Ата - аналар жиналысы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата - аналар жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
ата - аналар жиналысына арналған жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы

"Отбасы мен мектеп - елжанды ұрпақ тәрбиелеудің кепілі"

Жалпы мақсаты

 Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы туралы түсініктерін білу арқылы бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және ата-ана баланың бас ұстазы екенін білу.


Нәтижені болжау

Ата - ананың өз баласын тәрбиелеудегі қарым - қатынасы туралы түсініктерін біледі. өз отбасындағы тәрбиесі өнегесі, баласының басты ұстазы екенін біледі.


Негізгі идея

Ата-аналарды өздерінің балаларының бағалау кезінде жан-дүниесін түсінуге білуге және балаларымыз қиындыққа ұшырағанда қол ұшын соза білуге ықпал ету.

Қолданылатын материалдар:

Постерлер, маркер, стикерлер, таратпа парақтар, видеоролик

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер, Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі.

«Микрофон» әдістері.

Тапсырмалар:

Топтық жұмыс, сауалнама, сұрақ - жауап



Қоданылатын әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ата – аналардың іс әрекеті

Ұйымдастыру (5 мин)

«Өрмекшінің торы»


Сіздермен жақынырақ танысу мақсатында «Өрмекшінің торы» атты тренингін өткіземін. Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты – жөнімді және нені сүйетінімді ,неден қорқатынымды айтамын да, келесі адамға жіпті лақтырамын. Осылайша кезектесіп жіпті бір – біріңізге бересіздер. Бір-бірімізге жіпті беру арқылы өрмекшінің торы шығады. Енді сіз алдыңыздағы адамның аты мен оның нені сүйетінін , неден қорқатынын айта отырып, кері қайтарып бересіздер.


Ата – аналар мұғалімнің нұсқауын орындайды

Топқа бөлу

(2 мин)

Ата-аналар 2-топқа кәмпит түстері арқылы бөлеміз. 
1-топ Қызыл түсті кәмпиттер
2-топ Жасыл түсті кәмпиттер

Ата – аналар топқа бөлініп, отырады.

Баяндама

Баяндама: Ардақты ата-аналар! Қай елде , қай кезде болмасын , бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушыда – балалар, яғни бүгінгі ұрпақ ертеңгі елдің болашағы. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта, бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады) Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян.

  Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Ұлы ғалым, философ Әбунасыр әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі



деген екен. Бұдан шығатын түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ой, сана- сезімі, адамгершілігі әсер еткен.

 Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәулігіне 8 сағат мектепте, 16 сағат өз отбасында тәрбие алады. Менің ойымша отбасы – бұл махаббат үйі , ал бала – бақыт. Сондықтан ата-ана сіздің махаббатыңыз  балаңыздың өмірге деген құштарлығына жол ашады.слайдта

Мұғалімді тыңдайды.

Топтық жұмыс

Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

I-топ Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата – аналардан да «біздің баланы ұрды, боқты сөз айтыпты» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызға деген сіздің әрекетіңіз қандай болмақ? Бала мен ата ананың  диалогі

II-топ Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Мұғалімдермен тіл табыса алмайды. Қалай жөнге келтіресіз? Сіздің әрекетіңіз? Бала мен ата – ананың диалогі

Ата – аналар топпен тапсырмаларды орындайды.

Сергіту жаттығуы

«Жанұя ойыны»сергіту жаттығуы:

1. Балаңыздың туған күні?

2. Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?

3. Балаңыздың парталас көршісі кім?

4. Балаңыз қандай өлшемлі аяқкиім киеді?

5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

6. Балаңыз кеше қандай баға алды?

7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

9. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

10. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

11. Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

12. Балаңыздың ең жақын досы кім?

Ата – аналар сұрақтарға кезекпен жауап береді.

Рефлексия.

(3 мин)

Еркін микрофон 

ата-аналар түсінбеген сұрақтарын қояды.

Ұсыныс, тілектерін айтады.

Кері байланыс

(7 минут)






Құрметті ата –аналар ,бүгінгі жиналысымызды қорытындылау үшін сіздерге анкета ұсынамын соны маған толтырып берсеңіздер.

 ( ата – аналар жиналысының қорытындысы бойынша анкета толтыру )

Мен үшін бүгінгі кездесу жайлы сіздердің ойларыңызды білу өте маңызды. Сіздерге анкета толтыруларыңызды ұсынамын. 

1. Өткізілген кездесу жайлы сіздің ойыңыз?

а) пайдасыз б) біраз пайдалы в) пайдалы г) өте пайдалы

2. Ата – аналар жиналысында өткізілген ақпарат бойынша сіздің көзқарасыңыз?

 а) пайдасыз б) біраз пайдалы в) пайдалы г) өте пайдалы

3. Топтық және басқа да талқылау формалары бойынша, сұрақ қою, басқа ата-аналармен ойларыңызбен, идеяларыңызбен алмастыруды қалай бағалайсыз?

а) пайдасыз б) біраз пайдалы в) пайдалы г) өте пайдалы


Құрметті ата-ана!

Балаңыздың сыныпқа бейімделуін зерттеу, сынып жетекшісіне психологиялық тұрғыдан көмек беру мақсатында төмендегі сауалнаманы толтыруыңызды сұраймын. Мүмкіндігінше әр сұраққа толық және шынайы жауап берсеңіз. Қосымша айтарыңыз болса да қуана қабылдаймын.

  1. Мектепке балаңыз қандай көңіл-күймен барады?

  2. Оқу процесіндегі қиындығын уайымдайды ма?

  3. Сізбен мектепте болған жағдайларымен ой бөліседі ме?

  4. Үй тапсырмасын орындаудағы қиындықтарды қалай қабылдайды?

  5. Сыныптастарына көңілі толады ма?

  6. Қосымша айтарыңыз бар ма?

  7. Пән мұғалімдеріне қояр сұрағыңыз бар ма?

Сауалнама толтырады


Қорытынды

«Өлең шумақ» ойыны.
Ойын барысында 4 сөз беріледі: «Ана», «Бала», «Асығу» және «Дана». Осы сөздері қолдана отырып өлең шумағын құрастырамыз.
Талдау: өлең шумағын бір – бірден оқып талдайды.

І-топ

Ана бақытты,

Болса баласы дана.

Ата-анаға баласы,

Дана болу үшін

Керек емес асығуға.

ІІ-топ

Аман,сау болса баласы,

Бақытты болар анасы!

Әрбір ана асығар,

Болса екендеп  дана-баласы. –деп өлең шумақтарын шығарып ата-аналар талдау жасады.
Қорытынды: Мәселен, мен былай құрастырдым:
Бас иеді барлық адам – АНАҒА,
Жақсылықты ол тілейді – БАЛАҒА.
Мақсатына жеткізуге АСЫҒЫП,
Өз баласын теңейді ол – ДАНАҒА. – деп бүгінгі тренинг – сабағымызды аяқтай келе, бүгінгі тренингтен  ой-пікірлерді және ұсыныстарымызды жазып екі қоржын тұр соған саламыз.

Рухани діңгегі мықты, қазақ елін әлемдік кеңістікке еркін самғата алатындай, білім мен тәрбие деп аталатын қос қанатын қомдаған заманына сай ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімізді қоса берейік.


Ата – аналар өлең шумағын құрастырады.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2023
191
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі