Материалдар / Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: "Ғажайып сурет"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: "Ғажайып сурет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2021
415
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы


Күні:

Тобы :

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Сурет салу

Тақырыбы:Ғажайып сурет

Мақсаты: Сурет салу әдісімен таныстыру.Сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру.Ұқыптылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері:Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ойын,сурет салу.

Көрнекіліктер: Сайқымазақ құралдары,сиқырлы қорапша,шарик,сурет салу құралдары.

Биллингвальді компоненті:Сайқымазақ-клоун


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық

Қозғаушылық









Ұйымдастыру ізденіс
















Топқа Сайқымазақ келеді.Балалармен амандасады.

-Қош келдің,сені көргенімізге өте қуаныштымыз.Қайдан келесің?

-Ой,балалар мен жаңа жыл мерекесіндегі ойын-сауық кезінде осы жерде бас киімімді қалдырып кетіппін.Мені тағыда үлкен мерекеге шақыруда,ал мен бас киімсіз бара алмаймын.өтінемін маған тауып беріңдерші.

-Біз Сайқымазаққа бас киімін тауып берейік.Ең алдымен Сайықмазақ заттарымен танысып өтейік.

-Сайқымазақтың бас киімі түрлі-түсті болып келеді.

-Ол әдемі кештерде түрлі-түсті шарлармен қызықты ойындар ойнатады.

-Ол еш қорықпастан велосипед тебеді.

-Музыка құралын пайдалану арқылы би билетеді.

-Міне,балалар біз Сайықмазақтың өнерімен таныстық.Енді біз онымен ойын ойнап көрсек қалай қарайсыңдар?

Ойын: «Кім зерек?»

Мақсаты:Балалардың ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

-Мына суретте Сайқымазақтың ойын ойнауға арналған заттарының суреттері бар екен.Алайда ең бастысы оның басына киетін бас киімінің суреті жоқ.Зер салып қараңдаршы мына жерде бір белгі бар.Ол сиқырлы секілді.Біз оны түрлі-түсті бояулармен бояп көрсек қалай болады екен.

Шығармашылық жұмыс: Майшаммен салынған суретті гуашьпен бояу.

Мақсаты:Балалардың қызығушылығын арттыру.Ұқыпты бояуға,ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Қауіпсіздік ережесімен таныстыру. (балалар жұмыстарын бақылау)

-Ендеше балалар бойымызды сергітіп алу үшін ортаға шығайық.

Сайқымазақ: -Ммм тоқтаңдаршы менің сендерге де арналған тапсырмаларым бар еді.Сиқырлы қорапшадан тапсырманы айтайын.

Сергіту сәті:(музыкамен Сайқымазақтың қимылдарын орындау.)

-Біз Сайқымазақтың бас киімін тауып бердік.Енді біз оған ойын арқылы бас киімін кигізіп берсек қалай қарайсыңдар?

Ойын: «Әдемі бас киім...»

Мақсаты: Компьютерде отырғанда ұқыптылықты сақтауға,тетікті дұрыс пайдалануға үйрету.

Шарты: Сайқымазаққа тышқан тетігі арқылы бас киімін кигізу.

Биллингвальді компоненті:Сайқымазақ-клоун.

Сайқымазақпен амандасады.






Бас киімін тауып беруге көмектесетінін айтады.









Ойынға қатысады.











Суретті бояйды.





Ережемен танысады.



Сайықмазақтың тапсырмасын орындайды.







Бас киімін киіндіреді.


Рефлексифтік-түзетушілік

-балалар сендерге көп рахмет.Мен енді ойын сауығыма барайын.Мені де күтіп лотырған шығар.Бірақ сендерге сыйлық ретінде мына шарларымды қалдырайын.Сау болыңдар.

Балалар жұмыстарын қортындылау.



Күтілетін нәтиже:


Нені біледі:Сурет салу әдісін біледі.

Қандай түсініктерді игерді:Сурет салу құралдарын дұрыс пайдалануды игереді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:есте сақтай отырып,тапсырмаларды орындайды.

Тәрбиеші: М.Б.Утегалиева

Әдіскер: А.Ж.Утегалиева

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!