Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі, "Балалар музыкалық аспаптар ансамблі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі, "Балалар музыкалық аспаптар ансамблі"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өтпелі тақырып : «Салт дәстүрлер және фольклор»

Тақырыбы: «Балалар музыкалық аспаптар ансамблі»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі : Музыка

Мақсаты: Балалар музыка аспаптарын таниды , дыбыстарын ажырата біледі музыкалық аспаптарға деген қызығушылығы артады. Оларды дыбысынан ажырата біледі және музыкаларды тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын қалыптастырады. Балалар музыкаға деген сүйіспеншілігі артады , музыканы мінезіне қарай  қабылдауға, есте сақтауға үйренеді.


Қолданған технологиялар: Денсаулық сақтаушы, музыка терапия, артикуляциялық гимнастика, АКТ


Көрнекіліктер: музыкалық аспаптар, теледидар , слайд, музыкалық аспаптардың суреттері  ж. т. б.

( 1- 4 слайдтар)


Ашық оқу- қызметінің барысы:


І. Мотивациялық қозғаушы күш

(5 слайд)             

(Балалар көңілді әуенмен залға кіреді, ортаны айналып шығып шеңбер жасап тұрады).



Музыка жетекшісі, балалардың қолдарынан ұстап: Балалар қараңдаршы, сендер қайда келдіңдер?

Балалар: Музыка залына.

Музыка жетекшісі:  Бүгін бізде ерекше сабақ, көп қонақтар  келіп отыр. Ендеше бәріміз қонақтармен әуенмен амандасайық.

Музыка жетекшісі: Сәлеметсіздер ме балалар

Балалар: Сәлеметсіздер ме қонақтар !

( 6 слайд )       

Музыка жетекшісі: Балалар музыка оқу- қызметінде біз не үйренеміз?

Балалар: Ән айтуды, әуен тыңдауды, би билеуді, музыкалық аспаптарда ойнауды үйренеміз.

Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар!



ІІ. Іздену-ұйымдастырушы кезең.

( 7слайд)              

Музыка жетекшісі: Балалар бүгін мен сендерді музыкалық аспаптарымен ансамбль ойнауға шақырамын. Балалар ендеше музыкалық аспаптарға түрлі қимылдар жасай жүріп барамыз. 

(жаттығулар жасап барады)

Шеңбер бойымен жүреді:

1. Қол жоғары, аяқтың ұшымен.

2. Қол белде, өкшемен.

3. Жеңіл жүгіріс.

Келдік балалар, тынысты реттейік.

( 8 слайд) Тыныс алу жаттығу «Гүл»


( 9 слайд) (Теледидарда жабулы перденің бейнесі тұрады.)



Музыка жетекшісі: Балалар,  алдымен қандай балаларға арналған музыка аспаптар бар  екенін анықтап алайық. Перденің артынан ойнаған музыкалық аспаптың дыбысын ажыратып , қай аспап екенін мына суреттерден тауып , тақтаға ілулерің керек. Тек қол көтеріп жауап береміз.Түсінікті ме балалар?

Балалар: Жақсы, түсінікті!

Видео слайд №1

Ойын: «Музыкалық аспаптарды тап»

Музыка жетекшісі: Жақсы балалар! Сендер барлық музыка аспаптарын дыбысына қарай ажыратып, аттарын атап таба білдіңдер. Енді біздің ансамбль ойнауымызға болатын шығар. Қане, аспаптарға назар аударайық.

ІІІ. Негізгі бөлім.

(11 слайд) (Аспаптар суреттері)


Музыка жетекшісі: Балалар,  қараңдаршы, кейбір аспаптар бізден тығылып тұрған сияқты . Олар қандай екен балалар?

(12 слайд)

Видео слайд №2 ( Сазсырнай , Шаңқобыз )

Балалар: (Дыбыстарын тыңдайды жауап береді ) Сазсырнай , шаңқобыз.

Музыка жетекшісі: Олардың өз айтарлары бар шығар, тыңдап көрейікші?

Видео слайд №3 Шаңқобыз

Шаңқобыз : Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен билегенді жақсы көремін, сендер маған билеп бересіңдер ме?

Музыка жетекшісі: Балалар, шаңқобызға билеп береміз бе?

Балалар: Билейміз!

Музыка жетекшісі: Ендеше «Достық» биін билеп берейік.

( 14 слайд)

Би «Полька»А. Филиппенко

(балалар екі екіден қол ұстасып тұрады)  (Музыка ырғағымен балалар муз.жетекшінің артынан қайталап билейді.)


Музыка жетекшісі: Қараңдаршы балалар, шаңқобыз өте риза болып тұр.



Музыка жетекшісі: Келесі қандай аспап екен ?

Балалар: Шаңқобыз аспабы.

Музыка жетекшісі: Дұрыс, оныңда айтары бар сияқты, тыңдайық!

Видео слайд №4 (Сазсырнай)

Сазсырнай :Сәлеметсіңдер ме балалар? Маған әсем ән орындап берсеңдер, мен сендермен ансамбль ойнауға шығамын!

Музыка жетекшісі: Балалар сазсырнайдың шартын орындаймыз ба?

Балалар: Орындаймыз.

Музыка жетекшісі: Ендеше барлығымыз «Достық» әнін орындап берейік


(15 слайд) «Достық» әні     

  

(16 слайд)

Музыка жетекшісі: Тамаша балалар, енді біздің барлық аспаптарымыз орнына келді, ансамбль ойнауымызға болады. 

(Балалар музыкалық аспаптарды алып, орындарына отырады.)

(17 слайд)

Ансамбль: Шостакович «Қуыршақтар биі » шығармасы.


Слайд

ІV. Қорытынды.                               

Музыка жетекшісі: Балалар, біз бүгін қандай аспаптардың дыбыстарын тыңдадық?

Балалар: ксилофон , үшбұрыш, , домбыра, маракас,барабан сылдырмақ,сазсырнай,шаңқобыз.

Музыка жетекшісі: Қандай аспаптар бізге шарт қойды?

Балалар: шаңқобыз биле деді, сазсырнай ән орындауымызды сұрады.

Музыка жетекшісі: Өте жақсы балалар! Менің бүгін сендермен өткізген уақытым қатты ұнады. Сендерге жарқырап жүріңдер деп естелікке осындай жұлдыздар сыйлаймын. (қорапшадан  алып мойындарына тағып береді)

Және осындағы қонақтарға да табыс етейік.

Сау болыңыз! (Сапқа тізіліп залдан шығып кетеді.)

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар музыкалық аспаптардың аттарын атай білді;

Игереді: аспаптардың дыбыстарын  ажырата білді, ырғақты сезді;

Меңгереді: Балалардың музыка мәдениетіне деген көз - қарастарын қалыптасты.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.05.2021
461
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі