулықты құрметтей білуге, таза ұстауға,ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап ,ой толғаныс

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: интертақта, слайд, қима қағаздар,плакаттар,шарлар, суреттер,кітап көрмесі.

Сабақ барысы:

1)Психологиялық дайындық.

«Жүректен- жүрекке» жылы лебіздерін білдіру.

Мұғалім:Құрметті ұстаздар,оқушылар!

«Кітап- сенің досың.» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі тәрбие сағатымызды күндегіден ерекше өткелі отыр , сендер кітап туралы не білетіндеріңді ортаға апайларға көрсете білейік .-балалар.

Кітап та алма ағашы

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін , -

деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі,рухани мен тәрбие аламыз.Оқығаның,тоқығаның көп болса жеңбейтін жау,алынбайтын қамал жоқ.Дана халқымыз «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.

Ой қозғау

Жұмбақ шешу.

Көп әңгімем өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Мен де оны жақсы көремін. ( Кітап)

-Кітап неден,қалай жасалады?

- Кітапсыз өмірді елестету мүмкін бе?

-Кітапты қалай ұстау керек?

-Кітапханаларға барып кітаптар алып оқимыз ба?

-Қандай кітап оқығанды жақсы көресің?

Кітап туралы не білеміз?

Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз.

Кітап өмір айнасы,замана сыры,тарих шежіресі,оқу,тәрбие құралы.

Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.

Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. … Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды.

Папирус” кітабы

Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады.Кітап “Папирус”деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып,жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.

Пергамент” кітабы.

Кіші Азиядағы пергам патшалығының шеберлері жануарлар терісінен жазу жазатын жаңа материал әзірледі.Ол сол патшалықтың атымен”Пергамент” деп аталды.Пергаментке , яғни жарғақ теріге жазылған кітаптар дүниеге келді.

Кітап басу цехы .



Түптеу цехы.

Меруерт:Кітап жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді.Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады,одан қағаз шығарады.Содан соң авторлар жазады,суретші сурет салады.Баспахана суреттер мен жазуды басып шығарады. – ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. Бүгінгі әдеби кешіміз бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені – кітапқа арналады.
Перизат:Кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап – ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап – ақылдың кені. Кітап – бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы. Кітап – барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алған, сөйтіп атақты ғалым болған адамдарда дүние жүзінде аз емес.

Бақдәулет:Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі – осы кітаптар.


Айкөркем:Рухани білімнің, рухани мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап» деген құдіреттен тапты. Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған ХХІ ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі –кітап.

Мағынаны тану.

Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.

Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.

Shape1 Сарқылмас қазына





Shape3 Shape2 КІТАП Рухани байлық

Білім көзі

Кітаптар туралы тақпақтарымызды айтамыз.

1-оқушы: Сенім

Тұрады басын құрап әріп неден, 
Басталған білім басы Әліппеден
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит
Оқысақ кітап сырын ашып терең
2-оқушы:Ә зіз

Кітапты оқымайды, сыйламаған, 
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін, 
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
3-оқушы: Айкөркем

Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп, 
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп, 
Береді білім нәрін кітап көктеп.

4-оқушы: Ануар

Кітаптар бейне жапырақ, 
Жырлайтын сырын өмірдің
Оқисың кейде жаттап, 
Көтеріп күйін көңілдің.

5-оқушы: Әділім:
Айдын шалқар кейде бір, 
Кітапты тұнған көл дерсің, 
Ауадай қажет бейне бір, 
Таппасаң нәрін шөлдерсің.

6-оқушы: Нұрхан

Адамның досы кітап, өмір кілті, 
Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі.
Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы, 
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

7-оқушы: Азамат

Елімізде атақты
Ғалым ата не тапты
Бәрін - бәрін көріпті
Оқи берген кітапты.
Білім алар көп адам, 
Жақсы нәрсе жоқ одан, 
Қызыға кеп оқимын
Кітап көрсем жаңадан
8-оқушы: Жансая

Адамның досы – кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

9-оқушы: Асылхан

Кітаптар-бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жаттап ап,
Көтеріп күйін көңілдің.

10-оқушы:Әкежан

Кітаптарды таза етіп сақтаған,
Оқырманға бар білгенін ақтарған.
Аянбайды әрқашанда ел үшін,
Кітапханашы ел үмітін ақтаған.

Бүгінгі тәрбие сағатымызды екі топқа бөліп сайыс түрінде өткізгелі отырмын.

1-топ : «Жас ұлан» тобы

2-топ: «Болашақ» тобы

Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

1.Таныстыру .

2 . «Кім тапқыр?» ойыны

3. Өнер көрсету

4 . «Кім көп біледі?» ойыны

5. Көрініс

6. «Автор орындығы” ойыны

Сайысымызды бастаймыз.

1.Таныстыру

Әр топ өздерін таныстырады.

2. «Кім тапқыр?» ойыны

Жұмбақтар шешіп жарысамыз.Екі топқа бірге жұмбақтар қойылады.

1.Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама (кітап)

2.Бойлаған сайын тереңге
Шығасың биік белеңге (білім)

3.Білімнен мол сый асы, 
Балардың ұясы (мектеп)

4.Білімнің жолбасшысы
Шәкірттің қолбасшысы (мұғалімі)
3. Өнер көрсету

Екі топ өз өнерін көрсетеді.

«Білегіңе сенбе,біліміңе сен». ойыны

1.Кітап пен ғылым –тілсіз .... (мұғалім) 

2.Кітап алтын .... (қазына) 

3.Күш – білімде, 
Білім ... (кітапта). 
4.Кітап - білім бұлағы, 
Білім -.... ( өнер шырағы). 
5.Кітап - қаймақ, білім - .... (оймақ ) 
6.Кітап - оқығандікі, білім .... (тоқығандікі). 

5. Көрініс:

1-топ: «Кітап мұңы.»

2-топ: «Науқас кітап.»

6. «Автор орындығы” ойыны

Екі топтан бір-бір оқушыдан шығып кітап туралы эссе құрастырып оқиды.

Мұғалім: Кітаптарды таза етіп сақтаған,
Оқырманға бар білгенін ақтарған.
Аянбайды әрқашанда ел үшін,
Кітапханашы ел үмітін ақтаған.
«Кітап – рухани қазынамыз», - деп жатамыз.Сол қазынамызды қорғап, қастерлеп, қазіргі балалар әдебиеті туралы библиографиялық шолу жасау үшін мектебіміздің кітапханашысы Айсұлу апайға сөз береміз.(Кітапханашы сөз сөйлейді)


Даналық сөз.
Артық ғылым кітапта,

Ерінбе оқып көруге.

Абай.

Кітап маған тақтан да қымбат.

Шекспир.

Кітап-әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.

Горький.

Есіңе сақта!

1.Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.

2.Кітапты төсекте жатып,ас ішіп отырып оқыма,кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.

3.Кітапты қалай болса солай оқыма.

4.Кітапты жыртуға,сызуға болмайды.

5.Кітапханада шулауға болмайды,өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

Кітап ұстау ережелері:

1.Кітап оқыған кезде бөлменің  ауасын тазартып  жарықтың жеткілікті  болуын қадағалау керек.

2. Кітап жатқан үстел беті мен жарықтың ара қашықтығы 1 метрден кем болмауы керек.

3. Кітап пен көздің ара қашықтығы 35-40 см  және әрбір 45-50 минуттан

соң оқудан үзіліс    жасап отыру керек.

4. Кітапты қалай-болса солай оқымай, оларды белгілі мақсатпен  жоспар бойынша оқуға дағдылану керек.

  5. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқымай, үстелдің үстінде оқу керек.

  6. Кітапты оқығанда ойға сақтауға, керектерін жатқа айта білуге, керекті сөздерді жазып алып, өмірде пайдалануға әдеттену керек.

7.Кітаптағы түсініксіз жерлерді қайта-қайта бірнеше рет ойланып, талдау жасап оқып, оның қиындығын жеңу керек.

  8. Кітаппен қоса Республикалық балаларға арналған басылымдарға: “Ұлан” газеті, “Балдырған”, “Бала би” т.б. журналдарына жазылу керек.

  9. Кітапты үнемі тыстап, ұқыпты, кірлетпей ұстауымыз керек.

 Қорытынды:

Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға ерекше дайындалған екі топқада алғысымызды білдіремін. Кітап туралы көп нәрсе меңгердіңдер, білдіңдер, естідіңдер,ендігі жерде кітапты таза,ұқыпты ұстаймыз.
Мұғалім: Кітапхана - кітаптардың ордасы,
Білсең кітап - нағыз жол басшы.
Біздің ғасыр білімділер ғасыры,
Деп айтқанды Нұрсұлтандай Елбасы ағамыз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге паш ете білу керек»,- деген еді.

Олай болса, құрметті қонақтар, Ұстаздармен бірге отырып балаларыңыздың кітап оқуға ынтасын арттыру мақсатында жұмыс істейік. Кітаппен дос болайық, кітапхана оқырмандары көбейе берсін!-дей келе бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.

Келгендеріңізге көп-көп рақмет! Сау болыңыздар.



























Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №1орта мектеп ММ





Ашық тәрбие сағаты



Тақырыбы: Кітап –сенің досың.





Picture 8





Класс: 3«Б»



Класс жетекшісі: Алиманова Гүлфара Ермекбаевна















































17 Желтоқсан 2017
9136
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі