Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі. "Өрмекші,қарлығаш, құмырсқа"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі. "Өрмекші,қарлығаш, құмырсқа"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу үшін тәрбиешілерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


Дамытушы орталық:Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш( Ы.Алтынсарин)

Мақсаты:Сөзді буынға бөлуді, «Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш»әңгімесін мазмұны бойынша әңгімелеп айтуды үйрету; әңгімені тыңдата отырып, бала қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Ы.Алтынсариннің суреті, мазмұнды кітап,қима ,пластмасстан қасықтар,жұмсақ иілгіш сымдарі,қатты түрлі-түсті қағаздар, қайшы,желім, түрлі түсті шегеден жасалған тақтайшалар, түрлі резинкалар.

Сөздік жұмыс: өрмек

Билингвалдық компонент: қарлығаш-ласточка,ата-дедушка,өрмекші-паук,құмырсқа-муравей.

Қолданылған әдіс- тәсілдер: миға шабуыл,әңгімелеу , сахналау, тәй- тәй технологиясы.


Балалар бүгін біз үшін ерекше күн,себебі бүгінгі іс-әрекетімізге көп қонақтар келді.Қане қонақтарымызбен амандасып алайық,

Арайлап бүгін атты күн,шашып бізге шапағын

Тілейміз сізге ақ таңның,қуанышын шаттығын

Қайырлы таң,қайырлы күн бүгін!

Қош келдіңіздер

1.Сұрақ-жауап:

Жыл мезгілін, ауа райын сұрау.

«Табиғат»дегенді қалай түсінесіңдер?

Табиғат бізді қоршаған орта.

2.Ғажайып сәт:

-Балалар,бізге қонаққа атай келді.

Топқа ата мен бала кіреді.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен ұзақ жол жүріп келдім.Өзіммен бірге сендерге бір қызықты әңгіме ала келдім.

Кітапшаны тәрбиеші апайға беру.

-Балалар,атай бізге Ы.Алтынсариннің «Өрмекші,құмырсқа және қарлығаш» деген әңгімесін алып келіпті.

Ы.Алтынсарин-қазақ ағартушысы,ақын,жазушы.Ең алғаш қазақ балаларына мектеп ашып,балаларды білімге шақырып ұстаздық еткен дара тұлға.

Сендер алғаш мектепке барғанда ол кісінің «Кел,балалар,оқылық!» атты өлеңімен танысасыңдар.Балаларға арналған «Әке мен бала», «Екі дос», «Аурудан аяған күштірек», «Бұл кім?», «Өнер білім бар жұртта» деген шығармалары бар.

«Өрмекші,құмырсқа және қарлығаш» әңгімесін оқып береді.

Атасы мен баласы далада келе жатып,атасы баласынан сұрайды:

-Анау өрмекшіні көрдіңбе?

Бала:

-Көрдім,өрмек тоқып жүр.

Ата:

-Анау құмырсқаны көрдіңбе?

Бала:

-Көрдім,аузында нанның ұнтағы бар,кетіп барады.

Ата:

-Жоғары қара,аспанда не көрінеді?

Бала:

-Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр,аузында тістеген шөбі бар-дейді.

Сонда атасы былай дейді:

-Олай болса,шырағым,сол кішкентай жәндіктер -саған үлгі.Өрмекші маса мен шыбынды тұзақ құрып ұстаған соң өзіне азық етеді.Құмырсқа балаларына тамақ алып бара жатыр.Қарлығаш балапандарына ұя салу үшін шөп жинап жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ.

Сенде жұмыс істеуге әдеттенуің керек.

-Балалар,әңгіме сендерге ұнадыма?

-Әңгімеде не туралы айтылған?м

-Әңгімедегі кейіпкерлер қандай екен?

Енді осы әңгімені келген қонақтар бізге сахналап берсін.

-Балалар,сендер буынға бөле аласыңдар.Әңгімедегі өрмекші,құмырсқа,қарлығаш сөздерін буынға бөліңдерші?

-Неше буыннан тұрады?

-Ия дұрыс айтасыңдар.

Бір дауысты дыбыс бір буынды құрайды.

Ата,бала,құмырсқа,өрмекші,қарлығаш дегеннің бәрі-сөздер.

Сөз –буыннан, ал буын дыбыстардан тұрады .

Сөздік жұмыс: өрмек

Билингвалдық компонент: қарлығаш-ласточка,ата-дедушка,өрмекші-паук,құмырсқа-муравей.

Сергіту сәті: «Торғай»

4 орталыққа бөліну

Әдебиет орталығында: компьютерден сурет арқылы әңгіме құрайды.

Шығармашылық орталығында: қатты картон қағаздан қарлығаш жасау.

Үстел- үсті ойын ораталығында: өрмекші торын өреді.

Құрылыс орталығында: пластмасса қасықтан құмырсқа жасайды.

Дидактикалық ойын: «Өрмекші торы»

Мақал – мәтел айтқызу.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Балалар, бүгін кімнің әңгімесін тыңдадық?

Әңгіме қалай аталады?

Балаларға оқу қызметін жұмбақтар арқылы қорытындылау.

Жұмбақ.

1.Тоқыған ауы,

Шыбынның жауы.

2. Құжынаған жұмыскер,

Бірлескенде тым іскер.

3.Тым ерте ұшып келетін,

Үйіңе сенің кіретін.

Қасиетті құс деп айтатын,

Балшықтан ұя жасайтын.

Ата мен бала қоштасып , шығып кетеді.

Балалар сендер әңгімені өте жақсы түсінгендерің жұмбақ шешу арқылы байқалды.Жарайсыңдар.

Күтілетін нәтиже:

Қайталайды: сөздерді буынға бөледі, әңгіменің мазмұнын өз сөздерімен қайталайды;

Түсінеді: еңбектің маңызын және еңбек ету қажеттігін;

Қолданады: күнделікті оқу қызметінде буын, сөз, және сөйлем туралы алған білімдерін, шығармашылықпен жұмыс жасауды қолданады.






































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2020
481
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі