Материалдар / Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:«Ас атасы-нан" өлеңі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:«Ас атасы-нан" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаға арналған ашық ұйымдастырылған сабақ «Ас атасы-нан" өлеңі Мақсат-міндеттері: *Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалынатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру. *Балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру. Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту, жетілдіру. *Диханшылардың еңбегімен таныстыру.Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Тамыз 2021
543
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Күні:20.09.2016ж.

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Нан қайдан келеді?

Мақсат-міндеттері:

*Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалынатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру.

*Балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру. Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту, жетілдіру.

*Диханшылардың еңбегімен таныстыру.Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Нан қайдан келеді?» сериялық суреттер, нан түрлерінің суреттері және піскен нан, ұн, диірмен, масақ, су, жыл мезгілдерінің суреттері. т.б.

Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: Наның қалай пайда болатыны жөнінде айту.

Билингивалдық компонент: Нан- хлеб, Нан-bread, наубайхана-пекарный, наубайхана-bakery. Комбайн-комбайн, комбайн-combine.

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Кел, балалар күлейік.

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады.

Күліп өмір сүрейік.

Балалар шаттық шеңберін орындайды.


Іздену-ұйымдастырушы

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Жылдың неше мезгілі бар? Қане атап шығайық.

-Далада ауа-райы қалай?

-Күз мезгілінде далада қандай ерекшеліктер болады ?

-Олай болса көңілді болғанда не істейсіңдер?

-Ренжігенде? Қорыққанда?

Таңқалғанда? Қуанғанда?

-Ендеше бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.

-Балалар мына суреттен нені көріп тұрмыз? Балалар көктемде бұл тракторлар жерді жыртып, оны тырмалап, жерге мынадай бидай дәнін себеді. (Балаларға бидайды көрсету)

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық

1,2 деп бастайық, топ-топ басайық

Сәл демалып болған соң

Орнымызға барайық.

Екінші суреттен нені көріп отырсыңдар? Егінді орып жүрген комбайн, ол бидайды орып, тазартып, көлікке салып береді.

Үшінші суреттен нені көріп отырмыз. Диірменнен балалар ұн тартып шығарады. (Ұнды көрсету)Төртінші суреттен нені байқап отырсыңдар?

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Ұннан наубайханада әр түрлі нандар пісіріп шығарады, оны дүкендерге балабақшаларға жібереді. (Дүкен сөресіндегі нандарды сурет арқылы көрсету)

Балалар біздің дастарханымызға нан оңай келмейді екен, міне жоғарыда айтқандай үлкен еңбекпен келеді екен.(Жоғарыдағы суреттерді жекелеп қайталап түсіндіру)

Ал сендер күнделікті жеп жүрген нанды біз қайдан аламыз?

Аспазшы апай сендерге нанды қалай пісіретіндігін көргілерің келеді ме? (Аспазшының нан ашыту, қалыпқа салу, пешке пісіруін видео арқылы көрсету)

-Күз мезгілі.

Төрт мезгілі бар.

-Көктем, жаз, күз, қыс.

-Салқын.

-Адамдар жылы киініп жүреді. Жапырақтар сарғайып жерге түседі.

Қабақ түйеміз. Көзді жұмамыз

Қол шапалақтаймыз.

Күлеміз.


Көктемде жер жыртып жатқан трактор.





Сергіту сәтін орындайды.



Егін орып жүрген комбайн тракторы.




Ұн шығаратын диірмен.


Нан пісіретін наубайхана.


Балалар тақпақты қайталайды.










Аспазшы апай пісіреді.


Әрине.

Рефлексивті-коррекциялаушы

-Балалар, нан қайдан пайда болады ?


-Көктемде бидайды қалай орамыз?



-Нанды шашып, лақтыруға болама ?

-Нан ұннан пайда болады.

-Көктемде бидайды комбайнмен орып, жинайды.

-Жоқ болмайды.






Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Трактор, диірмен, комбайн мен бидайдың не екенін және нанның оңай жолмен келмейтіндігін білді.

Қандай түсініктерді игерді: Көктем, жер жырту, тырмалау, дән егу, комбайнмен ору, диірмен, наубайхана сөздерін және нанды қастерлеуді, шашпауды түсініп игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Нан туралы тақпақты жатқа айту дағдысын меңгерді.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!