Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ата - аналарға арналған тренинг
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ата
- аналарға арналған тренинг
Сәлеметсіздер ме! Қымбатты ата – аналар! әріптестер!
Бүгінгі «Барлық әлем мен үшін!» апталығына орай ұйымдастырылған
«Ата – аналарға арналған» тренингке қош келдіңіздер.
Мақсаты: сіздердің көңіл – күйлеріңізді жақсарту, бірігіп жұмыс
істеу жүйесін дамыту, ой қозғату, әдістемелік көмектер беру.
Қатысушылар: ата – аналар, мұғалімдер
Жұмыс түрі: топтық
Көрнекіліктер: тақта, бейне слайд, фламастерлер, ватман т. б
Жоспар:
1. Гүл бейнесіндегі отбасын таныстыру.
2. «Бақыт деген не өзі»
3. Аяқталмаған сөйлем
4. Ата – аналарға сөйлем
5. «Суреттер сөйлейді» ойыны
6. Флеш – моб
7. Релаксациялық жаттығу
8. Сабақ аяғындағы көңіл – күйді көрсету.
Жүргізуші: Тренингті бастамас бұрын, танысып алайық, «Гүл
бейнесіндегі отбасын таныстыру» ойынын өткізейік. Әрбір қатысушы өз
отбасын гүл бейнесінде салып таныстырып өтеді.
Келесі жаттығуымыз «Бақыт деген не өзі» деп аталады.
Кез келген адамнан өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін сұраңызшы.
« Мен тек бақытты болғым келеді» Біз бәріміз де сол үшін өмірге
келгенбіз. Бірақ бақыт деген не?
Ата – аналар, қатысушылар өз ойларымен бөліседі.
Ортаға класс жетекші шақырылып тапсырма беріледі; бүгінгі
қатысушылардың ішінен ең бақытты деген кісілерді орын - орнымен
тұрғызу.
Әрине «Қанағат қарын тойғызады», ендеше қанағат болған жерде бақыт
та болады. Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң, өзіңде бақытқа
кенелесің. Өмірдің қызығы да осында!
«Аяқталмаған сөйлем»
5 – 6 қатысушы үлестірмелі қағаз таңдап алады. Берілген сөйлемді
аяқтау қажет.
Сәби бақыты, ол –
Ата - ана бақыты, ол –
Әйел бақыты, ол –
Ер - азамат бақты, ол –
Ұстаз бақыты, ол –
Барлықтарыңыздың пікірлеріңізге көп - көп рахмет.
Ата - аналарға ұсыныс!
(оқылып, таратылады)
Релаксациялы жаттығу. (жағымды, жай әуен тыңдалады)
Жүргізуші: ыңғайлы отырыңыз. Бүгін біз ұшқыш кілемімен саяхатқа
шығамыз. Кілем ауаға көтерілуі үшін босаңсуымыз керек. Бұл сіздің
қолыңыздан келеді. Көзімізді жұмамыз. Қолымыздың саусақтары
жылынады, қолымыз жылы және ауыр. Жылу аяқ қолдан жоғарылап, іш,
кеуде, арқаға жылжыды. Бетіңіз босаңсыды. Ұшқыш кілем жаймен жоғары
көтеріліп келеді. Міне, ұшып та кеттіңіз....
... Үлкен үстелдің үстімен ұшып барасыз. Шағалалар ұшып жүр.
Жағалауда қайықтар тербеліп тұр. Көгілдір бұлттар жөңкілуде.
Бұлттардың кейбіреуі үлпілдек қоянға, біреулері мақтаға,
кішкентайлары ақ мысыққа ұқсайды. Кілем ақырындап жерге түсіп келе
жатыр. Міне, сіз әдемі бақтың ішіндесіз. Айнала гүлге толы, бәрі
сізге басын изеп, сәлем беруде. Сіз бақтағы соқпақ жолмен жүріп
алаңқайға шықтыңыз. Балалар доп ойнап жүр. Сіздің аяғыңызға доп
домалап келді. Сіз допты көтеріп, жоғары лақтырасыз, доп ұшып
кетті. Бұл немене? Сізде ұшып барасыз. Өзіңіз ұшқыш кілемсіз
ұштыңыз. Қолыңыз екі жағыңызда құс сияқты ұшып кетесіз. Міне, сізге
таныс көл көрінеді, шағалалар қанаттарын бұлғап сәлем жолдауда.
Қайықта отырған балықшы сізге қол бұлғайды.
Сіз әрі қарай ұшасыз. Қасыңызда үлпілдек мысық сияқты бұлт бірге
келеді. Сіз төмен түсе бастадыңыз. Міне орнымызға да келдік. Мысық
сізге ілесіп келеді. Жып жылы мысық сіздің алдыңызда отыр. Оны
сипаңыз да қасыңызға отырғыңыз. Серуен сізге ұнады деп
ойлаймын.
Енді алдарыңыздағы стикерлерге серуенде көргендеріңіздің суретін
салып, тілек тілеп, тақтаға табиғат бейнеленген плакатқа
жапсырыңыз, дауыстап оқыңыз.
Сабақ аяғындағы көңіл - күйімізді көрсетеміз.
Естелікке суретке түсу
«Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі»
ата-ананың мектептегі алатын орны
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесіне ерекше дамытушыда, ілгері апарушыда-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы.
Шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген.
Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеу демектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.
Мақсаты:
Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Сынып жетекшінің міндеті:
-
Ата-аналармен тығыз байланыста болу;
-
жиналысын өткізу;
Ата-ананың міндеті:
а) Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;
ә) Сабақтан келген балаңның күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;
б) Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;
в) Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымы мен байланыста болу;
г) Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркіңізбең оқу-тәрбиесі -шараларына қаржылық көмек көрсету;
ғ) Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын өткізуімен және оқуға үлгермеу үшін емес тәртіпсіз балалардың ата-аналарын барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарғ амектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналар мен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланыстык өптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.
І. Оқушының жанұясына барып тұру.
Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде,сынып жетекшісі оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады.
Ата-аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Кейде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ сынып жетекшісі оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандай да бір қоғамдық пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек. Ата-аналар мектепмұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.
II. Ата-аналармен хат алмасу.
Кейбір сынып жетекшілері жанұяменбайланыста ата-аналармен хат жазысып тұру түрін қолданады. Хат арқылы мектеп оқушысының үлгерімі мен тәртібі туралы хабарлап тұрады. Кейде хат жазғанда ата-аналардан жанұя тәрбиесіндегі қиындықтар туралы сұрауға, бала тәрбиесі жөнінде олар қандай әдебиеттер оқитынын біліп, ол жөнінде тиісті жаңа кітаптар ұсынуға болады. Ата-аналармен хат жазысуға оқушының күнделік дәптері пайдаланылады. Сынып жетекшілері онда оқушысының оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысты тәртібі туралы қысқаша жазып отыру керек.
ІІІ. Сыныптық ата-аналар жиналысы.
Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі. Олардың мақсаты ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Сынып жетекшілері ең бірінші өздерініің жетекшілік етіп отырған сыныбында ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуіміз керек. Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады.
Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы», «Балаларды ұқыптылыққа үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Баланың мінез-құлығын тәрбиелеу туралы», «Сыныптан тыс оқуға қалай басшылық жасау керек» т.б. Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде, немесе, күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз, тіпті тілдеп те жібересіз.
Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады.
Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз;
Халық даналығында:
«Баланы 5-ке дейінпатшаңдайкөтер,
15-ке дейінқұлыңдайжұмса,
15-тен кейіндосыңдайсыйла,» - дегенкереметұлағаттынақыл бар. Соныәрдайымбасшылыққаалыңыз.
Бала бойындағыжағымсызмінез-құлықтарүнеміесепкеалынса;
ата-ана мен мұғалімбірліктеболып, баланыңжақсы, жағымдыістерінылғимарапаттауқажет.
Қоршағанортадағытерісәрекеттерденүнемісақтандырыпотырса, мұғалім мен ата-анаәрқашансергектік, шыдамдылықтанытып, жанжылуынберіп, шеберліккөрсетебілсе, ондабалаларымызөзімшілболмай, қиындықтанқашпай, міндетті мен парызынорындайтынұрпақболарыанық.
Ата-аналаркодексінде:
-Ата-анаерекшежағдайдағанаемес, тәрбиеменұдайыайналысуғаміндетті;
-Баланы тәрбиелеуүшіната-анаөзімізтәрбиеліболуымызкерек. Тәрбие беру-ақылайтуемес;
-Баланы жақсыкөргендізініздімейірімді, жылысөзбенжеткізіпотырыңыз;
-Мектептегіжағдайдыжақсартумақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар.
-Қателігінтүсінебілетін,
Дұрысжүріп, күтінебілетін,
Үлкендісыйлап, кішінісүйетін,
Білімді жинап, дүниені шолатындай, - балаларыңыз, үлкен азамат болып өссің!
Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: "Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақыттытаңдай біліңіз.
Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды деген", - парасатты ойымен түйіндегенді жөн көрдім.
Тәрбие басы - тал бесік
Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы, көз қуанышы — бала. Бала — дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. «Бала нені білсе жастан, ұядан — өле-өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиешісі көрсін» деген Иран мәтелі де соны меңзейді. Бұл орайда мектептің де атқаратын рөлі зор. Өйткені, отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты. Баланың басты ұстазы - ата-анасы. Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша, іс алға баспайды. Ата-ана мұғалімге көмекші. Сенімді тірек болса, мұғалімде сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі.
Ата-аналарға арналған тренинг
Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Тапсырма:
I бөлім.
-
(жай әуенмен 2 шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап баланың қасиетін айтады)
-
(доп беру арқылы ата-ана жауап береді)
Балаңы жастан бақпасан,
Жамандықтан қақпасан.
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана.
II бөлім. Жалпылау.
Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.
- иә десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз;
- жоқ десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата – ана бірдей ықпал жасай-ма?
- егер жанұя десеңіздер жымиыңыз.
- Егер қоршаған орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз.
- Егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз,
- Егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.
Ой жинақтау ( плакат, фломастер, қалам)
1) Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз.
2) Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?
( Сурет – схема арқылы өз ойларын талдайды )
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдыңа алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой - өлкесі, - деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.
Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Сондықтан да, мына жайттарды ескерейк:
Қорытынды.
Қадірлі ата-ана «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға жастайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
1-жартыжылдықта жүргізілген жұмыстарға есеп (слайд)
а) Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін арттыру;
ә) Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында үйлесімді жұмысты жолға қою.
Міндеттері :
- Ата – аналардың бала тәрбиесіндегі ролі және негізгі психологиялық себептері туралы түсініктерін кеңейту.
-Ата — аналар бір-бірімен тәжірбие алмасу арқылы баланы тәрбиелеу .
Отан отбасынан басталады
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адамның бойындағы ар-ұятты, ақыл-ойды, адамгершілікті, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы - өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. 2006 жыл – Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды. «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі»- болғандықтан мектебімізде бұл мерекені жылда әр түрлі іс-шаралармен атап өтеміз. Биылғы жылы 2-сыныптардың арасында «Отан отбасынан басталады» тақырыбында отбасылық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты - ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, қазақтың салт-дәстүрін, отбасының бірлігі мен ынтымақтастығын, бала тәрбиелеудегі ерекшеліктерін үлгі ету. Сайысқа 2 «Б» сыныбынан Касеновтар, 2 «В» сыныбынан Марал отбасы, 2 «Г» сыныбынан Мубараковтар және 2 «Е» сыныбынан Ахмединдер отбасы қатысты.Сайыс 5 бөліммен өтті. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылатындықтан сайсымыздың бірінші бөлімінде отбасылар өздерін таныстырып өтті.Қатысушылардың отбасындағы сұлулық тәрбиесінің мақсатынан баланы көркемдік пен сұлулықты тануға, оған баға беруге, күнделікті өмірдегі адамның жеке басының, қатынас, үй-жағдай және киім-кешек мәдениетін,сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасуының қалыптастыру және талғампаздыққа тәрбиелеуді көздегендері көрінді. Бірінші болып Мубараковтар отбасы шығып, өздерінің салауатты өмір салтын қолдайтындарын көрсетіп, дені саудың жаны да сау болатынын әділ-қазылар алқасы мен көрермендерге спорттық нақышта дәлелдеді. Жас отбасы Ахмединдер өздерінің биязы мінездерімен, сүйкімділіктерімен таң қалдырса, Марал отбасы да өздерін қарапайымдылығымен танылды. Ал Касеновтар отбасы өздерін отағасы бастаған салт-дәстүріміздің тамырын ұстаған, отанасы қостаған баланың тұлға болып өсуіне үлес қосып жатқандарын әдемі, үйлесімді өлең шумақтарымен таныстырды.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»дегендей, Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр болғандықтан, сайысымыздың екінші бөлімінде әр отбасы өздерінің өнерлерін көрсетті. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық. Мубараковтар отбасы әр түрлі аспаптарды пайдалана отырып, тамылжытып ән айтса, Марал отбасы «Қара жорға» биін биледі. Ал, Ахмединдер отбасы өздерінің еліміздің потриоты екендіктерін көрсете отырып, «Атамекен» әнін орындады. Касеновтар болса, өздерінің өнерден құр алақан еместіктерін әкесі домбырамен ән шырқап, ажарлы қызы мың бұралып билеп көрсетті.
Отбасының басты қызметі - баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайтындықтан, сайысымыздың үшінші бөлімі «Таң қалдырыңыз» айдарымен өтті. Бәйгені бірінші болып Мубараковтар отбасы бастап, отанасы 1-2 минуттың ішінде өзінің аспаздық өнерімен көздің жауын алатын балық пен қарбызды көркемдеп әшекейлеп, әділ қазы алқасына ұсынды. Марал отбасы өздерінің заман талабына сай, инновациялық технологияларымен бар көрерменді тәнті етсе, Ахмединдер отбасы қолөнерімен таң қалдырды. Ал, Касеновтар отбасынан отағасы шығып, отанасына шығарған әнін орындап таң қалдырды.
Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұра ретінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулуды айтатын болсақ, еңбек іс – әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігі қалыптасады. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, сайысымыздың төртінші бөлімі «Қолөнер», бұл бөлімде отбасылар саусақтарынан тамған туындыларынан көрме жасады. Сайыскерлердің барлығының шеттерінен өнерлі екендері жасаған қолөнерлері көздің жауын алатын көрмелерінен көрінді.
Сайысымыздың бесінші бөлімінде отбасылардың шапшандықтары, алғырлықтары шаршыдағы әріптерден сөз құрауларынан байқалды.
«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады»-Н.Ә.Назарбаев,- айтқандай, әр отбасының өзіне тән ерекшелігі көрінді.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Сайысымызда бірлігі жарасқан, салт-дәстүрді сақтайтын, өнегелі отбасы деп бас жүлдеге ие болған 2 «Б» сыныбынан қатысқан -Касеновтар отбасы танылды. Сынып жетекшісі-Шажлиева Асемгуль Омиртевна. Заман талабына сай, жаңашыл, үлгілі отбасы деп І орынға ие болған 2 «Г» сыныбынан қатысқан -Мубараковтар отбасы көрінді. Сынып жетекшісі-Курмангалиева Гульнур Мирашовна. Жаңа технология ерекшеліктерімен өнер көрсеткен 2 «В» сыныбынан қатысқан Марал отбасы ІІ орынға ие болды. Ең жас отбасы көрерменнің патриоттық сезімдерін оята білген және ІІІ орынға ие болған 2 «Е» сыныбынан қатысқан Ахмединдер отбасы. Сынып жетекшісі- Жетенова Анар Кенесовна.
Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата-асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала жағасындағы құрақ – деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.
Сабақты тоқтату туралы ақпаратты:
- «31-канал» теледидар арнасының жүгіртпе жолында сағат 6.30-дан 8.00-ге дейін (бірінші ауысым үшін) және 12.15-тен 13.00-ге дейін (екінші ауысым үшін);
- сондай-ақ сабақты тоқтату туралы ақпаратты 118-01 (9.00-ден 18.00-ге дейінгі аралықта), 38-04-10, 169 (ақылы) қызметі телефондарынан алуға болады;
- 103.2 ҒМ «Деловая волна» Астана қаласы үшін радиосынан хабарлайды;
- ата-аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына хабарласуға болады.
Сабақты тоқтату параметрлері туралы Білім
басқармасының astana-bilim.kz сайтынан оқуға
болады.
«Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі»
ата-ананың мектептегі алатын орны
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесіне ерекше дамытушыда, ілгері апарушыда-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы.
Шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген.
Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеу демектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.
Мақсаты:
Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауаттыұрпақтәрбиелеу.
-
Сынып жетекшінің атқаратын міндеті;
Сынып жетекшінің міндеті:
-
Ата-аналармен тығыз байланыста болу;
-
жиналысын өткізу;
Ата-ананың міндеті:
а) Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;
ә) Сабақтан келген балаңның күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;
б) Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;
в) Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымы мен байланыста болу; г) Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркіңізбең оқу-тәрбиесі -шараларына қаржылық көмек көрсету;
ғ) Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата-аналар жиналыстарын өткізуімен және оқуға үлгермеу үшін емес тәртіпсіз балалардың ата-аналарын барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез-келген жұмыстарғ амектепішілік іс-шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін-сынып оқушыларының ата-аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата-аналар төрайымымен және сынып ата-аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата-аналар мен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланыстык өптеген ата-аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата-аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыныңыздың ата-анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.
-
Оқушының жанұясына барып тұру.
Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде,сынып жетекшісі оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады.
Ата-аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Кейде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ сынып жетекшісі оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандай да бір қоғамдық пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек. Ата-аналар мектепмұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.
II. Ата-аналармен хат алмасу.
Кейбір сынып жетекшілері жанұяменбайланыста ата-аналармен хат жазысып тұру түрін қолданады. Хат арқылы мектеп оқушысының үлгерімі мен тәртібі туралы хабарлап тұрады. Кейде хат жазғанда ата-аналардан жанұя тәрбиесіндегі қиындықтар туралы сұрауға, бала тәрбиесі жөнінде олар қандай әдебиеттер оқитынын біліп, ол жөнінде тиісті жаңа кітаптар ұсынуға болады. Ата-аналармен хат жазысуға оқушының күнделік дәптері пайдаланылады. Сынып жетекшілері онда оқушысының оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысты тәртібі туралы қысқаша жазып отыру керек.
-
Сыныптық ата-аналар жиналысы.
Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі. Олардың мақсаты ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Сынып жетекшілері ең бірінші өздерініің жетекшілік етіп отырған сыныбында ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуіміз керек. Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады.
Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы», «Балаларды ұқыптылыққа үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Баланың мінез-құлығын тәрбиелеу туралы», «Сыныптан тыс оқуға қалай басшылық жасау керек» т.б. Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде, немесе, күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз, тіпті тілдеп те жібересіз.
Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады.
Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз;
Халық даналығында:
«Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер,15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз.
Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса; ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет.
Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық.
Ата-аналар кодексінде:
-Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті;
-Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес;
-Баланы жақсы көргендізінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз;
-Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар.
-Қателігін түсіне білетін,
Дұрыс жүріп, күтіне білетін,
Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,
Білімді жинап, дүниені шолатындай, - балаларыңыз, үлкен азамат болып өссің!
Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: "Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақыттытаңдай біліңіз.
Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды деген", - парасатты ойымен түйіндегенді жөн көрдім.
Тәрбие басы - тал бесік
Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы, көз қуанышы — бала. Бала — дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. «Бала нені білсе жастан, ұядан — өле-өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиешісі көрсін» деген Иран мәтелі де соны меңзейді. Бұл орайда мектептің де атқаратын рөлі зор. Өйткені, отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты. Баланың басты ұстазы - ата-анасы. Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша, іс алға баспайды. Ата-ана мұғалімге көмекші. Сенімді тірек болса, мұғалімде сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі.
Ата-аналарға арналған тренинг
Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Тапсырма:
I бөлім.
-
(жай әуенмен 2 шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап баланың қасиетін айтады)
-
(доп беру арқылы ата-ана жауап береді)
3. Қызықты сурақтар:
Балаңы жастан бақпасан,
Жамандықтан қақпасан.
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана.
II бөлім. Жалпылау.
Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.
- иә десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз;
- жоқ десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата – ана бірдей ықпал жасай-ма?
- егер жанұя десеңіздер жымиыңыз.
- Егер қоршаған орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз.
- Егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз,
- Егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.
Ой жинақтау ( плакат, фломастер, қалам)
1) Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз.
2) Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?
( Сурет – схема арқылы өз ойларын талдайды )
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдыңа алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой - өлкесі, - деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.
Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Сондықтан да, мына жайттарды ескерейк:
Қорытынды.
Қадірлі ата-ана «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға жастайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.
1-жартыжылдықта жүргізілген жұмыстарға есеп (слайд)
а) Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін арттыру;
ә) Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында үйлесімді жұмысты жолға қою.
Міндеттері :
- Ата – аналардың бала тәрбиесіндегі ролі және негізгі психологиялық себептері туралы түсініктерін кеңейту.
-Ата — аналар бір-бірімен тәжірбие алмасу арқылы баланы тәрбиелеу .
Отан отбасынан басталады
(жанұялық байқау)
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адамның бойындағы ар-ұятты, ақыл-ойды, адамгершілікті, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы - өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. 2006 жыл – Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды. «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі»- болғандықтан мектебімізде бұл мерекені жылда әр түрлі іс-шаралармен атап өтеміз. Биылғы жылы 2-сыныптардың арасында «Отан отбасынан басталады» тақырыбында отбасылық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты - ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, қазақтың салт-дәстүрін, отбасының бірлігі мен ынтымақтастығын, бала тәрбиелеудегі ерекшеліктерін үлгі ету. Сайысқа 2 «Б» сыныбынан Касеновтар, 2 «В» сыныбынан Марал отбасы, 2 «Г» сыныбынан Мубараковтар және 2 «Е» сыныбынан Ахмединдер отбасы қатысты.Сайыс 5 бөліммен өтті. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылатындықтан сайсымыздың бірінші бөлімінде отбасылар өздерін таныстырып өтті.Қатысушылардың отбасындағы сұлулық тәрбиесінің мақсатынан баланы көркемдік пен сұлулықты тануға, оған баға беруге, күнделікті өмірдегі адамның жеке басының, қатынас, үй-жағдай және киім-кешек мәдениетін,сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасуының қалыптастыру және талғампаздыққа тәрбиелеуді көздегендері көрінді. Бірінші болып Мубараковтар отбасы шығып, өздерінің салауатты өмір салтын қолдайтындарын көрсетіп, дені саудың жаны да сау болатынын әділ-қазылар алқасы мен көрермендерге спорттық нақышта дәлелдеді. Жас отбасы Ахмединдер өздерінің биязы мінездерімен, сүйкімділіктерімен таң қалдырса, Марал отбасы да өздерін қарапайымдылығымен танылды. Ал Касеновтар отбасы өздерін отағасы бастаған салт-дәстүріміздің тамырын ұстаған, отанасы қостаған баланың тұлға болып өсуіне үлес қосып жатқандарын әдемі, үйлесімді өлең шумақтарымен таныстырды.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»дегендей, Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр болғандықтан, сайысымыздың екінші бөлімінде әр отбасы өздерінің өнерлерін көрсетті. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық. Мубараковтар отбасы әр түрлі аспаптарды пайдалана отырып, тамылжытып ән айтса, Марал отбасы «Қара жорға» биін биледі. Ал, Ахмединдер отбасы өздерінің еліміздің потриоты екендіктерін көрсете отырып, «Атамекен» әнін орындады. Касеновтар болса, өздерінің өнерден құр алақан еместіктерін әкесі домбырамен ән шырқап, ажарлы қызы мың бұралып билеп көрсетті.
Отбасының басты қызметі - баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайтындықтан, сайысымыздың үшінші бөлімі «Таң қалдырыңыз» айдарымен өтті. Бәйгені бірінші болып Мубараковтар отбасы бастап, отанасы 1-2 минуттың ішінде өзінің аспаздық өнерімен көздің жауын алатын балық пен қарбызды көркемдеп әшекейлеп, әділ қазы алқасына ұсынды. Марал отбасы өздерінің заман талабына сай, инновациялық технологияларымен бар көрерменді тәнті етсе, Ахмединдер отбасы қолөнерімен таң қалдырды. Ал, Касеновтар отбасынан отағасы шығып, отанасына шығарған әнін орындап таң қалдырды. Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұра ретінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулуды айтатын болсақ, еңбек іс – әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігі қалыптасады. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, сайысымыздың төртінші бөлімі «Қолөнер», бұл бөлімде отбасылар саусақтарынан тамған туындыларынан көрме жасады. Сайыскерлердің барлығының шеттерінен өнерлі екендері жасаған қолөнерлері көздің жауын алатын көрмелерінен көрінді.
Сайысымыздың бесінші бөлімінде отбасылардың шапшандықтары, алғырлықтары шаршыдағы әріптерден сөз құрауларынан байқалды. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады»-Н.Ә.Назарбаев,- айтқандай, әр отбасының өзіне тән ерекшелігі көрінді.