Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеудідамыту Тақырыбы: «Қар жамылған ағаштар»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеудідамыту Тақырыбы: «Қар жамылған ағаштар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Білімділік: Тілде сөйлемдердің әртүрлі түрлерін, қосымшаларды қолдану дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық : Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Табиғат құбылыстарының сұлулығын сезіну, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Білім беру саласы: Қатынас
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеудідамыту
Тақырыбы: «Қар жамылған ағаштар» (сурет бойынша әңгімелеу)
Мақсаты:
Білімділік: Тілде сөйлемдердің әртүрлі түрлерін, қосымшаларды қолдану дағдыларын
қалыптастыру.
Дамытушылық : Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Табиғат
құбылыстарының сұлулығын сезіну, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдіс –тәсілдер: Ойын технологиясы,әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі, қажетті құрал-жабдықтар:Қыс бейнесі туралы суреттер, деопроектр.
Сөздік жұмыс: Қар жамылған.
Билингвалды компонент: Қыс –зима - winter, қар –снег –snow,
қысқы ағаштар-зимние деревья- winter trees.

Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық










Іздену-
ұйымдастыру






















Шаттық шеңбер
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы таң! Біз сүйкімді баламыз!

-Балалар көңіл-күйлерің қалай?
-Біздің бақшамыз қандай?
-«Балдырған» тобының балалары қандай?
-Жарайсыңдар! Тамаша көңіл-күймен оқу
қызметімізді бастаймыз.

(уілдеген боранның дыбысы естіледі)
-Ой балалар ненің дыбысын естіп тұрсыңдар?
-Боран қай мезгілде соғады?
Аппақ қыстың бояуы
Аппақ қыстың бораны
Ақ көрпеге орайды
Ақ қар байтақ даланы.
-Осы өлеңде қай мезгіл туралы айтылған?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Үш тілде айтайықшы.

-Қыста күн қандай болады?
-Енді айналаға, далаға қараңдаршы қандай
болып жатыр?



Балалар шеңберге
тұрып өлең
жолдарын айтады.



Жақсы
Тамаша
Тамаша




Боранның, желдің
дыбысы
Қыста



Қыс мезгілі туралы
Үш ай бар.
Желтоқсан, Қаңтар,
Ақпан
Үш тілде айтады.
Суық, аяз, боран.

Дала аппақ қар, ақ
мақта сияқты.



Page 2























































Сурет бойынша жұмыс.
-Ой балалар қандай керемет, дала өте әдемі
аппақ болып тұр. Осындай қар жауып тұрған
кезде біз қайда шықтық?
-Балалар қар жауған кездегі серуенге шыққан
кездерің естеріңдер ме?
-Біз қызықтап суретке түскен болатынбыз, қане
сол суреттерге қарайықшы.
-Балалар осы суретте өздеріңнен басқа
табиғаттың қандай ерекшелігін байқап
тұрсыңдар?
-Байқап қарасаңдар сендердің арт жақтарыңдағы
ағаштар не жамылып тұр?
-Ағаштарды не басқан?
-Олай болса біздің бүгінгі оқу қызметіміздің
тақырыбы да «Қар жамылған ағаштар» екен.
Қыс –зима - winter, қар –снег –snow, қысқы
ағаштар-зимные деревья-winter trees.

-Балалар енді мына тақтадағы суреттерге
қараймыз.
-Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
-Ал мына суреттен нені байқадыңдар?
-Міне бұл біздің балабақшамыздағы ағаштардың
суреттері екен.
-Ал мына суреттегі ормандағы қысқы
ағаштардың суреттері екен.
- Мынау қандай ағаш?
-Осы көрініске қарап әңгіме құрап айтыңдаршы.

-Балалар ағаштар өте әдемі болып тұр екен.
Ағаштар, қыста да тіршілік етуін тоқтатпайды.
Қыста серуен кезінде ағаштың бұталарын
сындырмау керек. Ағаштың түбіне қар
үйінділерін үю керек.

Тосын сәт
(Шиқылдаған торғай дыбысы естіледі)
-Ой балалар бұл не екен?
-Торғай бізден көмек сұрап жатыр. Торғайдың
ұясын қар басып қалыпты. Ол тоңып ұясына кіре
алмай жүр екен. Қарны да ашыпты. Қане
торғайға көмектесеміз бе?
-Құстардың ұясы қайда тұрады?
Миға шабул:
-Ағаш басындағы торғайдың ұясын қалай
тазалаймыз?

Суретпен жұмыс (Слайд)
Суретте ағаш басындағы торғайдың ұясы
бейнеленген. Және ағаш, саты, сыпырғы, дәннің
суреттері бар.


Серуенге

Ия


Балалардың
жауаптары
Қар жамылып тұр.
Қар басқан.






Қар жамылған
ағаштарды.





Шырша
Ағаштар, айнала
аппақ қар.Ағаш
бұтақтарын қырау
басқан. Ағаштардың
бәрі ақ тон киіп
алғандай.


Торғай

Ия көмектесеміз.
Ағаштың басында
тұрады.

Өз ойларын айтады.





Page 3















































Рефлексивті
түзетушілік

-Міне, қараңдаршы қыста ағаштарды қар басқан
кезде ұяның есігі де қардан көрінбей қалыпты.
-Ендеше ұяны қардан тазалайық.
Дидактикалық ойын:
«Құстарға қамқорлық»
-Балалар енді торғай өз ұясында тоңбайтын
болды. Жемсауыттан дән де жейді. Торғай
қуанып сендерге рахмет айтып ұшып кетті. Сау
болыңдар дейді.

Тіл ұстарту жаттығуын айту.
Ыс-ыс-ыс,
Далаға келді қыс.
Ар-ар ар,
Жерге түсті қар.
На-на-на,
Біз тебеміз шана.
Ла-ла-ла,
Қардан соқтық аққала.
(слайдтағы суреттер арқылы айтылады)

Сергіту сәті
Тоңса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз.
Сарт-сарт-сарт
Шапалақты соғамыз.
Етік киіп аламыз.
Топ-топ-топ
Топылдатып билейміз.
Тоңса біздің денеміз,
Тонды киіп аламыз.
Зу-зу -зу
Шанамен зулаймыз.
-Жарайсыңдар балалар, орнымызға жайғасып
отырамыз.

Балалармен жеке жұмыс.
-Балалар енді сендерге мен бір тапсырма берейін.
Суретке қарап мнемокесте арқылы әңгімелейміз,
ертегі құрастырып айтамыз.

Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық»
Шарты: Берілген суреттердің ішінен артық
суретті тауып алып тастау.


-Балалар бүгін не жайында әңгімеледік?

- Біз неге көмектестік?
-Торғайға қалай көмектестік?


-Қыс мезгілінде ағаштарды не басады екен?
-Ағаштардың бізге қандай пайдасы бар?
Ойынға белсене
қатысады.






Қайталап айтады.






Іс-қимылмен
көрсетіп қайталайды










Балалар берілген
тапсырмаларды
орындайды.

Ойынға белсене
қатысады.
Қысқы көріністер
туралы.

Торғайға
Ұясын қардан
тазалап бердік.
Қар басады.
Көлеңке, отын
болады.


Page 4


Ағаштар ауаны тазартады, табиғатқа көрік
береді, көлеңке болады. Міне, сондықтан
ағаштарды сындырмай қайта қамқор болып,
табиғатты аялауымыз керек екен.
-Жарайсыңдар балалар!
-Сендер бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу
қызметіне жақсы қатыса білдіңдер. Жақсы
қатысқандарың үшін мына қар ұлпаларын
сендерге беремін.








Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Қыс мезгілінде ағаштардың қар жамылатынын, қыс айының
ерекшеліктерін айтуды.

Түсінеді: Мнемокесте арқылы суретке қарап әңгіме, ертегі құрастыра білуді.

Қолданады:Тілде сөйлемдердің әртүрлі түрлерін, қосымшаларды қолданып әңгімелеуді.

































Page 5


Білім беру саласы: Қатынас
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Үй жиһаздары» (байланыстырып сөйлеу)
Мақсаты:
Білімділік: Тұрмыстық заттардың қолданылу маңыздылығын түсіну дағдыларын
қалыптастыру. Сөйлемдердің түрлеріне (жай және күрделі) сын есімдерді қолдана білуге
үйрету.
Дамытушылық : Балалардың ойлау қабілеттерін, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Әдептілікке тәрбиелеу.
Әдіс –тәсілдер: Ойын технологиясы, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі, қажетті құрал-жабдықтар: Жиһаздар суреттері, ойыншық жиһаздар,
деопроектр.
Билингвалды компонент: Күз–осень - autumn, жиһаз –мебель – furniter,


Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық







Іздену-
ұйымдастыру
























Шаттық шеңбер
Жарқын, жарқын үніміз,
Болашақтың күніміз.
Балабақша үйінің,
Жайнап тұрған гүліміз.

-Балалар көңіл-күйлерің қалай?
-Жарайсыңдар! Тамаша көңіл-күймен оқу
қызметімізді бастаймыз.
Жұмбақ.
Жүзім, алма, қауын, қарбыз піседі.
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, қырман дәнге толады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгешеліктер
болады?
-Күн салқындап жел тұрады. Ағаштардың
жапырақтары сарғаяды, жерді қызыл-сары
жапырақтар басады.
-Күздің неше айы бар?
-Күз айларын айтыңдаршы.
-Бәрекелді!

Тосын сәт.
-Балалар ненің дыбысын естіп тұрсыңдар?
(Карлсон сөйлейді)
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
-Мен Карлсонмын. Менің көңіл-күйім өте
тамаша.
Балалар мен енді шатырда тұрмайтын болдым.
Өзіме үлкен үй тұрғызып алдым.
-Балалар бірақ мен үйіме жиһаздар алайын десем
таңдай алмай жатырмын.
Балалар шеңберге
тұрып өлең
жолдарын айтады.



Жақсы








Күз мезгілі
Жапырақтар
сарғаяды.



Үш айы бар
Қыркүйек, қазан,
қараша











Page 6























































-Сендер маған көмектесесіңдер ме?

-Балалар Карлсонға көмектесеміз бе?
-Олай болса алдымен біз жиһаздарға не
жататынын біліп алайық.
Жиһаз орыс тілінде- мебель, ағылшын тілінде –
furniter деп айтылады, қане қайталайықшы.
-Балалар қандай жиһаздар болады екен,
бейнетаспадан көрейік.
(жиһаздар туралы бейнетаспа)
-Қандай жиһаздар бар екен?
-Қандай жиһаз түрлерін көрдіңдер?
-Бәрекелді, жарайсыңдар!
-Балалар жиһаздарды есімізге сақтап қалу үшін
ойындар ойнайық.
(Тақтамен ойындар)
Дидактикалық ойын: «Өзіңді тексер»
Шарты: Суреттегі жиһаздардың ішінен көсет
деген жиһазды тауып көрсету.
-Балалар маған керуетті кім көрсетеді?
-Қане дұрыс па екен көрейік.
-Жарайсың! дұрыс таптың.
-Тумбочканы көрсетші, қай жерде тұр?
-Бәрекелді!
-Ыдыс қоятын шкафты кім көрсетеді?
-Өте жақсы, жарайсың!
-Сөрені көрсетші.
-Жарайсыңдар бұл ойынды түсініп
орындадыңдар.

Дидактикалық ойын: «Қайсысы жоқ?»
Шарты: Тақтадағы суреттерді мұқият көріп
алады. Көздерін жұмып отырғанда бір жиһаздың
суреті жасырынады. Көздерін ашқанда қай
жиһаздың жоқ екенін табулары керек.

Дидактикалық ойын: «Түсі қандай?
Шарты: Суреттегі жиһаз түстерін ажырату.
-Орындықтың түсі қандай?
-Керуеттің түсі қандай?
-Креслоның түсін айтайықшы, қандай екен?
-Жұмсақ орындықтардың түсі қандай?
-Жарайсыңдар! Ойынды түсініп дұрыс ойнай
білдіңдер.

Дидактикалық ойын: «Көлеңкесін тап»
Шарты: Суреттегі жиһаздарды көлеңкесінен
табу.
-Бәрекелді балалар!
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Бойымызды жазамыз.
Оңға екі рет иіліп,

Ия көмектесеміз


жиһаз –мебель –
furniter

Бейнетаспадан
жиһаз түрлерін
көріп, танысады.
Үстел, орындық,
диван, кресло,
керуерт, сөре,шкаф.






Ойынға белсене
қатысады.










Ойынға қызыға
қатысады.




Орындық қызғылт
Керуеттің түсі көк
Кресло қызыл түсті
Сары түсті жұмсақ
орындықтар


Ойынға белсене
қатысады.



Іс-қимылмен
көрсетіп
қайталайды


Page 7































Рефлексивті
түзетушілік

Солға екі рет иіліп.
Орнымызды табамыз.
-Жарайсыңдар балалар, орнымызға жайғасып
отырамыз.
-Балалар мына жиһаздарға қарайықшы.
-Қандай жиһаз түрлерін көріп тұрсыңдар?
-Керуертті қай бөлмеге қоямыз?
-Ал мынау қандай жиһаз екен?
-Диван мен креслоны қай бөлмеге қоямыз.

-Мынау қандай жиһаз түрі екен?
-Жарайсыңдар, жиһаздарды ажырата алдыңдар.
-Балалар бұл жиһаздарды біз Карлсонға берейік.
Ол өзінің бөлмелеріне орналастырып алсын.
-Міне, Карлсон түсініп алдың ба, қай бөлмеде
қандай жиһаздар болатынын?
-Балалар сендерге рахмет, мен түсіндім. Осы
жиһаздарды енді бөлмелеріме орналастырып
қоямын. Сендер менің үйіме қонаққа келіңдер.
Сау болыңдар балалар!

Дидактикалық ойын:
«Жиһаз атауына сөйлем құра»
Шарты: Берілген суреттерге қарап сурет
бойынша әңгімелейді.
(Мынау керуерт. Керуетке ұйықтаймыз. Мынау
шкаф. Шкафқа киімдерімізді ілеміз)

Тіл ұстарту жаттығуын айту.
Қаз-қаз-қаз
Үйде бар жиһаз.
Ре-ре-ре
Кітаптар сөреде.

-Балалар бүгін не жайында әңгімеледік?
-Жиһаздарға нелер жатады екен?
-Қане жиһаздарды айтайықшы.
-Жиһаздарды қалай пайдалану керек?
-Жиһаздарды күніне ылғал шүберекпен екі мезгіл
тазалап сүртіп отыру керек.
-Балалар біз кімге көмектестік?

-Карлсонға қалай көмектестік?
-Жарайсыңдар балалар!
-Сендер бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу
қызметіне жақсы қатыса білдіңдер. Жақсы
қатысқандарың үшін мына жұлдызшаларды
сендерге беремін.


Диван, кресло.
Керуерт, шкаф
Жатын бөлмеге.
Диван, кресло.
Дем алатын, қонақ
бөлмесіне қоямыз
Киім ілетін шкаф








Сау болыңыз!



Мынау үстел.
Үстелде отырып
тамақ ішеміз.



Қайталап айтады.



Жиһаздар туралы.
Үстел, орындық,
шкаф, керуерт, сөре,
диван, кресло т.б.
Таза ұстаймыз.

Карлсонға
көмектестік
Жиһаз таңдап
бердік.






Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Тұрмыстық заттардың қолданылу маңыздылығын.
Түсінеді: Жиһаздарды ажыратып атауды.


Page 8

Қолданады: Сөйлемдердің түрлеріне сын есімдерді қолдана білуді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
11.01.2021
336
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі