Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:«Қыс қызығы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы:«Қыс қызығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересек тобының оқу қызметінің конспектісі


Күні: 13.01.20ж.

Тәрбиеші: Мусагалиева Ж.Д

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Біздің өлкеге қыс келді.

Мақсаты-міндеттері:

*Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарын бақылау дағдыларын дамыту. *Құрдастарымен жəне ересектермен еркін қарым-қатынас барысында танымдық-зерттеушілік іс-əрекет дағдыларын дамыту.

*Туған өлкенің табиғатымен қарым- қатынаста адамгершілік-эстетикалық сезімдерін тəрбиелеу

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, өлең оқу, сұрақ- жауап, ойын.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Серуен кезінде шана тебу, аққала соғу.

Қолданылатын көрнекіліктер: Қысқы табиғат суреттері, үлестірмелі материал.

Билингвальды компонент: аққала-снеговик-snowman; шана-сани, шана- sledge; қар-снег, қар- snow.


Ұйымдастырылған оқу қызметі:



Шаттық шеңбер:

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз,

Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді.

Бақыттымыз осы біз.


-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Ауа райы қандай?

-Айнала қандай?

Слайдпен қыс мезгілін көрсету.

-Қане, балалар қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтыңдаршы?

-Қандай өзгерістер болады?

-Қардан не жасаймыз?

Сергіту сәті:

Боран соқты оң жақтан,

Боран соқты сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.

-Енді, барлығымыз «қар», «шана», «аққала» сөздерін үш тілде айтайық.

Билингвальды компонент :Аққала - снеговик - snowman; шана – сани - sledge; қар – снег - snow.

-Балалар, өлкемізге қыс келді, айналаның бәрін ақ қар басты. Қыста ауа райы суық болады. Қар жауады. Балалар қармен ойнайды. Енді мен сендерге осы қыс мезгілі туралы өлең оқып берейін, сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Қарға омбығып, бет домбығып,

Сырғанап жастар ойнайды.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?(Ш.Ахметов)

Балалардың назарын тақтаға аудару

Мнемокесте бойыншы суретті өз ойларын айтуға мүмкіндік беремін.

-Қыста балалар немен сырғанайды?

-Балалардың киімдері қандай?

-Суретте Сәбит Айгүлді шанамен сырғанатып жүр. Айгүл көңілді ме?

-Ол не үшін көңілді?

-Арман мен Асқат не істеп жатыр?

-Аққала қандай? Аққала қардан соғылған домалақ қыс кейіпкері.


Зерттеу орталығы:

Мұздың қасиеттерін зерттеу.

1Мұз текшелерін жылы жерге қойсақ ол ериді.

2.Еріген мұзға бояу қосып қатырсақ түсі өзгереді.

3.Қалай ойлайсыңдар мұздың дәмі бар ма?Иісі ше?

4.Бір қалыпты температурасы бола ма?

5Ауыр ма жеңіл ме?

Ал мұз пайдалы ма жоқ па?

Неге пайдалы? (балмұздақ жасайды,сырғанақ жасайды,су астындағы мекендеушілерге аяз қорқынышты емес екен)

Неге зиянды? (жеуге болмайды,құласаң ауыртады,лақтырғанда қатты тиеді,өзенде мұздың бетінен жүруге болмайды)

Логикалық ойын: «Пішіндерді тап»

Ойын шарты: Алдарына берілген қолғаптарды түсіне сай пішіндермен жамауы тиіс.




-Балалар, мына суретте қай мезгіл бейнеленген екен?

- Балалар немен ойнап жүр?

-Қыс мезгілі сендерге ұнайды ма?

-Несімен ұнайды?

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Ойын арқылы қолғаптарды түсіне сай пішіндермен жамай білді.

Қандай түсініктерді игерді: Қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы сипаттап айта білуді түсініп игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Суретке қарап әңгіме құрастыруды және сұрақтарға толық жауап бере білу дағдысын меңгерді.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.04.2021
458
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі