Ата-аналарға арналған тренинг «Бала –
өмір жалғасы» 3
сынып
Тақырыбы:Бала – өмір
жалғасы
Мақсаты: Ата-аналарға баланың мектепке
бейімделуінің психологиялық ерекшеліктері, бала тәрбиесіндегі
отбасы қарым-қатынасының ролі, ата- ана ескеруге тиісті жағдайлар
жөнінде түсінік беру арқылы ата-аналардың психологиялық
біліктілігін арттыру. Өзін
өмірдің бір бөлшегі ретінде сезіндіру, өзін және өзгені бағалай
білуге көмектесу.
Күтілетін
нәтиже: тренинг барысында кез келген
жағдайда қарым - қатынаста бір - бірін түсіне
білу. ата-ананың бала тәрбиелеудегі
оң психологиялық көзқараста болуы, балаға деген жауапкершілік
сезіне білуі.
Түрі: тренинг
Қатысушылар:сынып ата-
аналары.
Қажетті заттар мен
құралдар:Интерактивтік тақта ,слайд,А4
форматтағы қағаз, қалам, жаттығуларға арналған парақтар,
дәйексөздер,гүл,күннің бейнесі..
.
Тренинг
ережесі: Сенімділік, Сыйластық, Жақын
араласу
Тренинг барысы:
-
Сәлемдесу рәсімі
-
Гүл
ұсыну.
-
«Күндей
күлейік»
-
«Өтінемін» ойыны.
-
Сұрақ-жауап «Мадақтау-жазалау»
-
«
Жұдырығыңды аш» жаттығуы
-
«Бес
саусақ»
-
Қорытынды:Бейнетаспа
көру
Барысы: Ата – аналар шеңбер жасай
тұрады.
1.
Сәлемдесу Бір күнгі танысыңа қырық күн
сәлем дегендей біз бүгін бір – бірімізбен дәстүрден тыс
амандасу түрлерін жасаймыз.
1 нұсқа. Алақанымыздың ішін
және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей
қарайық
2 нұсқа. Бір – бірімізге
маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.
3 нұсқа. Оң және сол жақ
иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу. Сәлемдесу кезінде қандай әсерде
болдыңыздар? Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя,
отағасы, т.б.)
2. Гүл
ұсыну. Бала сіз үшін кім? Гүлді
бір-біріне ұсынып сұраққа жауап беру. Бала – болашағым, серігім,
бақытым, өмірімнің жалғасы т.б.
3. «Күндей
күлейік» Ойлауға арналған сұрақтар. Әр
адам аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмелер алады да өз сөздерімен
сөйлемді аяқтап күнді құрастырып шығарады.
1. Ең үлкен қорқыныш бұл –
....
2. Мен қуаныштымын,
себебі.....
3. Баланы үнемі қолдап
отырса.....
4. Мен үшін бақыт
деген.....
5. Отбасының қорғаны
кім?
6. Балаңыз сізге қасқыр мен
түлкі туралы ертегі айтып беруін өтінді, сіздің
әрекетіңіз
7. Мақалды жалғастыр. Бала жас
шыбық... (қалай исең, солай иіледі)
8. Балаңыздың қандай да бір
іске өнері, қызығушылығы байқалсы не істер
едіңіз?
9. Балаңызды еркелеткенде
қандай сөздер айтасыз?
10. Балаңыз сізді ренжітті,
сіздің іс - әрекетіңіз.
4. «Өтінемін»
ойыны.
Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы
қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай
білуге үйрету.
Барысы: Қатысушылар ортаға шеңбер
жасап тұрады.
сіздерге бірнеше нұсқаулар
айтамын. Сіздер іс – қимылмен көрсетесіздер. Мен «өтінемін» сөзін
қосып айтқанда ғана қимылды жасайсыздар. Мысалы: Өтінемін қолымызды
көтерейік Өтінемін билейік Ал енді бір – бірімізді құшақтайық.
Өтінемін бір – біріңізге қарап жымиыңыздар Ал енді қабағымызды
түйеміз. Қол шапалақтаңдар!т.с.с.
5.Сұрақ-жауап: «Мадақтау мен
жазалау»
Мақсаты: Ата-ананың балаға деген көңіл
бөлуін байқау.
Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір
жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын
сөздерді,
ал екінші жағына, сөгіс
жариялау кезінде қолданылатын сөздерді
жазыңыз.
Қай бөлікте сөздердің көп
болғандығы жайында сараптама жасалып, ата-аналарға қорытынды жасау
ұсынылады.
6. « Жұдырығыңды аш»
жаттығуы ( баламен жағымды қарым -
қатынас орната білуді түсіндіру). Қатысушылар жұпқа бөлінеді.
Біреуі жұдырығын түйеді, екіншісі қандай жолмен болса да ашуға
тиіс. Күш жұмсамай –ақ өтіну арқылы мәселені шешуге болатындығы
жөнінде талдау жасалады.
7. «Бес
саусақ»
Мақсаты:Ата-аналардың тренингтен алған
әсерлерін байқау.
Барысы:Ата-аналарға ақ парақ
таратылады,оған өз қолдарын бастырып салып,әр саусаққа қандай әсер
алғандарын жазады.
Бас бармақ-бәрі маған маңызды
қызықты болды
Балан үйрек-маған қиын болды
ұнаған жоқ
Ортан терек-маған бір нәрсе
жеткіліксіз болды
Шылдыр шүмек-менің көңіл
күйім
Кішкентай бөбек-менің
ұсынысым
8.Қорытынды:Бейнеролик
көру
Құрметті ата – аналар бала
тәрбиесі ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Олай болса
отбасында балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге
атсалысайық