Материалдар / Ашық ұйымдастырылған оқу іс-қызметі тақырыбы: "Күз сыйы"

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-қызметі тақырыбы: "Күз сыйы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек топ балаларына арналған,күз байлығын сезінеді,адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелейді
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады




Өскемен қаласы әкімдігінің № 5 «Арай » балабақша –бөбекжайы КМҚК











Ұйымдастырылған ашық оқу іс- қызметінің технологиялық картасы

Тақырыбы: «Күз сыйы»

«Балдырған» Ересек топ










«Балдырған» ересек тобының тәрбиешісі: Бектұрғанова Ф.Б













Өскемен қаласы, 2019ж


Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Жаратылыстану

Тақырыбы: « Күз сыйы»

Мақсаты: 1. Балаларда қоршаған орта, табиғат өзгерістері туралы түсінік қалыптасқан. Көкөніс пен жеміс-жидектерді бақта және бақшада өсетіні жайлы түсінік қалыптасқан. Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумендері, адам денсаулығына маңызы жөнінде біледі.

Күз байлығын әсемдікті сезіне отырып,сурет бойынша, заттық нәрселерді бақылап, салыстыра әңгімелеп бере алады.

2. Балалардың өз ойларын жүйелі, анық жеткізе алады.ой-өрісі, тілі, сөйлеу мәнері, қызығушылығы, танымы, есте сақтау қабілеттері дамыған.

3.Табиғатты, өсімдіктерді қорғауды, аялауды, әсемдікті сезінеді. күзгі адамдар еңбегін құрметтейді, күзгі байлықты, сыйын бей-берекет шашпай пайдалана біледі.

Сөздік жұмыс: күз су.

Қолданылатын көрнекі кұралдар: демонстрациялық құрал,слайд

Тілдің үштұғырлығы:күз-осень-autumn

Оқу қызмет кезеңдері.


Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Баланың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық




















Ұйымдастырушылық-ізденушілік.





































































































































































Рефлексиялық-түзетуші.

Қонақтармен амандасады

Шаттық шеңбері:

Балалар менің қолымда не бар екен?

- Жапырақ

- Ол қайдан түсті?

- Ағаштан саудырап түсті

-  Түсі, пішіні қандай екен?

-   Түсі- сары, пішіні сопақша

- Бұл жапырақ жай жапырақ емес, сиқырлы…. ендеше осы жапырақты бір-бірімізге сыйлайықшы, мейірімді сөзімізді аямайықшы.

Қуан! Шаттан! Алақай!

Қуанатын келді күн!

Қайырлы таң, қайырлы күн

Күліп шықты күн де бүгін


-Қазір жылдың қай мезгілі?

-  Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-     Күз мезгілінде бау- бақшада нелер піседі?

-Күзді «Жомарт күз» деп неліктен айтып жүреміз?

-   Күзде адамдар қандай еңбек етеді?

-   Күз туралы не білесіңдер?

Тәрбиеші :

—         Мінеки, балалар, күз өте ерекше, жомарт, алтын, тамаша мезгілдің бірі екен.

Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл, жасыл болса, аплқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш түске боялады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқарады.жауын-шашын көбейеді, күн суытады. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Сондықтан адамдар күзді «Жомарт», «Алтын» деп атайды. «Жомарт» сөзі молдықты, дархандықты, мырзалықты білдіреді. Күз- жылдың берекелі мезгілі.


(Күз мезгілі бойынша салынған суретті көрініс бойынша әңгімелеу)

ІІ. Таңғажайып сәт!

Күз падишасының келуі.

-    Балалар бізге қонаққа күз падишасының келді.

- Кәне, сәлемдесейік.

Күз падишасы:

-     Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендер, бүгін тамаша екенсіңдер!Балалар, мен – күз падишасымын . Сонау күз патшалығы елінен келдім. Сендердің «Күзгі сыйы »туралы білетіндеріңді естідім. Әрі күз мезгілін қалай ұнайтындығын байқап көруге келіп тұрмын.

Тәрбиеші:

-Олай болса балалар біз күз падишасын баққа апарсақ қайтеді.Қане балалар баққа бармас бұрын біз мына судан өтуіміз керек.Олай болса маған айтыңдаршы бақта қандай тәртіп сақтауымыз керек?

-      Бақшада не өседі?

-     Бақта нелер өседі ?

-     Көкөкністерге нелер жатады ?

-       Жемістерді ата ?

2. Дидактикалық ойын.     «Жеміс пе, көкөніс пе? »

Мақсаты: Екі себеттегі жемістер мен көкөністер түрлерін ажырытып, бөліп салуға үйрету;

 № 1 – тапсырма     

Сурет бойынша әңгіме құрап, әңгімеге ат қою. Сұрақ – жауап арқылы балалардың сөздік қорын, тілін жаттықтыру.

—         Балалар күз падишасы мына сурет не туралы салынған екенін және оның қалай атауға болатының түсінбей көңілі жабырқанды қане көмектесейікші.

Тақырыбы:            Күз сыйы      

   Мына суретте күз мезгілі бейнеленген. Күз суық бірде ашық болып тұр. Ағашта жапырақтар сарғайып түсіп жатыр. Күзгі бақта қып – қызыл алмалар көп. Балалар күзгі баққа келді. Бағбан атай алмаларды жаздай егіп күзде піскен соң жинап, дүкендерге береді. Балалар атайға көмектесті. Олар ағаштың жоғарғы жағында піскен алманы сатымен мініп жинады. Жерге түскен алмаларды қыздар жәшікке салды. Алмалар доп – домалақ, қып- қызыл өте дәмді екен. Кірпі де өз ініне алманы тасып, қысқа азық дайындауда. Күз мезгілі адамдарға да, жануарларға да өзінің мол сыйымен бағалы.

Сергіту сәті.

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау

2 тапсырма «Жұмбақ жасыру»

     Ендеше, жұмбақтар жасырамын, жауабын айтып, көрсеңдер?

Жұмбақтар

     Үстінде тігіп көк жатыр

Астында қызыл дәу жатыр            (қызылша)

 

Аласа талда алуан-алуан алма

Алөызыл болмай аузына салма     (қызанақ)

 

Қалын киімді үнатады

Шешіндірсен жылатады.                (пияз)

 

Жаздай інге тығылып

Жатқан түлкі түлкіні

Әкелді әкем бір күні

Ол не?                                              (сәбіз)

Тәрбиеші:

-Ал балалар енді тобымызға оралайық сендерге күз падишасының сендерге ала келген тапсырмасы бар екен соны орындап көрейік пе?

Олай болса жапырақтардан көбелек пен алмұрт құрап бере қойыңдар.


Балалар, біз бүгін біраз еңбек еттік. Күз падишасының берген тапсырманы бәрін жақсы орындадындар, бізге күз падишасы көп-көп рахмет айтып жатыр.Олай болса сабағымызды «Жемістер мен көкөністерді ажырат»ойынымен қорытындылайық.

Балаларды мадақтау


-Балалар сендерге қандай тапсырма орындаған ұнады?


Алма пісті, алмұрт пісті,

Күзде бақтар жайнайды.

Құстар қайтып, қош айтысып,

Қимас үнмен сайрайды.

Жемістің бәрі үлкен еңбекпен келеді. Біз оларды күтіп -баптасақ, жемістер бізге мәуесін береді. «Еңбекпен келген жемістін наны тәтті» деген мәтел осыдан шыққан





Балалар шеңбер бойына тұрып қимылын келтіріп қайталайды.








Қуан! Шаттан! Алақай!

Қуанатын келді күн!

Қайырлы таң, қайырлы күн

Күліп шықты күн де бүгін





Күз мезгілі

Күн суытады,жиі-жиі жаңбыр жауады.





Жемістерін,көкөніс

терін жинап алады.





















Салынған сурет бойынша әңгіме құрайды.









Сәлеметсіз бе! Хош келдіңіз!












Иә апрайық







Жемістер,көкөністер өседі.

Сәбіз,картоп,қызанақ

Қияр

Алма,алмұрт,жүзім,

банан,

ананас,шие,өрік


Балалар қызыға ойнайды.




Суретке мұқият қарап әңгіме құрастырады.




Мына суретте күз мезгілі бейнеленген. Күз суық бірде ашық болып тұр. Ағашта жапырақтар сарғайып түсіп жатыр. Күзгі бақта қып – қызыл алмалар көп. Балалар күзгі баққа келді. Бағбан атай алмаларды жаздай егіп күзде піскен соң жинап, дүкендерге береді



















Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау


Жұмбақтың жауабын шешеді


















































Алма пісті, алмұрт пісті,

Күзде бақтар жайнайды.

Құстар қайтып, қош айтысып,

Қимас үнмен сайрайды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін;

Игереді: жемістер мен көкөністер туралы ұғымды

Меңгереді: күздің жомарт мезгіл екенін.

















08 Қазан 2020
1137
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі