Материалдар / Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:«Жыл мезгілдері»
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:«Жыл мезгілдері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Күні:10.02.15

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті : Экология негіздері

Тақырыбы: Жыл мезгілдері

Мақсат-міндеттері:

*Табиғаттағы жыл мезгілдерінің (көктем, жаз, қыс, күз) ауысуын және олардың ерекшеліктерін байқау.

*Жыл мезгілдерін сырт белгілеріне қарап ажыратуға , оларды атай білуге дағдыландыру.

*Табиғаттың сұлулығын түсініп, табиғат аясындағы қарапайым мінез-құлық ерекшеліктерін сақтап, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу. Достыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын.

Қажетті көрнекті құралдар: 4 түрлі-түсті шарлар.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Жыл мезгілдері туралы тақпақтар оқу.


Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Қайырлы таң,

Ормандар мен далалар!

Қайырлы таң,

Достасқан бар балалар!

Қайырлы таң,

Біздің бала бақшамыз!

Қайырлы таң,

Жора-жолдас ұл мен қыз!


Балалар қол ұстапсып, бір-біріне жақсы көңіл-күй тіледі.

Іздену- ұйымдастырушы


-Балалар, бүгін мен сендерге құр қол келген жоқпын, мен мына шарларды ала келдім.Бұл шарлар жыл мезгілдерін білдіреді.

-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-Иә, дұрыс айтасындар төрт мезгіл бар. Қане, атап шығайықшы.

-Бұл шарлардың әрқайсысының түсі де, сол төрт мезгілді білдіреді.

-Мына шардың түсі қандай?

-Иә, бұл шардың түсі ақ, ол қыс мезгілін білдіреді. Қыс мезгілінде күн суық болады, жер бетін ақ қар басады.

-Ал, мына сары шар

бұл түс қай жыл мезгілін білдіреді?

-Иә, ол күз мезгілін білдіреді. Себебі күзде ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі, жер беті сары кілемге ұқсайды.

-Ал, жасыл шар қай мезгілді білдіреді деп ойлайсыңдар?

-Иә, бұл көктем мезгілін білдіреді. Бұл түс шөптердің түсі сияқты жасыл. Көктемде табиғат оянып, жер беті жасыл шөпке толады. Ағаштар бүршік жарып, жапырақтар шығады.

-Ал, қызыл шар қай мезгілді білдіреді.

-Иә, бұл түс жаз мезгілін білдіреді. Жаз мезгілінде қып-қызыл гүлдер өседі.Күн ысып, бау-бақша пісе бастайды.

-Қане, балалар, барлығымыз сергіту сәтін орындап бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр, екi, үш,

Иiлемiз солға қарай бiр, екi, үш.

-Балалар, міне жылдың төрт мезгілінің де, өзіне тән ерекшеліктері бар.Осы жыл мезгілдеріне байланысты ақын ағаларымыз көптеген өлеңдер жазған.

Логикалық ойын: «Бұл қай жыл мезгілі?»

Мақсаты: Жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету.

Ойын шарты:Балалар алдарына берілген жыл мезгілдерін ажыратып, атаулары тиіс.


Балалар шарларға таңдана қарады.



-Төрт жыл мезгілі бар.


-Қыс, көктем, жаз, күз.




-Ақ түсті.


Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдады.



-Күз мезгілін.


Балалар сары шарға қызығушылық білдірді.



-Көктем мезгілі.



Барлығы көктем мезгілі туралы қызыға тыңдады.



-Жаз мезгілі.


Балалар қызыл шарға қызығушылық білдірді.






Барлығы көңілдене, қуана сергіту сәтін орындады.



Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдады.






Балалар ойынды ынтамен қызыға ойнады.




Рефлексивті коррекциялаушы

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыста ауа-райы қандай болады?


-Ал, көктемде ауа-райы қандай болады?

-Жазда ше?

-Күз мезгілінде ауа-райы қандай болады?

-Ал сендерге осы төрт жыл мезгілінің қайсысы ұнайды?

-Жаз мезгілі несімен ұнайды?

-Жарайсыңдар, балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатынастыңдар.


-Қазір қыс мезгілі.

-Салқын, аяз болады.

-Қар жауады.

-Күн жылынып, қар ерей бастайды.

-Күн ыссы болады.

-Күн суыта бастайды.Жаңбыр жауады.Жапырақтар сарғаяды.

-Жаз мезгілі ұнайды.

-Күн ысиды.Сыртта ойын ойнаймыз.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Балалар төрт жыл мезгілімен танысып, жыл мезгілдері туралы білді .

Қандай түсініктерді игереді: Әр жыл мезгілінің өзіне тән ерекшеліктері болатынын түсініп игерді.

Меңгерген іскерлікпен дағдылары: Балалар ойын арқылы жыл мезгілдірен дұрыс айырып ажырата білуге дағдыланды.



Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі