Материалдар / «Ата – ана махаббаты»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ата – ана махаббаты»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу; Баланың дамуын, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін меңгерту. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерінің ашып көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2020
322
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата – аналарға арналған психологиялық тренингтер сабақтар

Тақырыбы: «Ата – ана махаббаты»

Мақсаты: Ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу; Баланың дамуын, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін меңгерту. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерінің ашып көрсету.



Міндеттері: Ата-ананың педагогтармен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейрімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсет. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Қажетті құралдар: Үлестірме қағаздар, А3 формат, қалам, түрлі-түсті маркерлер, слайд және т.б.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, психологиялық жаттығулар.

Күтілетін нәтиже: бала мен ата-ананың арасында жылылық орнату.

Тренинг жоспары:

  1. Кіріспе сөз.

  2. «Өрмекшінің торы» жаттығуы

  3. «Қар қиыршықтары»

  4. «Біз біргеміз» жаттығуы

  5. «Кенгуру» ойыны

  6. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы

  7. «Шеңбер» жаттығуы

  8. «Жүрек жылуы» жаттығуы

Тренинг ережесі:

  • Тренингке берілген регламентті сақтау

  • Тренинг барысында бір-бірінің сөзін бөлмеу

  • Қатысушылармен бір-біріне кедергі келтірмеу



Тренинг барысы:

Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Ата – ана махаббаты» атты тренингымызға қош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы жастан бақпасан,

Жамандықтан қақпасан,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек.- дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді.балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға тәрбиеші ұстаздар болса оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана.

Ұйымдастыру кезеңі:

2 жаттығуы «Өрмекшінің торы» атты танысу тренингі.

Сіздермен танысу мақсатында «Өрмекшінің торы» атты тренингін өткіземін. Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты – жөнімді және жақсы қасиеттерімді айтамын да, келесі адамға жіпті лақтырамын. Осылайша кезектесіп жіпті бір – бірінізге бересіздер. Бір – бірімізге жіпті беру арқылы өрмекшінің торы шығады. Енді сіз алдыңыздағы адамның аты мен жақсы қасиеттерін айта отырып, кері қайтарып бересіздер.

3 жаттығу «Қар қиыршықтары»

Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктеймізде, оң бұрышын жыртып аламыз. Тағыда бүктеймізде оң жақ бұрышын жыртып аламыз. Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз.

Талдау:

  • Кімде бірдей қар қиындысы шықты?

  • Жоқ, себебі неге деп ойлайсыздар?

  • Неге бәрімізде бірдей ақ қағаз және бірдей әрекет жасасақта қар қиыршықтары басқаша шықты деп ойлайсыздар?

Психолог сөзі: Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен біздер әр түрлі адамдармыз, әр түрлі қимылдаймыз.

4. «Біз біргеміз» жаттығуы.

Мақсаты: отбасындағы қарым – қатынасты нығайтуға өзара түінушілікте ата – аналармен балаларға қолдау көмек көрсету.

«Қолынан танып біл!»

Көздері байлаулы аналары баласын тауып алу керек.

Талдау:

  • Сізге балаңызды табуға не көмектесті?

  • Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?

5. Жаттығу «Кенгуру»

Мұнда сіз бөбектеріңізбен әр түрлі кедергілерден өту керек.

Бала тәрбиесі үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Балаға әрдайым көңіл бөлу керектігін ұмытпау керек.

6 жаттығу «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы:

  1. Баланы қандай мәдени орындарға алып бардыңыз?

  2. Балаңыздың тәрбиешісінің толық аты – жөні?

  3. Балаңыз қандай бағдарламалар қарағанды ұнатады?

  4. Баланың демалыс уақытын қалай өткізесіз?

  5. Балаңызға ертегі оқып бересіз бе? Қандай?

  6. Баланың тәрбиесіне кім көп көңіл бөледі?

  7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

  8. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

  9. Балаңыздың ең жақсы досы кім?

7 «Шеңбер жаттығуы»

Мақсаты: Бір – бірімізге қолдау көрсету, қол созу. Дос болу, өзге баланы өз балаңдай көре білсек сонда ғана барлық қиындықты жеңеміз!

8 Ой – түйін: «Сиқырлы жүрек»

Нұсқау: Ал, енді мына жүрекке назар аударайықшы. Ол тірі емес, біз кәзір оған жан береміз. Мына жүрекшелердің артына балаға деген ақ тілектеріңізді оқи отырып, үлкен жүрекке жапсырайық. Жүрек тірілді, ол үнемі дүрсілдеп соғып тұратын болады.

9.Қорыныды:

«Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза дүниеге келеді, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді». Ендеше, ата- аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!