Материалдар / Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "1001 мақал, 101 жұмбақ" /сайыс/
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "1001 мақал, 101 жұмбақ" /сайыс/

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл сайыс мектепалды даярлық топтары мен сыныптарына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2018
457
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

42 Е.Қашағанов атындағы орта мектеп







СShape1

«1001 мақал, 101 жұмбақ»

АЙЫС САБАҚ

























0 «Ә» МАД тобының тәрбиешісі: Танабаева Гулзат Сәкенқызы











2017 – 2018 оқу жылы

Тақырыбы: «1001 мақал, 101 жұмбақ»

Мақсаты: балаларды алғырлыққа, тапқырлыққа баулу, ой-өрістерінің дамуына ықпал ету, ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: АКТ, слайд, түрлі суреттер


Барысы.

Құрметті ұстаздар мен балалар! Біздің «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Алдымен сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ-қазы апайларымызды сайлап алайық:

1.Бастауыш бірлестігінің жетекшісі: Оңалбаева Айгул апай

2.Бастауыш сынып мұғалімі, беделді ұстазымыз: Рыскелді Гүлжихан апайымыз болсын.

Енді сайыстың шартымен таныстырып өтейін:

Алғашқы айналым: «1001 мақал» деп аталады. Ойынға 3 бала қатысады.

Олар:

1.Бахридан Қарақат

2.Әбләшім Арай

3.Қайтбек Мирас

Ойын 3 турдан тұрады.

1-тур: парта үстіне теріс жағына қаратылып 3 қағаз қойылады. 3 тақырып жазылған. Үш ойыншы келіп бір-бір қағаздан алады. Сол алған тақырыбы бойынша 5 мақалдан айтып беруі қажет. Бұл тақырыптар алдын ала үйге берілген болатын, дайындалып келуі үшін.

Ол тақырыптар:

І.Денсаулық.

1.Денсаулық – зор байлық.

2.Әуелгі байлық – денсаулық,

Екінші байлық – ақ жаулық,

Үшінші байлық – он саулық.

3.Дені саудың – жаны сау.

4.Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

5.Тәтті – дәмді мың болар, денсаулық деген бір болар.

6.Жарлының байлығы – денінің саулығы.

7.Денсаулықпен тең түсер – досың жоқ.


ІІ. Отан.

1.Отан – оттан да ыстық.

2.Отан – отбасынан басталады.

3.Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

4.Ер туған жеріне,

Ит тойған жеріне.

5.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.


ІІІ. Өнер

1.Өнер алды – қызыл тіл.

2. Өнер – өнерліге ғана оңай.

3. Ел іші – өнер кеніші.

4. Өнерліден өнеге.

5. Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

6. Өнер табу – өрге шабу.

(Аз айтқан бала ойыннан шығып отырады)


2-тур: «Мақалды жалғастыр ...» деп аталады. Шарты: тәрбиеші мақалдың бірінші бөлігін айтады, ал ойыншы жалғасын тауып айтуы керек.

1.Үлкенге – ізет,

(Кішіге – құрмет)

2.Екі қолға – (бір күрек)

3.Көңіл нәзік – (сөз батыр)

4.Ауласы бірдің,

(Ауасы бір)

5.Ақыл азбайды,

(Білім тозбайды)

6.Сәлем – сөздің (анасы)

7.Ұстаздық еткен жалықпас,

(Үйретуден балаға)

8.Ауырып ем іздегенше,

(Ауырмайтын жол ізде)

9.Мектеп – кеме,

(Білім – теңіз)

10.Балалы үй базар,

(Баласыз үй мазар)

11.Ас атасы – (нан)

12.Денсаулық – (зор байлық)


3-тур: «Көрермендер көрімдігі» (көрермен болып отырған балаларға мақалдар жасыру)

1.Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

2.Отан – оттан да ыстық.

3.Ғылым – теңіз, білім – кеме.

4.Әке – асқар тау.

5.Әкеге қарап – ұл өсер,

Шешеге қарап – қыз өсер.

«Көрермендер көзайымын» марапаттау және «1001 мақал» сайысының жеңімпазын марапаттау.

Келесі айналым: «101 жұмбақ» деп аталады. Ойынға 4 бала қатысады.

Олар:

1.Оңғарбаева Амина

2.Нәметқұл Әсет

3.Әнербек Ұлағат

4.Сағындық Дильназ

Ойын 4 турдан тұрады.

1-тур: «Ыммен түсіндір» деп аталады. Тақтада теріс жағына қаратылып 4 сурет ілініп тұрады. Әр ойыншы бір-бір суреттен алады. Бір-біріне көрсетіп қоймаулары керек. Сол түскен суретті бір-біріне ыммен көрсетеді. Қалған ойыншылар ол не зат екенін табулары керек. Аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.

2-тур: «Ойлан, тап» деп аталады. Тәрбиеші жұмбақ жасырады, ал ойыншылар сол жұмбақтардың шешуін табуы қажет. Бұл жерде де аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.

Жұмбақтар:

1.Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос жаран. (42 әріп)

2.Төрт қырлы, өзі аппақ,

Тақтадағы ізі аппақ. (Бор)

3.Қате жазып жаңылсаң,

Тазалайды ол барын сап. (Өшіргіш)

4.Тілі жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде. (Қалам, қарындаш)

5.Ілулі тұр кең дала,

Керегімді мен одан

Жазып алам көшіріп,

Сүртем сосын өшіріп. (Тақта)

6.Сансыз ойлар бетінде,

Сайрап жатыр бар тілде.

Керекпін мен әр күнде

Өшпейді бір әрпімде. (Кітап)

7.Күнде есебін жаттайды,

Ешбір тыным таппайды.

Алмайды бір тағат,

Оның аты ... (Сағат)

8.Тоғыз белбеу,

Қос жібек (Домбыра)

9.Иректеп еденді,

Иреңдеп келеді.

Шаң менен тозаңды

Қылғыта береді. (Шаңсорғыш)

3-тур. Қалған 2 ойыншы өздері жаттап келген жұмбақтарын бір-біріне жасырады. Аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады.

1-ойыншыға берілген жұмбақтар:

1.Үй бағады үрмейді (құлып)

2.Бес ін, бес іннің аузы бір ін (қолғап)

3.Өзі кірді ашады,

Бірақ судан қорқады. (сабын)

4.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап)

5.Суға батпайды,

Отқа жанбайды. (мұз)

6.Жазда да, қыста да,

Өзгермейтін бір түсте. (шырша)

2-ойыншыға берілген жұмбақтар:

1.Ашылып жабылады,

Әр үйден табылады. (есік)

2.Терісі – сары,

Еті – дәрі. (лимон)

3.Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Атылады оғы жоқ. (жылан)

4.Жұрттың бәрі сүйеді,

Бірақ қарай алмайды. (күн)

5.Тістейтін аузы,

Ұстайтын қолы жоқ. (аяз)

6.Ақтығы – қардай,

Дәмі – балдай. (қант)

4-тур: «Көрермендер көрімдігі». (көрермен болып отырған балаларға жұмбақтар жасыру)

Жұмбақтар:

1.Бойы бір қарыс,

Сақалы қырық қарыс. (жүгері)

2.Темір тілді,

Күміс үнді. (қоңырау)

3.Қос күрекпен еседі,

Су көлігі деседі. (қайық)

4.Мен жүгірсем, ол да жүгіреді. (көлеңке)

5.Жасыл ине киімім, жайлаймын тау биігін. (шырша)

6.Әрі қызыл, әрі тәтті,

Жеген жанды таңырқатты. (қарбыз)

7.Алыстағы қоянды,

Алдыңа әкеліп қояды. (дүрбі)

8.Көзі жасты, тұра қашты. (бұлт)

«Көрермендер көзайымын» марапаттау және «101 жұмбақ» сайысының жеңімпазын марапаттау.

Енді сөз кезегін сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасына берейік.

Мінеки, осымен бүгінгі «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты сайысымызда өз мәресіне жетті. Сайысымызды көруге келген ұстаздарымызға айтарым: алтындай қымбат уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін рақмет.

Сайысқа қатысқан барлық ойыншыларға алғысым шексіз, ойыннан жеңілсеңдер де, өмірден жеңілмеңдер деп айтқым келеді. Ал екі жеңімпазымызды бүгінгі жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын!

Тек жақсы күндерде кездескенше сау саламатта болайық!







































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!