Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:«Математика әлеміне саяхат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:«Математика әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Келісемін:

Күні: 06.11.17 ж.

1. Сурет салу оқу қызметі (пән мұғалімінің жоспары бойынша)

2. Дене шынықтыру оқу қызметі (пән мұғалімінің жоспары бойынша)

3.4. Вариативтік компонент: «Занимательный русский» (пән мұғалімінің жоспары бойынша)

Күні: 07.11.17 ж.

1.Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: « Биік- аласа »

Мақсат –міндеттері:

*Таныс заттарды биіктігіне қарай ( биік, аласа) салыстыру; 2 және 3 сандарын салыстыру, теңдік пен теңсіздік орнату.

*1,2,3 цифрларын дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру; өзіне таныс заттарды биіктігіне қарай салыстырып, оларды сол белгілері арқылы салыстыру қабілетін дамыту.

*Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, салыстыру, сұрақ-жауап, логикалық ойын.

Қажетті құрал- жабдықтар: әр балаға жұмыс дәптерлері, қарандаштар, демонстрациялық материал.

Алдын-ала жүргізідетін жұмыс: Серуен кезінде ағаштарды салыстыру.Өткен сандарды еске түсіру.

Полингвизм: Биік-высокий-high; Аласа-низкий-low; Бір – один – one; Екі -два –two;

Үш – три – three

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық –қозғаушы

-Балалар, мына үстелде 1-ден 10-ға дейін сандар жатыр. Таныс цифрды тауып, үш тілде атап беріңдер.


-Жарайсыңдар, балалар. Енді жұмыс дәптерімізді ашайық.


Балалар таныс цифрды тауып үш тілде атады.

-Бір, один, one

-Екі, два, two

-Үш, три, tree.

Дәптерлерін ашып қызығушылық білдірді.

Іздену-ұйымдастыру

шы

1тапсырма.

Тәрбиеші балаларға 3 цифрына сәйкес келетін заттарды бояуға тапсырма берді.

-Неше торсық боядыңдар?

-Қанша кесе боядыңдар?

2тапсырма.

Балаларға суреттегі геометриялық фигура санына сәйкес келетін цифрды нүкте бойынша бастырып сызуға тапсырма берілді.

-Сопақшаның астында қандай цифрды сыздыңдар?

-Дөңгелектерді ше?


-Неше шаршы бар?


3тапсырма:

Биік үйдің қасына аласа ағаштың, ал аласа үйдің қасына биік ағаштың суретін сал.

Сергіту сәті.

Оңға бір қадам,

Солға бір қадам.

Шапалақ ұрамыз,

Алға бір қадам,

Артқа бір қадам.

Шапалақ ұрамыз

4тапсырма:

Тақпақ оқып береді.

Үй жанында байланған,

Бар ғой әсем күшігім,

Бұлаңдатып құйрығын

Күзетеді үйшігін

Бұл не туралы тақпақ, балалар?

Логикалық ойын: «Айырмашылығын тап! »Шарты: Берілген суреттен қанша айырмашылық тапса сонша дөңгелекті бояуы қажет.




-Үш торсық боядық.

-Үш кесе боядық.






-1 цифрын, себебі бір сопақша бар

-3 цифрын, себебі үш дөңгелек бар.

-2цифрын, себебі екі шаршы бар.



Балалар тапсырманы орындады.



Барлығы сергіту сәтін қимылмен көңілдене орындады.








-Күшік туралы тақпақ.


Күшіктердің айырмашылығын тауып, дөңгелектерді бояды.

Рефлексивті-коррекциялаушы

-Жарайсыңдар, балалар. Сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

-Берілген тапсырмалардың қайсысы ұнады?


Полингвизм: Биік-высокий-high; Аласа-низкий-low; Бір – один – one; Екі -два –two; Үш – три – three


-Жарайсыңдар, балалар. Өте жақсы!


-Иә, ұнады.

-Геометриялық пішіндерді санаған, биік –аласа ағаштарды салған, күшіктердің айырмашылығын тапқан ұнады.

Үш тілде айтты.

Мадақтауға қуанды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: 1, 2, 3 цифрларын танып және атай білді.

Қандай түсініктерді игерді: Екі суретті салыстырып, айырмашылығын табуды түсініп игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Биік, аласа ұғымдарын ажырату дағдысын меңгерді.

2.Дене шынықтыру оқу қызметі (пән мұғалімінің жоспары бойынша)

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2021
329
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі