Материалдар / Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Менің отбасым"

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Менің отбасым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы туралы мәлімет
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Ақбөпе» бөбекжайы

















Shape1

(Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі)

«Еркемай» ортаңғы тобы















Тәрбиеші: Ергазиева Г.Б.















Тасқала 2020 жыл ақпан

Тақырыбы: «Менің отбасым»

Мақсаты:  Отбасында үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор болу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай білуге, отбасында кімдер тұратынын, отбасы мүшелерінің не істей алатынын айта алуға үйрету. Сөздер мен сөйлемдерді орынды қолдана білуге дағдыландыру, тіл дамыту. Өзара сыйластыққа, кішіпейілділікке, отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Қостілдік компонент: отбасы-семья-family, ана-мама-mother, әке-отец-father
Көрнекіліктер: отбасы суреттері, лепбук, алдын – ала қиылған ағаштың бұтақтары, діні, жапырақтары, отбасы көрмесі.

Қонақтармен амандасу!

-Сәлеметсіңдер ме?!
Шаттық шеңбері:
Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар.

Отбасым мыналар:

Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар

Бәрін жақсы көремін

Еркелеймін, еремін.

Тәрбиеші: Балалар бұл неге ұқсайды?

Балалар: Шаңыраққа

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Шаңырақ – бұл біздің отбасымыз, біздің бірлігіміздің нышаны. Біз бүгін «Менің отбасым» тақырыбында әңгімелесетін боламыз. Ендеше орнымызға отырайық.

Тәрбиеші: Балалар қарандаршы бізге кім келе жатырған?

Балалар: Әже

Тәрбиеші: Қош келдіңіз! Төрлетіңіз! Алыс жолдан келген жайыныз бар жоғары шығыңыз.

Әже: Сәлеметсіздерме балалар?

Балалар: Сәлеметсізбе Әже.

Әже: «Ақбөпе» бөбекжайы «Еркемай» ортаңғы тобы осы ма? Мұнда не болып жатыр?

Тәрбиеші: Иә, әже бізде осы жерде «менің Отбасым» атты ұйымдастырылған оқу қызметі өткелі жатыр.

Әже: Жақсы болған екен менің сендерге сиқырлы дәнім бар еді. Тапсырмаларым да бар. Сендердің барлықтарында Отбасыларың бар. Отбасында ата, әже, ана, әке, балалар болады. Отбасында ата – әже, әке – аналарың сендерді жақсы, дені сау, мықты, ақылды, әдепті болып өссін деп өнегелі істерге тәрбиелейді. Мейірімін төгеді. Бүкіл жағымды қасиеттің барлығы отбасынан басталады.

Балалар менің мынандай тапсырмаларым бар. Жұмбақ шешу, отбасы туралы мақал – мәтел айту. Егер тапсырмаларымды орындасаңыздар «Ғажайып алаңға» жетесіңдер.

Алаңда тосый сый күтіп тұр.

Сурет бойынша әңгімелеу.

Сұрақ – жауап отбасы туралы слайд жүргізу.

- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар? (Отбасы)
- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.
-
Балалар біздің отбасымыз кімнен құралған? Ата, Әже, Әке, Ана, аға, әпке,
-
Біздің отбасымыз ата, әже, әке,ана және жақын туыстардан құралған топ.
-
Үлкен деп кімдерді айтамыз?
-
Ата, әже, әке, шеше, аға, әпке деп атаймыз.
Әулиеттің ең үлкен адам ол – атамыз. Ата әкенің әкесі. Әке жарық дүниедегі ең жақын адамың. Әкең асқар тауың. Әже әкенің анасы. Ана әр бір адамның ең жақын адамың, жанашыры, қамқоршысы, ардақтысы.

Балалар есімізге түсірейікші отбасы туралы қандай ертегі білесіздер?

Балалар: Жеті лақ, Шалқан, Бауырсақ. Жеті лақ ертегісінде- лақтар ұйымшыл болып, қасқырға есік ашқан жоқ. Анасының айтқанын тыңдады. Шалқан ертегісінде -

Отбасы болып бір – біріне көмектесіп шалқанды жерден жұлып алды.

Әженің жұмбағы:
1. Маған да, саған да,
Жақын, туыс адамдар.
Бәрі де өз жұртың,
Айтыңдар, олар, кім?
Отбасы.
 – Дұрыс айтасыңдар, балалар!

2. Айтары мол ғұлама,

Көп жасасын бұл адам,

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған.

Ол кім? (АТА)

3. Атаңның баласы,

Кей кезде таласып,

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге.

Ол кім? (ӘКЕ)

4.Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей.

Иісін жұпар аңқытқан.

Бұл кім? (АНА)

5. Жұмбақ

Дегенімді жасайтын

Қалған тамағын асайтын

Ертіп алып жетектеп

«Немерем» - деп атайтын? (ӘЖЕ)

Бізге ең жақын, ең қымбат жандар отбасында тұрады. Ата, әже, әке, ана, аға,  әпке, сіңлі, қарындас – отбасы болып есептелетінін сендер білесіңдер. Олар бір-бірін жақсы көреді, сыйлайды және қамқорлық жасап жүреді.

Сергіту сәті

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз.

Бас бармағым – атам

Балан үйрек - әжем

Ортан терек – әкем

Шылдыр шүмек – анам

Титтей бөбек – мен

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз. (Саусақты бүгіп көрсету)

Мақал мәтел жалғастыру.

1.    Отан  –отбасынан басталады.
2.    Отбасы –шағын мемлекет.
3.    Ата –бәйтерек.
4.    Балалы үй – базар.
5.    Ағасы бардың –жағасы бар, 
        Інісі бардың –тынысы бар.
6.    Ана сүті бой өсіреді,
       Ата тілі ой өсіреді.
7.    Ананың ойы балада
Баланың ойы далада.
8.    Ана –бұлақ,
        Әке –асқар тау,
Бала –жапырақ.
 
Дидактикалық ойын: «Орынын тап»
Тәрбиеші: Балалар, Әжеміздің алып келген сиқырлы дәнін егіп, әдемі, жақсы өсіп шығуы үшін оны қалай күтуіміз керек?

Балалар: Дәнге су керек, жылу керек, күтім керек. Күн сәулесі керек.

Тәрбиеші: Балалар бұл дәннен жеміс немесе гүл, бау – бақша өнімдері өсіп шығуы мүмкін.

Міне біз бір отбасымыз. Әрбір отбасы – өркен жайған ағаш діңгегі. Мынау отбасы бәйтерегі. Бірінші -атам. Одан кейін – әжем. Әкеммен анам. Ұрпақтары балалары.

Ендеше алдарынызға берілген осы отбасы діңгегі тапсырмалар беріледі сол отбасы діңгегі ағашымызға отбасымыздың мүшелерін рет – ретімен жапсырайық.

Тәрбиеші: Сонымен балалар, біз әженің тапсырмаларды түгел орындадық па?
Балалар: Ия
Қорытындылау: Балалар біздер кімдер туралы әңгімеледік? Нені құрастырдық? Ағаш неше бөліктен тұрады екен? Отбасы мүшелерін ата.
Отбасы мүшелерін әңгімелеп, ағаш құрастырдық, ол үш бөліктен тұрады (Тамыры, діңі, жапырағы). Мақал – мәтел, жұмбақтың шешуін таптық. Отбасы мүшелері: ата, әже, әке, ана, бала, аға, апа,іні, қарындас.
Жарайсыңдар, балалар. Барлығыңда оқу іс әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Өте ризамын. Енді уәде еткендей Әженің тосый сыйын қабыл алыңдар. Осымен оқу іс әрекетіміз аяқталды, Сіздерге де, қонақтарға да көр – көп рақмет.











25 Қаңтар 2021
580
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі