«АТА - ӘУЛЕТТІҢ ТІРЕГІ, ӘЖЕ – ҰРПАҚТЫҢ ЖҮРЕГІ» ата әжелермен кездесу кеші

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«АТА - ӘУЛЕТТІҢ ТІРЕГІ, ӘЖЕ – ҰРПАҚТЫҢ ЖҮРЕГІ» ата әжелермен кездесу кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
«АТА - ӘУЛЕТТІҢ ТІРЕГІ, ӘЖЕ – ҰРПАҚТЫҢ ЖҮРЕГІ» ата әжелермен кездесу кеші
Материалдың қысқаша нұсқасы

«АТА - ӘУЛЕТТІҢ ТІРЕГІ, ӘЖЕ – ҰРПАҚТЫҢ ЖҮРЕГІ»

ата әжелермен кездесу кеші


Мақсаты: 

Жас жеткіншектердің бойына отбасының қос шынары – ала таудай атасы және аналардың анасы – әженің адам өмірінде алатын орнын, оларға құрмет көрсету – халықтық дәстүр екендігін ұғындыру, адамгершілікке, инабаттылыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.

Армысыздар, ата-әже қариялар!

Елімнің шежіресі дариялар.

Кең пейіл, өрісі биік, дарқан көңіл,

Біздерге асыл жандар, аяулылар.

Қош келдіңіздер, құрметті ата-әжелер, ұстаздар, оқушылар! «Ата- Әулеттің Тірегі, Әже – Ұрпақтың Жүрегі» тақырыбындағы ата - әжелермен кездесу кешін мектебіміздің директоры Кәмшат Аманжолқызына ашып берсин деп сөз кезегін береміз.


Ақ ниетімен, ақ батасымен айналасын арайландырған, жүрегі махаббат пен шапағаттан жаралған ата мен әже атты абзал жандар – өнегелі өмірдің сыны мен сыры жайлы шұрайлы шежіре шертетін тірі тарих. Өмір атты тынымсыз тіршілікте көңілі таудағы таза ауадай, пейілі дархан даладай, даналығы дариядай қариялар – әулетінің арқа сүйер асқар тауы. Сіздерге арналған мына әсем әнімізді тамашалаңыздар.

ӘН. «Ата – әже». Орындайтындар: Айжан мен Ақару

Адамның адами болмысы мен асыл қасиеттері отбасында қалыптасады. Отбасында алған үлгі - өнеге, тәлім - тәрбие арқылы ғана еліне, жеріне, Отанға деген сүйіспеншілік сезім орнығады. Ал отбасындағы басты құндылық ұлттық тәрбие деуге болады. Сол ұлттық тәрбиенің дәнін себуші жандардың бірі – әжелер екені даусыз. Тұла бойы тұңғышын атасы мен әжесінің тәрбиесіне беріп, «атасы мен әжесінің баласы» деп есептеп, солардың бауырына басатын ұлт қазақ қана. Атасы мен әжесі бауырына басып, «меншіктеп» алған баланы «менің балам» деп тіпті өзінің ата - анасы да айтпаған. Бұл әке мен баланың, ене мен келіннің арасындағы сыйластықтың да бір белгісі іспеттес. Ал көргенді қарт ата мен әже баланы ешуақытта өзінің әке - шешесінен алыстатпаған, оларды да қадірлеуді, құрметтеуді міндеттеп отырған.

Ата әжелерімізден Мастер класс алғымыз келіп отыр.




Пікірлесу:
«Балам - балым, баламның баласы – жаным» деген жақсы сөз бар осы сөз мағынасын қалай түсінесіз?
- Қазіргі уақытта немере тәрбиесінде ата - әжелер үлесі қандай?/сөйлеу/
Әжелеріміз балаларын еркелеткенде «ботам», «ботақаным», «бота көзім», «қоңыр қозым», «құлыншағым» деуші еді. Бүгінде «лапочка моя», «зайчонок», «котенок», «мышка» деп мысыққа да, күшікке де теңей саламыз. Бұл да рухани, ұлттық сананың құлдырауының бір сипаты сынды.
- Немерелеріңізді қалай еркелетесіздер?

Осы күнгі бала Алпамыстай алыптарды, Көлтауысар мен Желаяқты, Таусоғар мен Толағайды білмейді, себебі олар жайлы ертегінің майын тамызып айтып берер әже жоқ.
Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын…» деген екен.
- Ертегі айтасыз ба, соңғы рет қандай ертегі айттыңыз, балаңыз ертегі айтуды сұрай ма?

Немерелеріңіздің сабағына көмектесесіз бе, шараларына, жиналысына қатысасыз ба?


Қонақкәде. «Қос ішіектің бірін қатты, бірін сәл пәл кем бұра

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» - деп төрде отырған ата – әжелерімізден қонақкәде сұрасақ дейміз.

Қорытынды: Жастық дейтін көктеменің шағында,


Өскен едік сенің анаң екеуміз,


Осы қарттың мәпелеген бағында.


Қарттың бағын жайлайтынбыз иен тегін,


Тыңдайтынбыз алуан - алуан ертегін.


Жинап алып жүрер еді жарықтық,


Күллі ауылдың ертеңі мен селтеңін, – деген ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңіндегі жыр жолдары есіңізде ме? Қойны - қонышынан сан алуан ертегі төгілген дана… қадірлі қарияны тыңдау үшін айналасына жіпсіз байланған ауылдағы күллі бала… Қандай әдемі көрініс. Немере - шөберелеріне көне қисса - дастан, аңыз - әңгімелерін айтып ата - әжелеріміз арамызда әрдайым жүре берсін дейміз. Өркен жаяр өркениетті елдің ертеңгі болашағының бастау - бұлағы солардың еншісінде.
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2025
151
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі