Материалдар / Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:«Жау-жау жаңбыр»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:«Жау-жау жаңбыр»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Үй жануарлары» Мақсат-міндеттері: * Балаларға үй жануарлары туралы, олардың пайдасы маңызы жайлы түсінік беру. *Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, зейін қойып тыңдауға үйрету, үй жануарларына байланысты тақпақтар мен мақал-мәтелдер айтқызу, сұрақ-жауап, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамыту. *Олардың бізге тигізер пайдасын айтып, ұлттық тәрбие негізін еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру арқылы табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2021
592
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сандықтау ауданы

«Мәдениет қазақ – орыс орта мектебі» ММ

«Балбөбек» шағын орталық

(Ортаңғы тобында өткізілген экология негіздері сабағы)



DrawObject1




Тәрбиеші: Аяпергенова Айгуль Айтбайқызы

Өткізген күні: 25.04.2014



Сабақтың тақырыбы: «Жануарлар әлемінде»

Білім беру саласы: Таным.

Бөлім: Экология негіздері.

Сабақтың мақсаты:

1. Жан-жануарлар туралы балалардың түсініктерін толықтыру, үй-жануарлар, жабайы аңдардың аттарын қазақша атай білуге үйрету.

2. Сөздік қорларын байытып, тіл-мәдениетін жетілдіру, танымдық білімдерін тереңдету.

3. Балалардың аңдар мен жануарларға деген сүйіспеншілігін қызушылығын арттыру.

Сабақтың әдістері: көрсету, түсінік беру, ойын ойнату, әнгімелету, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, ойыншықтар,

Сабақтың түрі : ашық сабақ.

Сабақтың барысы:

Үйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Шаттық шеңбері : Ән салуға барамыз

Досымызды табамыз

Сәлеметсізбе! Міне мен!

Доспын енді сенімен!



Отырғызу.

Балалар қазір қандай жыл мезгілі?(көктем)

Көктемде неше ай бар? (3 ай)

Көктемде қандай өзгерестер болады?

Дұрыс. Жаңбыр жауады, ағаштар бүршік атады, құстар ұшып келеді, адамдар егін егеді.

Жаңа сабақ. Балаларға сабақтың мақсатын айту: Көрнекіліктер, суреттер көрсету. Үй жануарлары мен жабайы аңдармен жұмыс.

Балалар бүгін біз үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы айтамыз. Балалар мынау не? Түсі қандай? Неше жануар көріп тұрсындар? –деген cұрақтарға жауап береді.

аю,

сиыр,

жолбарыс,

түлкі,

ешкі,

арыстан, ат,

қой,

мысық,


(Балалар тәрбиешінің сұрағына толық жауап береді).


Есік қағылады. Қонаққа қуыршақ Айгерім келеді.


- Сәлеметсіздерме, балалар. Мен сендерден көмек сұрауға келдім. Менің үй жануарларым орманға қашып, аңдармен араласып кетті. Егерде сендер дұрыс олардың аттарың айтсандар, олар үйге қайтып келеді. ( Балалар үй жануарлармен, жабайы аңдардың аттарын айтып,береді).

Тәрбиешінің сөзі: Балалар, біздің қонағымыздың көңіл күйін көтеру үшін үй жануарлары туралы тақпақ айтып берсек қалай қарайсындар.

(балалар тақпақ айтады)

Қошақаны қойдың, Секең, секең ей лақ,

Қай өрістен тойдың. Жүрмін саған кейіп-ақ.

Бұлтиып тұр, бүйірің Тыным тапсаң болмайма,

Қайда барып тойдың. Секеңдемей кей уақ.




Томпаң, томпаң торай, Ботақаны нардың,

Дауысыңның зор ай. Жарға неге бардың.

Дөкей болып қаласың, Тіресегің тырсиып ,

Толысымен он ай. Секіре алмай қалдың.

Ойын: Сиқырлы қобдиша. Ал енді балалар сендермен бірге бір ойын ойнасақ.

( мақсаты: Балалар қобдишаның ішінен бір жануарды алып дауысын сомдайды).

Сергіту сәтті: Әтеш ерте оянды,

Жан жағына қарады.

Қанаттарын тарады,

Қаз қанатын жаяды.

Аққу мойын созады,

Үйге келіп қонады.

Орнымыздан тұрайық,

Қрлды белге қойайық.

Бұрыламыз оңға, бұрыламыз солға,

Біздер тату баламыз,

Гүл - гүл жайнап жанамыз.




Балалар көрініс көрсетеді:

Ертегі: Тапқыр қоян. ( Қазақ халық ертегісі)

Аңдардың патшасы арыстан барлық аңдарды шақырып, қазанға суды қайнатып, бәйге жариялайды: кім ішіп қойса, соған сыйлық беріледі дейді.

Аңдар бірінен кейін бірі келеді, бірақ қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармайды.

Ең соңында қоян келеді, қазанды көтеріп, жан-жағына қарап, айтады:

  • Суды ыстықтай ішуді өте жақсы көремін!

  • Ендеше іше ғой, - дейді аңдар шыдамсызданып.

Қоян қаз қатар тұрған аңдардың алдынан өтіп, бас-басына қазандағы ыстық суды көрсетіп шығады.

  • Мінеки, достарым, ыстық су – өз көздеріңмен көріңдер.

Қоян аңдарды бастан аяқ өтіп шыққанша, су суыды. Сол кезде қоян қазанды басына көтеріп, суды бірақ ішіп тауысады. Шошыған аңдар ауыздарын ашып, көздерін жұмып қалады. Ал алданған патша қоянға көп сыйлық беріп оны:


  • «Міне, нағыз батыр!» - деп мақтайды.




Тәрбиелік жұмыс Балалар, осы жануарлар бізге көп пайда әкеледі. Мысалы: сиыр сүт береді, ит – үй күзетеді , қойдын пайдасы –жүннен қолғап тоқийды, мысық –тышқан аулайды, ат- байгеге қатысады.

Енді балалар біз сабағымызды қорытындылау үшін мен сендерге жұмбақ оқимын сендер маған жауап беріндер.


Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)


Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)


Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Сегіз тұяғы бар,


Қорбаң, қорбаң еткен,

Қыс бойы ұйқыға кетекн.

(Аю)

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жорытады.

(Қоян)


Иегінде сақалы бар. (Ешкі)


Балалармен жануарлардың дауысын тыңдау.

Қуыршақ Айгерім: Балалар менің жануарларым үйіме келген сияқты енді мен үйіме барайын қоштасады:












Рахмет, көмектескендеріңе. Сау болыңыздар.

Қорытынды: Балалар біз сабақта не істедік? не туралы айтық?

Кім бізге қонаққа келді?

Сендерге сабақ ұнады ма ?

Сендерге көп-көп рахмет. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.















Ақмола облысы





Түсініктеме хат.


Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселені жас ұрпаққа парасаттылық, сыпайлыққа адамгершілік , рухани тәрбие беру.

Тәрбие - көп өлшемді процесс. Оның көп бөлігі әлеуметтік қалыптасуда, әр адамның өзін-өзі ұстай білу, реттеуіне байланысты.

Қазіргі заман талабына сай балалардың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту, ізденіс дағдыларын қалыптастыру жолдарын ұсыну-әрбір тәрбиешінің міндеті.

Оқуға деген қызығушылық –өткізілген әрбір тақырып қызықты болғанда ғана артпақ. Сабақты талдау, жинақтау, түйінін ашу баланың «өзім жасасам – ұмытпаймын» -деген дәрежеге жеткізу тәрбиешінің міндеті болмақ.

Осы берілген ашық сабақта балалардың әдеттегідей пәндік білім ,білік, ойлау қызметтін қалыптастыру негізінде оны жеке тұлға тұрғысында тәрбиелеу мақсаты қойылып, соның негізі ретінде баланың дамуы мен тәрбиесін қамтамасыз ету міндеттерін шешу көзделінеді.




Пайдаланылған әдебиеттер:






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!