БЕКІТЕМІН
ЖШС «Ай-Іскер» мектепке дейінгі
шағын орталығының директоры
____________Молдагалиева Л.Ж.
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы "Ғажайып білім әлемі"
«Күншуақ» ортаңғы тобы
2017-2018 оқу жылы
Тәрбиеші:Алпысбаева М.А.
Семей қаласы

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Әлеумет»
Бөлімі: «ҚМҰҚ», «Жаратылыстану»
Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. .Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс-әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып -алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым-қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: математикалық сандар,геометриялық пішіндер, видио.
Биллингвалды компонент: ақ-белый-уайт, сары- желтый-иелоу, жасыл-зеленый-грин, қызыл-красный-ред, үшбұрыш-треугольник-триенгл, шаршы-квадрат-скуеа, шеңбер-круг-а сиркл.
|
Іс — әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс — әрекеті |
Балалардың іс — әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Сәлеметсіңдерме балалар? «Мейірімді сөздер» : сен әдемісің, сен сүйкімдісің, сен ақылдысың, сен қайырымдысың. |
Сәлеметсізбе! Здраствуйте! Hello. Балалар бір – бірінің ќолдарынан ұстап мейірімді сөздер айтады. |
|
Ұйымдастыру-іздестіру |
1. Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Ғажайып білім әлеміне саяхат». -Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын Мына шарларды ала келдім . -Бір жылда неше мезгіл бар? -Төрт мезгіл. Кәне, атап шығайық. Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді. Мына шардың түсі қандай ? -Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді? Қыс. қыста жер қандай болады (ақ) Сары шарды көрсету Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.(күз) -Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Жер беті сары кілемге ұқсайды. Жасыл шарды көрсету. Бұл түс шөптердің түсі сияқты. -Табиғат көктемде оянып ,жер беті жасыл шөпке толады.. Ағаштар бүршік жара бастайды.(көктем) Қызыл шарды көрсету. -Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.? Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?.(жаз) Есік қағылып Буратино қонаққа келеді. -Сәлеметсіңдерме балалар. Бұл «Ғажайып білім әлемі» ме балалар? -Балалар, мен алтын қақпамның кілтін жоғалтып алып едім, қайдан табатынымды білмей жүрмін, маған көмектесесіңідерме? Музыкамен саяхатқа шығады. Тәрбиеші: балалар міне біз 1-ші аялдамаға да келіп қалыппыз Бұл бірінші аялдама: «Математика» аялдамасы екен Бірінші аялдама бізге мынадай тапсырмалар тапсырыпты: 1-5 ке, дейін санау (үш тілде). Сергіту сәті: Аяқпенен топ-топ-топ Алақанмен хлоп-хлоп Бір –оңға, бір- солға Айналайық кел мұнда. 2-ші аялдама «Геометриялық пішіндер» аялдамасы Бұл аялдама бізге мынадай тапсырмалар тапсырыпты: Геометриялық пішіндердің түрлерін және түстерін атау. Видио көрсетіледі. 3-ші аялдама Логикалық есептер
Мынау ненің суреті? -Қолда қанша саусақ бар? 4- ші аялдама. Балаларды екі топқа бөліп, 1-ші топ тұзды қамырдан пішіндер жасайды. 2-ші топ кілттің суретін құрастырып жабыстырады. Буратино : Алақай, алақай менің кілтім табылды. -Тәрбиеші : Балалар қараңдаршы біз алтын қақпаға да келіп қалыппыз. «Ғажайып білім әлемі» деген осы жер балалар. -«Ғажайып білім әлемі» бізге ең бастысы білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық, Буратиноға кілтін табуға көмектестік. Буратино: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер, көптеген тапсырмалар орындадыңдар. Мен осындай «Күншуақ» тобының тапқыр, ақылды, білімді балаларының барына қуанып тұрмын. Рахмет сендерге. Сау болыңдар. Тәрбиеші: Міне балалар Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Осымен «Ғажайып білім әлеміне» саяхатымыз аяқталды.Енді балалар, тамаша музыка әуенімен мына автобусқа отырып ,бақшаға оралайық. Ән Rain, rain |
Балалар тыңдайды.
4 мезгіл бар Қыс, көктем, күз, жаз
Ақ Қысты, қарды
Ақ болады Күз, сары түс Жасыл түс Қызыл түс, гүлдің бейнесін Жаз мезгілі Жоқ, бұл балабақша. -ия, көмектесеміз. Барлығы қол ұстасып, саяхатқа шығады. Балалар 1-5 –ке дейін үш тілде санайды. Сергіту жаттығуларын жасайды. Пішіндерді атайды Екі құлақ бар Қолдың суреті 5 саусақ бар Пішіндер мен кілтті жасайды. Ән орындайды. |
|
Рефлексивті түзетушілік |
-Бүгінгі сабақ ұнады ма? -Несімен ұнады? -Түстерді, жыл мезгілдерін атайықшы. -Қонаққа кім келді? -Біз саяхатқа қайда бардық? -Қандай тапсырмалар орындадық? -Жарайсыңдар балалар! Бәріміз келген қонақтармен қоштасайық. |
Сұрақтарға толық жауап береді, өз іс — әрекеттерін талдайды. Ақ, сары, жасыл, қызыл. Қыс, көктем, жаз, күз. Буратино келді. «Ғажайып білім әлеміне» бардық. 1-5-ке дейін санадық, пішіндер туралы видио көрдік, қамырдан пішіндер жасадық, пішіндерден кілт жасадық. |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

шағым қалдыра аласыз