Материалдар / Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: "Күз кереметі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: "Күз кереметі"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Маусым 2018
1626
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мерзімі: 27.10.2017ж

Тақырыбы: «Күз кереметі»

Білім саласы: «Таным»

Білім бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Мақсаты: Күз туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін әңгімелету. Күзгі табиғат өзгерістері туралы сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Табиғатты қорғауға, оның әсемдігін, әдемлігін сезіне білуге, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.Сурет мазмұнына сәйкес жұмбақтар шешу, ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: күз көрінісі бейнеленген сурет, буклеттер, жасанды жеміс-жидектер, желім, жапырақ, плакат

Әдісі:  түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын,

                             сұрақ- жауап.

Барысы:  - Балалар, бүгін біздерге қонақтар келіп

                                  қалыпты.Олай болса, барлығымыз

                                  орнымыздан тұрып амандасайық.

Қуан, шаттан алақай!

Қуанатын күн туды,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Иә, дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі. Ал, күзде неше ай бар, қазір қай ай?

- Ендеше балалар, барлығымыз көзімізді жұмып, күз мезгілін көз алдымызға елестетейікші.

Тыныштық сәті ( жәй музыка ойналады)

-Күз  мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен балабақшаға  келе жатырсыз.

Айналаға қарасаңыз , ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған, жерде де қызыл- сары жапырақтар төгіліп жатыр. Бір  кезде жаңбыр жауып  кетеді. Адамдардың кейбіреуі  қолшатыр ұстап  барады.

-Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз алдарыңа елестеді ме? Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік бір жылылығы, кереметтері болады екен.

Алтын күз туралы, ерекшеліктері туралы әңгімеле

   -Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

-Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Балалардың тақпақтарын тыңдау.

Суреттер бойынша әңгіме құрастыру(  сұрақ-жауап арқылы)

Ғажайып сәт: - Балалар, біреу есік қағып тұрғандай ма, қалай өзі?

Есікті қағып  «Алтын күз» кіреді.

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Сәлеметсіз бе, балалар бізге «Алтын күз»  келіп қалыпты.

-«Алтын күз»: - Балалар, манадан бері сендердің мен туралы айтып жатқан әңгімелеріңді, тақпақтарыңды анадайдан естіп келе жатырмын. Менің сендерге арнаған бір тапсырмам бар.

- Күзде құстардың бәрі  бірдей ұшып кетеді ме?

-Қалып қойған құстар тоңып қалмау үшін оларға ұя жасап, жем шашуымыз керек. Олай болса, балалар мына геометриялық пішіндерден ұя құрастырайық.

( Пішіндерді көрсетіп түрін, түсін атау, орналасу ретін түсіндіру)

Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жақта қыстайтын.

Құстар жүрсе жуықта,

Жем шашуды ұмытпа.

  • Балалар, орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық!

  Сергіту сәті:         

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

-« Алтын күз»  сіздің тағы да тапсырмаңыз бар ма балаларға?

« Алтын күз»:- Балалар, сіздерге арнаған бір ойыным бар.

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Дидактикалық ойын: «Көкөністер мен жемістерді жина»

Ойынның шарты: араласып кеткен көкөністер мен жемістерді айырып, екі себетке бөліп салу, аттарын атау.

« Алтын күз»:- Өте жақсы балалар, мен сендерге ризамын. Енді

                         мен кетейін. Сабақтарыңды жақсы оқып,

                          тәртіпті болыңдар. Сау болыңыздар!

  • Сау болыңыз!

  • Балалар, сендерге « Алтын күздің» ойындары мен тапсырмалары ұнады ма?

Оқу қызметін қорытындылау, балаларды мадақтау.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!