Ата - аналарға арналған кеңес

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата - аналарға арналған кеңес

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопед маманның ата-аналарға арналған кеңесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім – логопед Турганбаева Миргул Алдажаровнаның ата – аналарға арналған кеңесі

Бала тілінің кеш шығуына әсер ететін факторлар

Баланы дүниеге әкелуді жоспарлау керек. Ананың денсаулығы, психоэмоционалдық жағдайы баланың дамуына, оның ішінде тілінің шығуына да әсер етпей қоймайды. Егер әйел жүктілікке жауапкершілікпен қарап, тиісті дәрігерлердің тексеруінен өтсе, ағзасында дәрумендер мен макро-микро элементтер жеткілікті болса оның бәрі өмірге дені сау ұрпақ келуіне ықпал етеді. Сонымен қатар кесір тілігі арқылы туылған балаларда да көп жағдайда тілі кешірек шығатыны байқалады.

Біз түрлі гаджеттердің дамыған заманында өмір сүріп жатырмыз. Оның бәрі баланы қызықтырады, көзін арбайды. Дегенмен шектеу мен бақылау қойылуы керек. Теледидардағы қас-қағым сәтте алмасып жатқан кадрлар, экрандағы кейіпкерлердің іс-әрекеті мен сөздері баланың миына, қабылдауына қиындық туғызады. Өзі сезбегенімен, шаршайды. Сол үшін теледидарды жарты сағаттан көп қарамағаны жөн. Дегенмен бұл теледидарды сөндіріп, баланы өз жайына қалдыру деген сөз емес. Бір нәрсеге тыйым салсаң, шектеу қойсаң, оны алмастыратын әрекет ұсынуың керек. Мысалы, далаға серуендеуге шығарыңыз немесе қолына қағаз бен қарындаш беріп сурет салғызыңыз. Тағы бір тоқтала кететін жайт, ана сүтін емген баланың сөйлеуінде қиындық тумауы. Тамақтану барысындағы тілінің қозғалысының өзі гимнастика, сөйтіп дамиды ол. Бөтелкемен тамақтанғанда баланың тілі, бетіндегі бұлшық еті қиналмайды, өйткені емізіктен аузына еш қиындықсыз сүт тамшылап тұрады.

«Бұрын балалардың тілі ерте шығушы еді» деп айтып жатады. Бұл сөздің жаны бар. Өйткені ол кезде құрт жеді, сүйек мүжіді. Қазіргі балаларымыз жеп жүрген тамақтардың дені жұмсақ. Қатты тамақты тістеп, мүжіп жемеген соң тістің түбі мен қызылеті бекімейді. Оның үстіне кей ата-ана тамақты шайнап беретіні бар. Ауыз қуысы, бетінің бұлшық еті қозғалып, артикуляция болуы керек. Және осындай проблема бар отбасыларға үйде тек бір тілде сөйлеуге кеңес беремін. Қос тіл қатар қолданылатын отбасылардың балалары көп жағдайда логопедтің көмегі керек болады. Отбасындағы психологиялық жағдай да ескерілуі керек, үлкендердің балаға және өзара қарым-қатынастары аса маңызды. Үстемдік көрсетілетін, түрлі қорқыныштары бар балаларда тұтығу, кекештену пайда болады.

Біздің байқауымызша, ауылдық жерлердегі балалардың тілі ерте шығады. Өйткені жан-жануар, мысық, ит әр үйде бар. Оның өзі терапия. Қаладағыдай әр бала толықтай үлкендердің бақылауында емес, еркіндік бар оларда. Балалармен қосылып ойлап, соларға еліктеп, ересек балалардың жасағанын қайталап үйренеді. Әже-аталары да бала тәрбиесіне араласып, оның тілін қызық көріп сөйлетіп, өздері ертегі оқиды.

Ата-аналарға кеңес

Баланың тілі тез шығуы үшін үлкендер әр қимылын, ойын дауыстап айтып түсіндіріп отыру керек. Біздің балаларға үлкендердің әңгімелесуі, тілдесуі жетіспейді. Бала керек нәрсесін қолмен көрсетсе немесе ымдаса ата-анасы бірден оны қолына ұстатады. Енді түк қиналмастан қажеті өтеліп жатса бала сөйлеп қиналып қайтсін? Сол үшін "не керек, су ма шәй ма? Жоқ шырын ба? Жейсің бе, жемейсің бе" деген сұрақтар қою арқылы сөзге тарту керек. Бұл баланың сөздік қорын молайтудың бір жолы. Ұсақ моториканы дамыту жағын естен шығармаңыздар. Саусақты қимылдату мидағы сөйлеу функциясына жауапты тітіркендіреді. 

Гиперактивті балалар болады. Олардың тасып тұрған күшін сыртқа шығаруы керек. Мысалы далаға шығып тас лақтыра ма, жоқ секіре ме, бәрібір ішін босатпайынша маза таппайды. Бізде балабақшада тәрбиешілер үнемі жүгіріп, секіріп дамыл таппайтын бүлдіршіндердің тыныш отыруын талап етеді, үйде де солай. Сондықтан логопед мамандар алдына келген әрбір баланың жанын, қалауын түсінуге тырысады. Тек жаттығу жасаумен шектелмей, оның да қажеттілігіне назар аударамыз. Балабақшадан не басқа да үйірмелерден шаршап келген баламен жұмыс жасау нәтиже бермейтіні белгілі. Бір бала санаулы сабақтан кейін-ақ сөйлеп кетуі мүмкін. Енді біріне бір әріпті қоюға айлап сабақ алуға тура келеді. Жыл бойы логопедтің көмегіне жүгіну жағдайлары кездеседі, оны да қалыпты жағдай деп қабылдау керек.

Комплекс қайдан пайда болады

Бала мектепке дұрыс, анық және түсінікті сөйлеп баруы керек. Себебі құрдастары тілінің кемістігін бетіне басып, мазақтауы мүмкін. Мұғалімдер дұрыстап айтшы, мен сені түсінбеймін деген сияқты сөздер айтып қалады. Оның бәрі балаға ауыр тиеді. Комплекс содан басталады. Кейін бала өзі қалай сөйлейді, солай жазуы мүмкін. Мысалы с-ны «ш» қып, р-ны «л» қып, қалай айтады солай жазуы мүмкін. Ғылымда мұны дисграфия дейді. Бұл әрине сабақ үлгеріміне әсер етпей қоймайды. Сол үшін маман ретінде баланың тілі шығуы үшін онымен тұрақты, жүйелі түрде жұмыс жүргізілуі қажеттігін еске саламын.

Баланы кішкентай, түсінбейді деуге әсте болмайды. Ол үлкендердің өзі жайлы айтып жатқанын ұғады. «Бұл бала дұрыс сөйлемейді» деген сөздерді естіген сайын ол тұйықтала береді. Кейін ер жеткенде де осы комплекстен арыла алмай, адамдармен қарым-қатынасқа түсерде, көпшілік ортада сөйлеуге қиналып, елеусіз қалуға тырысып жатады. Жақында осы ұзақ жылғы тәжірибемді жинақтап ата-аналарға көмекші құрал болсын деген ниетпен кітап шығару ойымда бар.



  • 1. Әр іс әрекет кезінде өз балаңызбен сөйлесіңіз, мысалы, тамақ жасау кезінде, үй жинап жүргенде, киіндіріп-шешіндіргенде, ойнағанда, серуенге шыққанда және т.б. не істеп жатқаныңызды, не көргеніңізді, бала не істегенін, басқа адамдар не істеп жатқандарын және баланың не көріп отырғанын айтып отырыңыз.

  • 2. Асықпай сөйлесіңіз, қалыпты темпте, интонациямен.

  • 3. Құрастырылған сөздерді, сөйлемдерді ДҰРЫС қолданып айтыңыз. Сіздің сөйлеміңіз баланың сөйлемінен 1 – 3 сөзге ұзын болу керек. Егер де сіздің балаңыз өз ойын әлі тек бір сөздік сөйлемдермен ғана білдірсе, онда сіздің сөйлемшеңіз екі үш сөзден тұру керек.

  • 4. АШЫҚ сұрақтарды қойыңыз. Бұл балаңыздың жауап бергенде бірнеше сөздерді қолдануға итермелейді. Мысалы: «Ол ойнып отыр ма?» дегеннің орнына «Ол не істеп отыр?». Егер де бала жауабында қиналса, сұрақты қоя отырып «немесе» деген сөзді қолданыңыз. Мысалы: «Бала секіріп тұр ма немесе жүгіріп бара ма?».

  • 5.  Баланың сөйлеуіне және сұрақтарға жауап беруіне мүмкіндік үшін, уақытты кішкене созып тұрыңыз.

  • 6. Сізді қоршаған дыбыстар мен дауылдарды таңдаңыз. Балаға айтыңыз: «Тыңдашы, ит қалай үретінін, ал бұл желдің дауылы» және т.б. Ал сосын сұраңыз «Бұл не?» Бұл иттің үруі, желдің дауылы, ұшақтың дыбысы, жапытақтардың сылбыры, өзеннің сылдырлап ағуы және т.б.

  • 7. Қысқа әңгіме, оқиғаны айтыңыз. Сосын балаға бұл оқиғаны Сізге немесе басқа кісіге айтып беруіңе көмектесіңіз. Қиналған кездеріңде, бағыттайтын сұрақтарды қойыңыз.

  • 8.  Егерт де бала сөйлегенде бірнеше ғана сөздерді қолданса, оның сөздік қорын байыту үшін жаңа сөздермен таңыстырыңыз. 5-6 сөз таңдаңыз (дене бөліктері, ойыншықтар, азық-түліктер) және оларды балаға атаңыз. Оған сөздерді қайталауға мүмкіндік беріңіз. Бала оларды үздік дыбыстайды деп күтпеңіз. Баланы жандандырып, сөздерді жаттатқыздыра беріңіз. Бала сөздерді дыбыстаған кейін, 5-6 сөзді енгіздіріңіз. Бала оны қоршап жатқан көп заттардың аттарын меңгергенше дейін, осылай сөздерді қосып отырыңыз. Күн сайын жаттықтырыңыз.

  • 9. Егер де бала бір сөз ғана айтса, оған қысқа сөйлемшелерді жаттатқыздырыңыз. Балаңыз білетін сөздерді қолдаңыңыз. Түс, көлем, әрекетті қосыңыз. Мысалы: егер де бала «доп» десе, кейін оны «улкен доп», «Арманның добы», «дөңгелек доп» деуге үйретіңіз.

  • 10. Жаттығулардың көбін ойын түрінде өткізіңіз. Баламен жұмыс оның сөзді еліктеуін, байланыс тілдің элементтерінің қалыптасуын, естің және зейіннің дамуын белсендіреді.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі