Ашық ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті "Мақта қыз бен мысық"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті "Мақта қыз бен мысық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған ашық сабақ. Балалардың ертегілердің кейіпкерлері,дала және үй құстары мен үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Оларды бір-бірінен ажырата алуға, төлдерін атауға үйрету. Олардың адамға беретін пайдасын білуге дағдыландыру. Берілген заттарды ауызша естіп, оларды бір сөзбен атауға үйрету. Балаларды сұраққа жауап беруге, мейірімділікке, жаңашырлыққа, жұмбақты шешуге, өз ойларын айтып, жеткізе білуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы Күні: 12.05.2017 жыл

Тәрбиеші: Нұғманова Б.Т.

«Еркетай» тобы

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас»

Кіші сала: «Жаратылыстану» , «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Мақта қыз бен Мысыққа достасуға көмектесеміз»

Мақсаты:Жыл бойы алған білімдерін көрсету.Жыл мезгілдері, ай аттары мен апта күндерін дұрыс атай білуге үйрету. Тәулік бөліктерін дұрыс айтуға үйрету.Балалардың ертегілердің кейіпкерлері,дала және үй құстары мен үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Оларды бір-бірінен ажырата алуға, төлдерін атауға үйрету. Олардың адамға беретін пайдасын білуге дағдыландыру. Берілген заттарды ауызша естіп, оларды бір сөзбен атауға үйрету. Балаларды сұраққа жауап беруге, мейірімділікке, жаңашырлыққа, жұмбақты шешуге, өз ойларын айтып, жеткізе білуге үйрету

Билингвалды компонент: тышқан-мышь, көктем-весна, тауық-курица, ағаш-дерево, сиыр-корова, үй жануарлары-домашние животные.

Іс- әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Дәлелдеп талаптану




Шаттық шеңбері: Балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендер сондай әдемісіңдер, сондай көңілдісіңдер. Ендеше күніміз көңілді, достықта өтсін деп, бір-бірімізбен қол ұстасып шаттық шеңберін құрып, көңіліді күйімізді сыйлайық.

Арайланып таң атты.

Күн шуағын таратты

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Қайырлы күн, достарым!

Жылуыма жылу қос,

Бәріміз болайық дос


Ұйымдастырушылық ізденіс


















Тосын сый: 
Есік қағылады. Мақта қыз бен мысық кіреді. Мысық тәрбиешімен, балалармен амандасады.
- Сәлеметсіздер ме, Мақта қыз бен мысық. Сендерге не болған, неге ренжулі жүрсіңдер? 

Мақта қыз: Мысық менің сүтімді төгіп тастады.

Мысық: Ал, Мақта қыз менің құйрығымды кесіп алды. Ол менің құйрығымды өзіме бермейді.

Мақтақыз: - Балалар мысық менің айтқан тапсырмаларымды орындау керек, әйтпесе мен оның құйрығын бермеймін.

Мысық: Балалар, мен жалғыз өзім орындай алмаймын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: - Балалар мысыққа көмектесеміз бе, Мақтақыздың тапсырмасын орындаймыз ба? 
- Ал, енді балалар, Мақтақыздың тапсырмаларын орындау үшін ертегіні есімізге түсірейік, олай болса теледидарға назар аударамыз. 
/теледидардан ертегі кейіпкерлерін тамашалап, естеріне түсіреді./ 

- Өте жақсы балалар. 

Балалар енді бірінші тапсырманы бізге кім беретінін көрейік, ол үшін сендер жұмбақтың шешуін табыңдар.

Өзі егін екпейді, 
Егістен ұзап кетпейді. 
Қарны тоқ, қайғысы жоқ, 
Мысық қуса жетпейді. 

Әрине тышқан

Тышқан-мышь

Сендер тышқанды көріп тұрсыңдар ма? Кәне тышқанға жақындап оның тапсырмасын орындайық.

1-тапсырма: «Сұрақ-жауап»

Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем-весна

Көктемде қандай өзгерістер болады?

Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

Бір жылда неше ай бар?

Күз айларын кім айтады?

Қыс айларын кім айтады?

Көктем айларын кім айтады?

Жаз айларын кім айтады?

Бір аптада неше күн бар?

Апта күндерін атап беріңдер?

Тәулік бөліктерін ата?

Жарайсыңдар балалар, біз тышқаннан тарыны алып келесі тапсырманы орындау үшін кімге барамыз? Әрине тауыққа. Тауықты көріп тұрсыңдар ма?

Тауық-курица

Балалар тауыққа жақынырақ тұрып келесі тапсырманы орындауға кіріседі.

2-тапсырма: «Үй құстары мен дала құстарын ата»

Жарайсыңдар, балалар бұл тапсырманы да жақсы орындап шықтыңдар. Келесі тапсырманы орындамай тұрып, сендермен тілімізді жаттықтырып алайық.

Тіл ұстарту жаттығуы:

Ық ық ық

Жұмыртқа берді тауық (2-3 рет қайталау)

Сергіту сәті: «Қазым-қазым қаңқылда»

-Қазым, қазым, қаңқылда!

Суда жүзіп салқында.

Жем шашайын-жейсің бе?

Әлде кәмпит бер дейсің бе?

-Жоқ,

-Жоқ.

Кәмпит тәтті, болмайды ас,

Арпа менен бидай шаш.

Келесі тапсырманы орындау үшін кімге барамыз? Әрине дүкеншіге.

3-тапсырма: «Бір сөзбен ата»

Тәрбиеші слайд арқылы заттарды көрсетеді, балалар соны бір сөзбен атайды.

Алма,алмұрт,жүзім,лимон-жемістер

Кереует,теледидар,диван-жиһаздар

Көйлек,жейде,шалбар-киімдер

Мәшине, шелек, мұнара-ойыншықтар

Сәбіз,қияр,қырыққабат-көкөністер

Маса, қоңыз, көбелек, құмырсқа – жәндіктер

Шие, жүзім, таңқурай, құлпынай – жидектер

Шырша, қайың, қарағай, емен - ағаштар

Жарайсыңдар, сағызды алып қыздардың тапсырмасын орындайық

4-тапсырма:

Ертегі кейіпкерлері қандай ертегіден екенін табу

Енді суды алып ағашқа берейік.

Ағаш-дерево

Балалар біз ағаштың тапсырмасын орындай аламыз ба?

5-тапсырма «Сергіту сәті»

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Үлкен болып өседі

Ағаштан жапырақтарын алып сиырға келеді.

Сиыр-корова

6-тапсырма: «Қандай үй жануарларын білесің? Оларды атап, төлдерін тап»

Үй жануарлары-домашние животные

Тәрбиеші экраннан үй жануарларын бір-бірден көрсетіп атауларын сұрайды. Кейін оларды бір сөзбен қалай атайтын сұрайды.

Мольбертте үй жануарларының суреті тұрады. Жанында төлдерінің суреті. Балалар төлдерін атап, аналарының қасына орналастырады.
Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

Жарайсыңдар, балалар сендер барлық тапсырмаларды орындап шықтыңдар

Мысыққа сүт толған шелекті береді. Мысық сүтті Мақта қызға береді. Мақты қыз Мысыққа құйрығын қайтарып береді. Осылай олар қайтадан достасады.


Балалар Мақта қыз бен Мысықтың келгеніне қуанады.

Олармен амандасады

Мұқият тыңдайды












Мысыққа көмектескілері келетінін айтады


Ия, көмектесеміз


Ия, орындаймыз




Саялы ортаға шығып ертегіні айтып береді.



Балалар жұмбақты тыңдайды


Шешуі тышқан






Тышқан-мышь


Тышқанның тапсырмасын орындауға кіріседі.

Қазір көктем мезгілі

Көктем-весна

Көктемдегі өзгерістер туралы айтады

Бір жылда төрт жыл мезгілі бар

Бір жылда он екі ай бар

Қыркүйек, қазан, караша

Желтоқсан, қаңтар, ақпан

Наурыз, сәуір, мамыр

Маусым, шілде, тамыз

Бір аптада жеті күн бар

Таң, күн, кеш, түн.

Тарыны алып тауыққа келеді

Тауыққа барамыз

Тауық-курица





Балалар үй құстары мен дала құстарын атап, оларды тиісті жерлеріне орналастырады

Тауықтан жұмыртқаны алады

Тіл ұстарту жаттығуын тәрбиешімен бірге жасайды


Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге жасайды









Дүкеншіге барамыз


Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, бір сөзбен атайды





Дүкеншіден сағызды алып қыздарға келеді

Қыздардың тапсырмасын орындауға кіріседі

Ертегілерге байланысты суреттерді қарап, ертегінің атын айтады

Қыздардан суды алып, ағашқа келеді

Ағаш-дерево

Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге жасайды


Ағаштан жапырақтарын алып сиырға келеді.

Сиыр-корова

Сиырдың тапсырмасын орындауға кіріседі

Экраннан шыққан үй жануарларын атайды

Үй жануарлары-домашние животные




Мольбертке жақындап, төлдерін атап, аналарының қасына орналастырады

Үй жануарларының пайдасы туралы әртүрлі пікірлер айтады

Сиырдан сүтті алып,Мысыққа береді. Мысық сүтті Мақта қызға береді.

Мақты қыз Мысыққа құйрығын қайтарып береді. Осылай олар қайтадан достасады.

Рефлекстік түзету

Балалар біз бүгін кімге көмектестік? Тапсырмаларды бізге кім берді?

Біз қандай тапсырмалар орындадық?

Сендерге бүгінгі сабақта не ұнады?

Біз Мысыққа көмектестік

Тапсырмаларды Мақта қыз берді

Балалардың жауаптары тыңдалады

Ия ұнады


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: сұраққа жауап беруге, мейірімділікке, жаңашырлыққа, жұмбақты шешуге, өз ойларын айтып, жеткізе білуге

Түсінеді:Балалардың ертегілердің кейіпкерлері,дала және үй құстары мен үй жануарлары туралы түсініктері

Қолданады:бүгін түсінген білімдерін келешекте қолдана білу

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2018
982
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі