Материалдар / Ашық ҰОҚ конспектісі "Күз байлығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық ҰОҚ конспектісі "Күз байлығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша тәрбиешілеріне пайдалануға болады, бұл ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2020
576
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: Қатынас

ҰОҚ: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Күз байлығы»

Мақсаты: Табиғаттағы маусымдық күз мезгілінде өзгерістер күн салқындап жапырақтар сарғайып түсуі, кейбір жануарлардың ұйқыға кетуі (аюдың), жемістер мен көкөністер жинау, оларды қысқа дайындау туралы түсініктерін кеңейту, өсімдіктердің өсіп-жетілуі үшін арнайы жағдайлар жасалатыны, адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін жинақтау. Берілген шығармалардан үзінділер жатап (өлеңдер) жаттау.

Міндеттері:

Тәрбиелік: Тапсырма орындау арқылы оларды ажыратып жемістерді бөлек, көкөністерді бөлек топтастыруға, аттарын дұрыс атай білу арқылы сөздік қорын дамыту, жалпылауыш сөздерді қолдана білуге (көкөністер, жемістер) үйрету. Түбірлес сөздерді (бақша, бақшада) жасауға және қолдануға жаттықтыру, оларды өз тәжірибесінде белсенді қолдану. Жеміс пен көкіністерді көлеміне қарай дұрыс орналастыра білу дағдыларын қалыптастыру.

Білімділік: Күз мезгілін бейнелеуді (сипаттама беру, тақпақтар айту, әңгімелеу, сурет салу) әңгімелеу тілін қалыптастыру, баланың тірі табиғат нысандарына қатысты оларға қызығушылық пен білуге құштарлық негізінде өзін-өзі дұрыс ұстау жайлы түсініктерін алгоритмдеу арқылы меңгерту.

Дамытушылық: Берілген шығармалардан үзінділер жатап (өлеңдер), ұсынған «Жеміс бағында» тақырыбына сай шығарманы бойынша түсінгенін айтып, әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табуға, компьютерді пайдаланып бірнеше біркелкі заттардың мөлшеріндегі ерекшеліктерін (үлкен және кішкентай көкөністер мен жемістер) суретті орналастыруға қатыстыру. Үлкендердің еңбектерін құремттеуге, үлкендерге көмектесуге ықыластарын арттыру. қыс мезгілін бейнелейтін түстірді тандап, сурет салуға қатыстыру.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Күз мезгілінің маусымдық ерекшеліктерін айту.

Жаңа технологиялар: АКТ, ойын, денсаулық сақтау.

Әдіс-тәсілі: ой қозғау, түсіндіру, әңгімелесу, өлеңдер оқу, жұмбақ жасыру; слайд көрсету; компьтермен тапсырма орындау.

Қажетті көрнекі құралдар: Табиғи жеміс пен көкөністер, үлестірмелі жемістер мен көкөністер бейнеленген суреттер, муляждары, дидактикалық ойынға арналған карточкалар.

Үштілділік компонент: Жемістер-фрукты-fruit, көкіністер-овощи-vegeyables, алма-яблоко-apple, алмұрт-груша-pear, қияр-огурец-cucmber, қызанақ-помидор-tomato.

Аймақтық компонент: «Біздің кеніміздегі көкөністер мен жемістер сататын дүкендер»

І Кіріспе бөлім:

Жұмбақ оқып беру.

Бұл қай кезде болады?

Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Алма, өрік, шие, алмұрт,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын-қарбыз, қияр, сәбіз

Дүкендерге түседі.

Астық пісіп, орақ түсіп

Қырман дәнге толады.

Бөбектерім, айтындаршы,

Бұл қай кезде болады? І.Жансүгіров.

Балалар: Жасырған жұмбақты зейін қойып тындайды.

Дұрыс, бұл күз мезгілінде болады.

Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

Балалар: Суретте жылдың күз мезгілі бейнеленген.

Дұрыс, күз мезгілі.

Күз мезгілі қандай тамаша. Сендер күз мезгілін сипаттап бере аласызба?

Дұрыс. Өте жақсы.

Балалар: Күз мезгілі өте тамаша. Табиғат өте әдемі, айнала сары жапырақтарға толы, балалар ересектерге көкіністер мен жемістер жинасуда.

ІІ Негізгі бөлім:

- Балалар бізге топқа бағбан сияпатқа толы себет әкеліпті. Барлығымыз көріп ішінде не бар екенін айтайық. Аймақтық компонент: «Біздің кеніміздегі көкөністер мен жемістер сататын дүкендер»

Балалар: дүкендерді атайды, әңгімелейді.

  1. - Ойын «Көкөністер мен жемістер жинау».

  2. Ойынның шарты: әр топ өзіне тән заттарды тез арада жинап алу, шапшаңдығы мен жылдамдығын дамыту.

- Балаларға екі топқа бөлінуді ұсыну.

-Бір себетке бақта өсетін заттарды, ал екінші себетке бақшада өсетін заттарды салу.

Балалар: ішінен бір-бірден көкіністер мен жемістерді шығарып көрсетіп атауларын атайды: -мынау алма, алмұрт, мынау қияр, қызанақ, т.б.

Екі себетке жемістер мен көкіністерді бөліп салады.

- Мына себетке нелерді жинап салдық көрейікші.

Қалай аталады, орысша қалай аталады, ағылшынша қалай болады?

Балалар: Мына себетке бақта өсетін жемістерді салдық. Мынау алма-яблоко- apple, алмұрт-груша -pear, жемістер-фрукты- fruit.

Барлығын бірге айтқанда қалай аталады?

Дұрыс. Өте жақсы.

-Ал екінші себетте нелер жиналған.

Осы заттар орысша, ағылшынша қалай аталады айтайық.

Қалай ойласыз бұл заттарды қалай атауға болады?

Балалар: Ал мына себетке бақшада өсетін заттарды жинадық олар қияр-огурец-cucmber, қызанақ-помидор-tomato. Ал мына себетке жиналған барлық заттар

көкіністер-овощи- vegeyables деп аталады.

  1. Өте жақсы.

  2. Ойынды қорытындылау: Ек топта шатаспай тез жинап алды, атауларында дұрыс айты, жарайсындар.

- Кім осы жемістер мен көкіністер туралы тақпақтар біледі?

Балаларға білетін тақпақтарын айтуды ұсыну.

Балалар: жеміс-жидектер туралы тақпақтарын айтады.

  • Балалар жанағы бағбан әкелген себетін ішінде сізге тапсырма бар екен.

Ойын:«Дұрыс орналастыр»

Балаларға суреттер ұсынылады. Суреттерде өсіп тұрған көкөніс, көкөністі жинау мезгілі, тазартып, топтауы және оларды өндеу немесе дүкенге әкеліп сатлуы көрсетілген.

Ойынның шарты: Суреттерді ретімен орналастыу қажет - Бірінші көкөніс қайда өседі?

- Содан соң не істеу керек?

- Жинап алған соң не істейміз?

Бірнеше баладан жауап алу қалай дұрыс орналастырғаны туралы.

Дұрыс. Барлығың өте жақсы жұмыс жасадыңдар.

- Сергіту сәті.

Әне, аюдың апаны,

Жатыр онда дәу аю.

Жайлап басып барайық,

Саңырауқұлақ, бұлдіргенді,

Білдіртпей біз алайық.

Ұйықтап жатқан аюды,

Оятып біз алмайық.

Балалар: Сергіту сәтін орындайды.

- Балалар бағбан әкелген себетін ішінде тілхат бар екен. Мұнда күз туралы әңгіме берілген, ендеше оқимын, сендер мұқият тынданыз.

Жеміс бағында

Ерте, ерте ертеде ме......., әлде қазіргі заманда ма, белгісіз, Әділхан қарияның немересі қаладан қонаққа келеді. Қария немересін қасынан қалдырмай ертіп жүреді екен. Бір күні қария:

- Дәулетжан, бүгін баққа барамыз тұра ғой,- дейді ақырын дауыспен немересін ұйқыдан оятады.

Бұрын – соңды «бақ» деген сөзді естімеген Дәулет таңырқап, «Ол не екен?»- деп ойлайды. Олар баққа келеді. Бақ іші сондай әдемі, бұтақтарын жемістен көтере алмай өсіп тұрған әртүрлі ағаштарды көріп , «бақ» деген сөзге бірден түсінеді. Анасының базардан әкеліп жүрген жемістері де бар екен. Дәулет жеміс ағаштарын қызықтап, бақ ішін аралап жүрді. Бір ағаштың қасына келіп тоқтады. Ол ағаш:

- Мен өрікпін,өрікпін,

Табиғатқа көрікпін-деп, өзін таныстырып, жемісінен үзіп береді.

Келесі ағашқа кездесті. Ол қандай ағаш екен? - Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін, - деп таныстырады. Шие жемісінен үзіп береді.

Биік өсіп тұрған ағаш та жемісінен дәм таттырып, өзін былай таныстырады:

- Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.

Жеміс ағаштарына дән риза болып келе жатқан Дәулетке жүзім тап болды.

- Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім, - деп өзіне таныстырып, жемісінен сыйлайды.

Дәулет атасына біраз көмектеседі. Жемістер жинады, бақшаны тазартты. Әділхан қария немересіне риза болып, «Кішкентай бағбаным» деп басынан сипап, арқасынан қақты.

Балалар: әңгімені мұқият тыңдайды.

Осы әңгіме аяқталмай қалған сияқты, қалай ойлайсыз қалай аяқтауға болады. Кім өзі әңгімені аяқтағысы келеді.

Балалар: Әр бала өз қиялы бойынша әңгіме құрастырады.

2-3 бала әңгімелейді.

Әңгімеде не туралы жазылған? Күз туралы не білдік.

- Балалар қыста жемістер мен көкіністерді қалай сақтап, жеуге болады?

Ондай болса біз қазір компьютер арқылы ойын ойнаймыз.

Тақырыбы: «Анамызға көкініс тұздауға «көмектесейік.

Шарты: Мониторда салынған банкаларға тышқанды пайдаланып, рет-ретімен, қатарлап көкөністерді орналастыру қажет.

- Балалардың бір тобына дайын салынған банка суретіне

көкөністерді салып тұздауды, ал екінші тобына жемістердің суреттерін пайдаланып компот жабуды ұсыну.

Балалар: ойынның шартың зейін қойып тындап, суреттерді ретімен орналастыруды бастайды: алдымен көкініс өсіп жатқан суретті, жинау мезгілін, топырағынан тазартуын, топтауын, өндеп немесе дүкенде сатылуын орналастырады.

- Сурет әдемі болып шығу үшін заттарды дұрыс орналастыру қажет. Көкөністерді банкаға толтырып салып, араларында аздап орын қалдырған дұрыс.

Жұмыс барысында дұрыс орналастыруларын қадағалаймын.

Балалар: Алдымен көкөніс бақшада өседі, пісіп шыққан соң оны жинап алады, жинап алған соң тазартып, топтайды. Дайын көкіністерді қысқыға банкаларға салып тұздауға болады, немесе дүкенде сатады.

Сіз салған қиярлар мен қызанақтардан және алма мен алмұрттан, алхордан дәмді ассорти шығады.

- Тұздауға қандай көкөністер пайдалануға болады екен? Кім айтады?

Балалар: Түстерін айтатын болсақ қиярлар жасыл, ал қызанақтар қызыл түсті болады.

Жемістердің көлемдері бірдей емес, алма мен алмұрт үлкен, сондықтан банкаға аз алма мен алмұрт салынады. Ал жүзім кішкентай көлемді, оларды көбірек салуға болады.

- Олардың пішіндері мен түстерінде айырмашылық бар ма?

- Тандалған жемістердің көлемдері бірдей ме? Олар туралы не айтуға болады?

Кім біледі көкөністер мен жемістердің адам деңсаулығына тиір пайдасы туралы.

- Балалар біз бүгін аналарымызға көп көмек тигіздік, олар жұмыстарынды көріп, қатты қуанады деп ойламын.

Өте жақсы.

ІІІ Қорытынды бөлім:


- Балалар мына ребусті шешіп көрейік.


К Ү З


Соңымен бүгінгі оқу қызметіміз сізге ұнаса көңілді смайліктерінді көтерініз.

Балалар: Суреттерге қарап КҮЗ деген сөз пайда болғанын айтады. Оқу іс-әрекеті ұнағанын көңілді смайліктерді көтеру арқылы білдіреді.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!