Асық технологиясы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Асық технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
МАЗМҰНЫ І.Кіріспе бөлім: Асықтың түрлері мен асық ойындары ІІ.Негізгі бөлім: Мектеп жасына дейінгі балаларға асық терапиясының пайдасы Асық технологиясы арқылы баланың ақыл-ойын дамытудың маңызы ІІІ.Қортыныды. Өзектілігі: Қазірге кезде балалар көп ештеңеге қызықпатындықтан, ұмытылып бара жатқан ұлттық мұрамыз асықты жаңғырту. Мақсаты: Асық технологиясы туралы мақалалалар мен танысып, тәжірибе жинақтау; ҰОҚ қолдану арқылы балалардың қиымыл-қозғалыстарын реттеу, кеңістікті бағдарлай білу, көрнекі іс-әрекеттік, көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық ойлауды сатылай қалыптастыру; шығармашылық тұрғыда және сын тұрғысынан ойлауды дамыту; шыдамдылық, сабырлық, бірлескен әрекетті қолдана білуге тәрбиелеу. Заттық-дамытушы ортаны қажетті асықтармен қамтамасыз ету. Міндеті: Мақалалармен таныса отырып асық технологиясы туралы оқып үйрену; Оқып, таныса отырып оны зерделеу; Асық технологисының қолданылуын, оны бояу жолдарын меңгеру; Іс-тәжірибеммен педагогикалық кеңесте, қалалық семинарл
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тилейхан Катила

Тәрбиеші және қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

«Успех- GOLD-8» ЖШС «Асыл бесік» балабақшасы

ШҚО, Өскемен қаласы, ЖМК

Асық технологиясы арқылы балалардың ақыл-ойын дамыту



МАЗМҰНЫ

І.Кіріспе бөлім:

Асықтың түрлері мен асық ойындары

ІІ.Негізгі бөлім:

Мектеп жасына дейінгі балаларға асық терапиясының пайдасы

Асық технологиясы арқылы баланың ақыл-ойын дамытудың маңызы

ІІІ.Қортыныды.


Өзектілігі: Қазірге кезде балалар көп ештеңеге қызықпатындықтан, ұмытылып бара жатқан ұлттық мұрамыз асықты жаңғырту.

Мақсаты: Асық технологиясы туралы мақалалалар мен танысып, тәжірибе жинақтау; ҰОҚ қолдану арқылы балалардың қиымыл-қозғалыстарын реттеу, кеңістікті бағдарлай білу, көрнекі іс-әрекеттік, көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық ойлауды сатылай қалыптастыру; шығармашылық тұрғыда және сын тұрғысынан ойлауды дамыту; шыдамдылық, сабырлық, бірлескен әрекетті қолдана білуге тәрбиелеу. Заттық-дамытушы ортаны қажетті асықтармен қамтамасыз ету.

Міндеті:

  • Мақалалармен таныса отырып асық технологиясы туралы оқып үйрену;

  • Оқып, таныса отырып оны зерделеу;

  • Асық технологисының қолданылуын, оны бояу жолдарын меңгеру;

  • Іс-тәжірибеммен педагогикалық кеңесте, қалалық семинарларда бөлісу және оны қолданысқа тарату;

  • Асық технологисының балбабақшадағы балаларға 5 салада қолданылуын талдау;

  • Заттық-дамытушы ортада жинақтап, оны ҰОҚ қолданысқа енгізуді ұйымдастыру;

  • Балаларға ойналу жолын көрсету;

  • Жиі қолданысқа енгізу арқылы балаларды машықтандыру;

  • ҰОҚ және ойында қолданылған асық технологиясын жүйеге келтіру.


І.Кіріспе бөлім

Қазақ халқы – әлемдегі ең ғажап халық. Қазақты әлем халқына ғажап халық екенін танытып тұрған ол – біздің ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүр, әдет-ғұрып пен мәдени мұраларымыз, тіліміз және ұлттық қолөнер мен ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз ұлтымыздың қадір-қасиетін, ой-өрісін танытатын салт-дәстүрімізге, қазақтың мәртебесін көтеретін мұраларымызға құрметпен қарап, оларды қастерлеу – баршамыздың міндетіміз.

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі – «ұлттық ойындар» . Сол ойындардың бірі – асық.

Мектепке дейінгі ұйымда балаларды дамыту, білім беру, тәрбиелеу мақсатында қолданылып келген педагогикалық технологиялар жеткілікті. Дүние жүзінде және елімізде қолданыста болып, балабақшадағы педагогикалық процеске ұлттық ойындарды кірістіру үрдіске айналып келеді.

Асық –ойыны  сол бай салтымыздың бір дәстүрі.

Ертеде қазақ  халқы асықты бала кезінде қолына алып, жас кезінен бастап ойнай бастайды. Тіпті сәби дүниеге келмей жатып, жас нәрестеге арнап асық жинайтындар да болған. Асық тұла бойы құдіретке тұнған күш іспетті. Сол себептен де бақсы-балгерлер асық арқылы болашаққа болжам жасаған. Ол әу баста ежелгі түріктердің арасында кеңінен тараған. Сондай-ақ асықты «Астралаг» деп ежелгі Грецияда, «Талус» деп ежелгі Римде салт-дәстүріне нақышталған ойын ретінде санап әрі насихаттаған. Алайда, асықты қазақтың ұлттық ойыны деп санағанмен, мұны Орта Азия халықтары, оның ішінде қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік т.б. ұлттар да әлі күнге дейін ойнап келеді. Асық ойындарының тәрбиелік мәні зор.

Асықтың түрлері мен атаулары

Алшы –асықтың иірілгенде табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған аса мән беріледі. Ол — бірінші дәрежелі асық.

Тәйке— асықтың иірілгенде табаны үстіне қарап, тұрық төмен қарап түсуі. Ол — екінші дәрежелі асық.

Бүге ( Бүк ) -асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие.

Шіге ( Шік ) — асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.

ІІ.Негізгі бөлім

Асық неліктен терапияға жатады? Сөздіктерде терапия – медицина ғылымында аурулардың себептері, даму барысы, оларды анықтау, емдеу және олардың алдын алып, сақтану әдістерін зерттейтін сала. Арттерапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. Арттерапия‖– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде кеңiнен тараған. Педагогика ғылымындағы теориялар мен тәжірибелерді негізге ала отырып, бүлдіршіндерді тәрбиелеуде асық терапиясының баланың денсаулығына тигізетін пайдасын көрсету мақсаты көзделді.

Былтырғы 2022-2023 оқу жылында ең алдымен асықтар туралы мақалалармен таныстым. Одан кейін асықтарды жинастырып, асық жинасуға ата-аналарымды да тарттым. Одан кейінгі кезекте асықтарды бояу технологиясын меңгеру керек болды. Сол себепті қажетті мақалаларды оқып, білмегенімді үлкендерден сұрастырып асықты қолданудың өзіндік ережесі болатындығын ескеріп, негізгі түстерді басты назарға алдым. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін түстер ең маңызды рөль атқаратындықтан, боялмаған асықтарымды негізгі 4 түске боядым. Боялмаған асықтардан гөрі боялған асықтармен ойнау балалардың қызығушылығын арттырғаны сөзсіз. Одан әрі асыққа қажетті материалдармен толықтыруды бастадым.

Әдістемелік кеңесте, қалалық семинарда іс-тәжірибеммен бөлісітім. ҰОҚ-де және ҰОҚ-нен тыс уақытта ұйымдастыру жұмыстарын бастап кеттім.

Асық технологиясын негізге ала отырылып, балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп балаларды жан-жақты дамыту мақсатында  оқу іс-әрекетінде пайдаландым.

  • Әлеуметтік сала бойынша үлкен мен кіші бір-біріне қамқор болып ойнаса да, құрдас пен құрдас бір-біріңе бәсекелесіп ойнаса да, үлкен мен кіші бір-бірін сынай ойнасаң да әбден болады. Жүгіреді, секіреді, көздейді, тигізеді, ерегеседі, жеңеді, жеңіледі, ұтады, ұтылады, асыққа бай болады. Таза бәсеке, таза тәрбие. Өтірігі, арамдығы, жалғандығы жоқ. Болмайды да. Міне, асық ойнының кереметі деп осыны айтамыз.

  • Таным саласы бойынша математика оқу іс-әрекетінде  кеңістікті бағдарлау мақсатында қолдануға болады. Асықты бар ынта жігерімен ойнаған балалар жан-жақты дамыған. Асықпен ойнаған баланың зейіні тұрақталады, логикалық ойлау қабілеті  дамитын болады.

  • Балалардың саусақ буындарына өте пайдалы, ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтармен жұмыс жасау арқылы саусақтары иілгіш болып жаттығады. Мұның бәрі баланың қиялы мен ойын ұшқырлығын, зейінін жан-жақты дамытады.

  • Асық терапеясы балалардың қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөздік–логикалық ойлауды сатылай қалыптастыру, санау, құрастыру, асық үстінен жүру, математикалық логикалық тапсырмаларды шешу сияқты әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын көрсете аламыз.

  • Денешынықтыру сабағында асық ойыны ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Асық ойыны – өзінің түрлеріне қарай баланың  күш-жігерін арттырып, мергендігін, шапшаңдығын, ептілігі мен қырағылығын жетілдіреді. Бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын асық ойынының түрлері жас баланың намысын жанып, «қатарымнан озсам» деген талпынысты бойға қасиет қылып сіңіреді. Асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады. Үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады. Балаларды ұлттық ойындарды ойнау барысында шапшаңдылыққа, ептілікке, бір-бірін сыйлауға, өз ойын еркін жеткізе алуға баулимыз. Асық ату ойыны арқылы көз жітілігін, мергендікті дамытып, ұстамдылық пен шыдамдылыққа тәрбиелейміз. Асықтан құрастырылған инновациялық тақтайшалар мен массажды қолғаптар арқылы бала денсаулығын шыңдаймыз.

  • Қатынас саласы бойынша дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратуға, олардан ойнай отырып сөздер құрастыруға болады. Жанындағы өзі қатарлы балалармен бірге ұйымшылдығы мен тіл байлығын дамытады, сөздік қоры артып, тілі дамиды. Дыбыстарын есту арқылы дыбыстауды үйренеді.

  • Шығармашылық саласы бойынша шығармашылық ойлауға, сабырға, бірлесе әрекет етуге тәрбиелейді. Мазмұнды ойындар, жаттығулар құрастырып, оқыту барысында ән айту кезінде қолданылады

Одан әрі оны іс жүзінде қолдандым.

  • 1. Асықпен із салу Балалар түрлі – түсті бояуларды асықты қолдану арқылы пайдаланады. Бұл жерде балалар санына байланысты төрт – төрттен бірнеше топқа бөлінеді, әр топқа тиесілі түс пен шеңбер сызылған парақшалар беріледі. Балалар парақшада берілген шеңбердің ішіне асықты бояуға малу арқылы парақша бетіне нүктелер түсірулері тиіс. Бұл әрекет осылайша бірнеше рет қайталанады. Нәтижесінде парақ бетінде әр балада әртүрлі бейне пайда болады. Балалар үшін бұл жасырын пайда болған бейне, қызы

  • қты әрі сиқырлы сәт болады. Мұндай әдісті қолдану балалардың саусақ  моторикасын дамытумен қатар, баланы берілген тапсырманы таза әрі ұқыпты орындауға баулиды.

  • 2. Қағазда қанша тор, сонша асық. Бұл әдіс асық және фетрді қолдану арқылы жасалынады. Фетр торкөз дәптер беттері сияқты шаршыларға теңдей бөлінген. Балалар фетрде қанша дөңгелек, шаршы немесе үшбұрыш тізілсе сонша асықты тізе білуі тиіс. Тапсырмаға мұқият мән бере отырып, ойланып орындайды. Тапсырма бойынша фетр әр шаршының ішіне асықты дұрыс орналастыра білуі шарт.

  • 3. Асық ату ойыны. Асық ату ойынында балалардың мергендік, шымырлық, икемділігі дамиды. Жалпы тірек-қимыл қозғалысына оң әсерін тигізеді. Бұл жерде бір ескере кететін жай балалар кішкентай болғандықтан, ойнауға ыңғайлы етіп сақа асықтарды алдым.

  • 4. Асықтармен ән айту.

Асық, асық көп асық,

Қызыл, сары, көк асық,

Асықтарды алайық,

Ат жарысын салайық.

  • 5. Асықпен құмда сурет салу. Балалар құмның үстіне асықпен түрлі мазмұнды суреттер сала отырып, нені бейнелегендерін айтып береді. Ойнай отырып құмға асықпен сурет салу бала үшін қызықты, әрі пайдалы. Баланың ұсақ моторикасымен қатар бейнелеуге деген қызығушылығы артады, қиялы дамиды және өзінің ойымен салынған бейнені өз сөзімен түсіндіру барысында сөздік қоры молаяды, өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады.

  • 6. Асықтарды сурет бетіне бейнелеу. Асықтарды тақырыпқа сай суреттердің бетіне қоя отырып, бейнелеу. Бұнда әрине балаң ең бастысы саусақпен жұмыс істейді. Сонымен қатар не бейнеленгендігін айта отырып, сөздік қоры артады. Қиялдай отырып, осыған сай өзі бейнелер құрайды.

Ал, ендігі биылғы 2023-2024 оқу жылына алға қойған мақсатым ересек топтармен төмендегі жұмыстарды атқару.

  • Ересек топ Мозаика. Балалар жеке – жеке отырғызылады. Оларға асықтан жасалған белгілі бір бейнеленген пішін беріледі. Пішінді балалар дәл сондай қалыпта боялған асықтармен құрастырып шығулары тиіс. Бұл тапсырма балалардан ұқыптылық пен мұқияттылықты талап етеді. Тапсырманы орындау барысында балалар пішіннің көлемімен қатар, оның ішінде берілген түстерден жаңылмауы тиіс. Ересек топтары үшін тапсырма қызықты әрі өте пайдалы. Баланың логикалық ойлауы, көзбен көру арқылы есте сақтау қабілеттері артады және бір – бірімен бәсекелесіп орындау барысында шапшаңдылыққа тәрбиеленеді.

  • Тақтайшаны әсемдеу. Балаларды үш-үштен топқа бөліп отырғызып, мозайка тақтайшасына әр түрлі түске боялған пішіндер, ал қасына түрлі-түсті бояулардағы асықтар беріледі. Балалар осы берілген пішіндерге боялған асықтардың ішінен пішінді ашатындай түс таңдап, көлеміне сәйкес тізіп шығуы тиіс. Тапсырманы орындау барысында баланың эстетикалық талғамы мен шығармашылық қабілеті дамиды. Ересек топтағы балалар үшін бұл оңай тапсырма болмағанымен, балалар бұл тапсырманы қызыға орындайды.

  • Асықтан жасалған өрнекті жолмен жүру. Дене шынықтыру оқу іс-әрекетінде тақтайшалармен жүру арқылы балалардың аяқ-қол еттері қатаяды, жұмысқа қабілеттілігі артады. Қимыл-қозғалыс координациясы артып, қол мен аяқтың бірлескен қимылы дамиды. Табандағы жүйке нүктелері арқылы ойлау қабілеті дамып, психикалық процестердің алдын алады. Жалпақ табандылықтың алдын алынып, ең бастысы балалардың дұрыс жүру дене бітімі артады.

  • Дауысты және дауыссыз дыбыстарда қолдану. Артикуляциялық ерекшелігіне байланысты дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні туралы түсінік беру; Есту, айту арқылы дыбыстарды түрлеріне қарай ажырата білуге үйрету.

 ІІІ. Қорытынды

Қорытындылай келе, ойнай бiлген адамға асықтың пайдасы орасан зор екендігін байқадық. Балабақшада асық технологисын мектепке дейінгі балаларға 5 дағдыда қолдана отырып, төмендегі нәтижеге қол жеткіздік. Асық ойыны жоғарыда келтірілген дәйектер бойынша балаларды мергендiкке, ептiлiкке баулыды, сауаттылыққа, саусақ және тірек-қимыл қозғалыстарын жетілдірді, логикалық ойлауын дамытты, сөздік қорын байытуға мүмкіндік тудырды.

Сондықтан да биыл да

  • Денешынықтыру сабағында, сабақтан тыс уақытта ұлттық ойын ойнатуды жалғастыру;

  • Қатынас саласында дауысты және дауыссыз дыбыстарды үйрету, асықтардан сөздер құрауды үйрету;

  • Шығармашылық саласында асықты қолдана отырап, ән айту және сурет сабағында суретті өрнектердің үстіне қою арқылы композициялар жасауды жалғастыру;

  • Таным саласында «Ойнай отырып, ойлан» тақырыбы бойынша балалардың логикалық ойлауын қалыптастыру;

  • Әлеуметтік саласында жоғарыда аталғандардың барлығын қамти келе балалардың бір бірмен әлеуметтенуін одан әрі жетілдіру;

  • Заттық-дамытушы ортаны асықтармен толықтыруды жалғасыту.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2023
738
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі