Материалдар / Ата – аналар жиналысы №1 Тақырыбы: «3-4 жастағы балалардың даму ерекшелігі».

Ата – аналар жиналысы №1 Тақырыбы: «3-4 жастағы балалардың даму ерекшелігі».

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітемін

ЖШС « Ай – Іскер» мектепке

дейінгі тәрбие беретін

шағын орталығының

директоры

________Молдагалиева Л.Ж









Ата – аналар жиналысы №1

Тақырыбы: «3-4 жастағы балалардың даму ерекшелігі».

«Жұлдыз» ортаңғы тобы 2020-2021 оқу жылы








Тәрбиеші:Төлеуғазы М.А

Жусупова Р.М













Семей қаласы

Ата – аналар жиналыс 1

«Жұлдыз» ортаңғы тобы

2020 – 2021 оқу жылы

Күні:15.09.2021ж

Өткізілген орны: Онлайн «Zoom» платформасы арқылы болып өтті.

Тақырыбы: «3-4 жастағы балалардың даму ерекшелігі»

Мақсаты:

Көрнекілік: Гүл, жапырақтар , слайд

Күн тәртібі:

1.Дөңгелек үстел. «Бала деген кім?» Төлеуғазы М.А – 5 мин

2.« 3-4 жастағы балалардың даму ерекшелігі» баяндама Жусупова Р.М 10 мин

3.Әр түрлі мәселелер – Төлеуғазы М.А, Жусупова Р.М 30 мин

Әр түрлі мәселелер:

А.Ситуациялық сұрақтар

Ә.Ата-аналармен бірге алтын күз мерекесін талқылау

Б.Ата –аналар жиналысының шешімі.

В.Қорытынды




























Барысы


Тәрбиеші:Құрметті ата-аналар!Біз сіздермен бүгінгі ата-аналар жиналысында кездескенімізге қуаныштымыз. Сіздерді жаңа оқу жылымен құттықтаймыз!!! Біз бен сізді байланыстырып тұрған әрине балалар.Сол балаларымыз аман болсын!Балаларыңыз сіздерді тек жақсы қылықтарымен қуанта берсін дей келе бүгінгі жиналысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Психогимнастика. «Күншуақ» жаттығу

Ата-аналар ортаға шығып дөңгеленіп тұрады. Ортада жарқырап тұрған күннің сәулесі мен жылуынан біздің ата-аналарда, балабақшаларда да жайлы олай болса, әрқайсысымыз мына ғажап баулар арқылы күннің жылуын қабылдайық.Күннің жылуын қабылдаған оң қолымызды жүрегіміздің үстіне қоялық. Күннің мейірім жылуы біздің өн бойымызға тарап, біздің жылуымыз көбейді. Енді осы жылуды қолдарымызға ұстасып, бір-бірімізге беріп үлкен шеңбер жасайық. Міне көрдіңіздер ме кішкене күннің мейірім жылуын бір-бірімізге беру арқылы үлкен күн де пайда болды. Әрдайым осындай күн шуағындай бір-бірімізді жылытып, бір-бірімізде мейірімді, сүйіспеншілікте болайық.

1.Дөңгелек үстел. «Бала деген кім?»

Даналық сөз:

«Баланы дұрыс тәрбиелеу-бұл біздің қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу –бұл біздің келешек қасіретіміз»- А.С.Макаренко т.б. Сұрақтар жасырылған алқаптағы гүлдер.

Ой қозғау: «Бала деген кімдер?»

Гүлдің бейнесін келтіріп гүлдің жапырақшаларының ішіне ата-аналар жауаптарын жазады. Мысалы; бауыр етіміз, болашағымыз, жанымның саясы, асыраушымыз т.б.

Біздің ұрпағымыздан күтеріміз көп. Олай болса, біз тәрбие үрдісіне баламыздың жат қылықтардан аулақ болуын қадағалауымыз керек, қандай жағымсыз тілектерді баламызға тілемейміз. Мысалы, еріншектік, жалқаулық, сараңдық т.б. Біздің балаларымыздың адамгершілік, моральдік бейнесі әр уақытта көңілімізден шыға бермейді. Күнделікті өмірде ашуланшақ, әдепсіз балалар кездесіп жатады. Бала өзінің болашағы екенін ұғынатын әр ата-ана өз баласына көп көңіл бөлу керек.

Гүл теруге шығайық!

(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару). Барлық ата-аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір-бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар төңірегінде сұрақтар өрбиді.

Сұрақтар:

1.Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?

2.Егер сіздікі дұрыс болмаса да балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба?

3.Баланың бойына жақсы қасиеттер қалыптастыру жолын айтыңыз?

4.Шыдамды деген не? Шыдамдылық қасиетін қалыптастыруда сіз қандай рөл атқарасыз?

5. «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?.т.б



2. «3-4 жастағы балалардың даму ерекшелігі» баяндама,оқитын тәрбиеші-Жусупова Р.М


3-4 жасар баланың өзiн-өзi бағалауы өте жоғары деңгейде болады. Бұл — бiреу оның тұлғалық қасиеттерiн дұрыс бағаламаған кездегi өз-өзiн қорғаудың «тұлғалық» механизмi болып табылады.

3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық үдерiсiнiң — сезiну мен қабылдау түрлерi қалыптасады. Фонематикалық есту, түстi ажырату, көз қырағылығы, заттардың пiшiнiн ажырату қабiлеттерi жетiле түседi.

Балалар заттарды ұстап көрiп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшедi. Жаңа заттарды қарап, көзбен көрiп танудан сипап-сезу, есту, иiскеп көру арқылы қабылдауға ауысады.

Сөз — 3-4 жастағы балалардың сенсорлық үдерiстерiн дамытуда жетекшi орын алады. Балалардың сөздiк қорын заттардың сынын, бiр-бiрiмен қарым-қатынасын бiлдiретiн, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады.

3-4 жастан бастап баланың есi ерiксiз сипатта болады. Бала материалды өзi iс-әрекетке тiкелей қатысу арқылы есiне сақтайды. Бұл жастағы баланың ойлау қабiлетi сапалық өзгешелiгiмен ерекшеленедi. Оған қиял мен шындықты ажырату қиынға соғады. Ол — өзiмшiл. Оған анимастикалық түсiнiктер тән. Айнала қоршаған заттардың бәрiн өзiмен салыстырады, олар да өзi сияқты ойлауға және сезiнуге қабiлеттi деп ойлайды.

Нысандарды қарастыра отырып әдетте, ол заттың едәуiр ашық бөлiгiн ажыратады.

Мектепке дейiнгi кiшi жастағы балаларда кеңiстiк, уақыт, сан туралы қарапайым түсiнiктерi қалыптаса бастайды.

3-4 жасар балалар ауа райы құбылыстары мен оның салдары арасындағы қарапайым байланыстарды түсiне бастайды. Тек қана өзi ғана емес, басқа да тiршiлiк иелерi де тағам мен судағы қажеттiлiгi бар екенiн түсiнедi. 3-4 жасар балаларда құрастыру әрекетi әлi де ойынмен бiрге ұштаса отырып жүргiзiледi. Әр түрлi материалдарды қолдану барысында балалар олардың қасиеттерi мен құрастырудың ерекшелiктерiн танып-бiледi.

Бұл кезеңде балалар қарапайым қол еңбегi түрлерiнiң әдiстерiн меңгередi (бүктеу, умаждау, жырту және ұсақ-түйектердi қолдан жасау).

Төрт жасқа қарай балалар көркем шығарма мәтiнiн эмоционалды және тұтастай қабылдайды. Оның материалды қаншалықты түсiнгендiгi сөйлеу тiлiнде ғана емес, заттарды ажырату және ойын әрекеттерi үстiнде байқалады.

Бала үшiн бейнелеу өнерi — өзi жасаған бейнелер. Бұл бейнелер баланың өзi сияқты дербестiгiмен, ашықтығымен ерекшеленедi.

Мүсiндеу, жапсыру, сурет салу барысында сызықтар мен пiшiндер тiрiлiп, баланың көз алдында жағу, сызу арқылы бейнеге айналады. Бала сызықтарды, пiшiндердi, түстi дақтарды, жағуларды қолданып, қарапайым сюжеттердi бейнелей алады.

Бұл кезеңде көп балалардың музыкаға ықыласы жоғары деңгейде болғандықтан, музыка мәдениетiн меңгертуге өте қолайлы.

Мектепке дейiнгi кiшi жаста баланың моторлық қызметтерi қарқынды дамиды. Балалардың қозғалыс белсендiлiгi iс-әрекет дербестiгiнiң жоғары деңгейлiгiмен сипатталады.

3 жастан бастап нақты және саналы қызығушылығы бiлiне бастайды, бұл кезеңде бала өзiндiк еркi бар жеке адам екенiн түсiне бастайды. Ми қызметi мен психикалық қызметi қарқынды дамуын жалғастырады, мiнез-құлқында өзгерiстер пайда болады. Көркем шығармаларды қабылдауы мен музыкаға деген ықыласы артады. Бұл баланың қызығушылығы мен қабiлеттерiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Көпшiлiкпен ойнайтын ойындарға қызығушылығы арта түседi.

Үш жасар бала — қажымас қайраткер, ол желiмдеуге, мүсiндеуге, сурет салуға дайын, бiрақ ұзақ әңгiмелер мен түсiндiрулердi қабылдай алмайды.

3-4 жасар баланың тұлғалық дамуының базистiк мазмұны өзiнiң көпқырлылығымен, әрдайым даму үстiнде және әр жас кезеңiнiң өзiндiк мазмұнының ерекшеленуiмен сипатталады.

3-4 жастағы балалардың тұлғалық, базистiк сипаттамасына құзыреттiлiк, эмоционалдылық, бастамашылдық, дербестiк жатады.

Құзыреттiлiк. Бала төрт жасында әлеуметтiк құзыреттiлiктiң белгiлi деңгейiне жетедi: басқа адамға қызығушылығын бiлдiредi, оған сенедi, үлкендермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауға тырысады. Басқа адамдармен байланыс орнату үшiн қатынасудың тiлдiк және тiлдiк емес (көзқарастар, ым, ишара, мәнерлi қылықтар мен қозғалыстар) тәсiлдерiн қолданады. Өзiнiң қай жынысқа жататынын түсiнедi («Мен ұлмын», «Мен қызбын»).

Бiлiктiлiк құзыреттiлiгi баланың қоршаған әлемдi танып-бiлу мақсатында әртүрлi сұрақтар қойып, белсендi қызығушылық танытуынан көрiнедi. Ол әртүрлi тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшелiктерiне (түсi, пiшiнi, көлемi, фактурасы, құрылымы), қызметiне қарай қолданып, байқайды. Сонымен қатар ауызша сипаттай алады (үлкен, әдемi, дөңгелек, т.б.).

Ана тiлiн меңгеру негiзгi грамматикалық санаттар мен сөйлеу тiлiн меңгеруiмен сипатталады.

Екiншi тiлдi меңгеру. Мектепке дейiнгi кiшi жастағы бала екiншi тiлдiң неге керек екендiгiн түсiнбейдi. Сондықтан оны меңгерудi алдына саналы түрде мақсат етiп қоймайды. Ол балалардың өзге тiлдi адамдармен қарым-қатынас жасау барысында қалыптасады.

Екiншi тiлдi меңгеру үдерiсi баланың үлкендермен және басқа балалармен қарым-қатынасындағы тұлғалық, танымдық, ойын iс-әрекетi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру барысында құрылады. Осы мақсаттағы қарым-қатынас баланың тiлдiк ортаға тiкелей қатысуымен жүргiзiлуi керек. Бiрлескен iс-әрекет қуану, үлкендермен, құрдастарымен ынтымақтасу, олармен қарым-қатынасына қанағаттану негiзiнде қалыптасады.

Дене қызметiн дамытудағы 3-4 жастағы балалардың құзiреттiлiгi олардың өмiрлiк маңызды қозғалыс түрлерiн (жүру, жүгiру, өрмелеу), қарапайым гигиеналық және өз-өзiне қызмет көрсету дағдыларын меңгеруiмен анықталады.

Эмоционалдылығы. Балада үлкендермен эмоционалдық қарым-қатынас жасау қажеттiлiгi жоғары болады. Өзiнiң түрлi көңiл күйi мен сезiмiн (қуаныш, ренiш, қорқыныш, таңқалу, рақаттану, т.б.) ашық көрсетедi.

Бастамашылық баланың тiршiлiк әрекетiнiң барлық салаларында: қарым-қатынаста (үлкендерге бастамашылық қарым-қатынас: сұрақтар қою, өтiнiш жасау, т.б.), заттық-тәжiрибелiк әрекет (заттар мен материалдар: бояу, қағаз, ермексаз, конструкторлармен эксперимент жасау арқылы байқап көру), өз бетiнше құрастырған сюжеттi-бейнелеу ойындарында көрiнедi. Осы әрекеттер арқылы баланың шығармашылық қабiлетi дамиды.

Дербестiк — 3-4 жастағы балалардың маңызды ерекшелiгi («Мен өзiм», «Қолымнан келедi»). Олар барлық iс-әрекет түрлерiнде үлкендерге елiктеп, оларды қайталайды (өзi тамақтанады, киiнедi), мақсатты бiр iс-әрекетке қызығушылықпен кiрiседi (ыдыс жуады, кiр жуады, дүкеннен сатып алады және т.б.).

Үлкендер баланың белсендiлiгiн қолдап, ынталандырып отырумен қатар, әр кезде қауiпсiздiк ережелерiн сақтауы керек. Өйткенi бала айтылған ескертулердi ескере бермейдi, сондықтан үлкендер қауiптi жағдайлардың алдын алу шараларын ұмытпағаны жөн (зақым келтiретiн, жаралайтын, сынатын немесе кесетiн заттарды алып қою, шкафтардың есiктерiн жабу және т.с.с.).

3-4 жасар баланың психологиялық портретi

Сана-сезiм дамыту мен «Мен» деген өзiндiк ерекшелiгiн белгiлеу жеке тұлғалық дамытуды ынталандырады. Балақай өзiнiң кiм екенiн, қандай екенiн сезiне бастайды. Өзiнiң мiнез-құлқына және үлкен адамдардың әлемiне қызығушылықпен саналы түрде қарап, қоршаған ортаға байланысты баланың өзiнiң iшкi көзқарасы қалыптасады

А.Ситуациялық сұрақтар.

«Қымбат машина әңгімесі»

«Бірде әкесі Аманға жаңа ойыншық сатып әкеліп берді де: «Сындырушы болма, қымбатқа сатып алдым»,-дейді. Қандай ойыншық десейші. Қара бояуы жалтылдаған қара машина. Келесі күні Аман жаңа машинасын құшақтап аулаға шықты. Сыртта оны Қанат, Мансүр, Мұра қоршап алды.

-Қараңдаршы, папам әперді. Аман машинасын құшағынан шығармай мақтана сөйледі.

-Келші көрейік.

-Жүре ме екен өзі?

-Қандай әдемі кел ойнайық.

Аман ойыншығын құшақтап оларға бермей қойды. Әрі-беріден соң, Қанат, Мансүр, Мұра да өз беттерімен ойнап кетті. Аман ойыншығын үйге әкеліп, кереуеттің астына қойды да сыртқа шықты. Қараса балалар өздерінше арық қазып ойнап жүр екен. Аман қызығып жүгіріп қастарына келді.

-Мен де ойнайыншы.

Ал балалар болса үндемей ойындарын жалғастыра берді.

Сұрақтар:

1.Әңгімеден не түсіндіңіздер?

2.Кім қателік жіберді деп ойлайсыздар?

3.Аман кінәлі ме?

4.Аманның әкесінің орнында сіздер қайтер едіңіздер?

Ә.Ата-аналармен бірге алтын күз ертеңгілігімен таныстыру

Ата-аналарға ұсыныс конкурстарға қатысу.

1.Жапырақтар жасау

2.Топты безендіру

3.Алтын күзге киімдерін түгендеп қамтамасыз ету.

Б.Ата – аналар жиналысының шешімі

Қорытынды.Құрметті ата –аналар келгендеріңізге рахмет. Алдарыңызда тұрған қағазға бүгінгі жиналыстан алған әсерлеріңізді, болмаса бізге, балабақшаға деген айтар ойларыңыз болса жазып кетіңіздер. Балаларыңыз ауырмасын, сіздерге денсаулық тілейміз. Келесі кездескенше сау болыңыздар. Балаларды себепсіз балабақшадан қалдырмауларыңызды сұраймыз.



































«Жұлдыз» ортаңғы тобының 2020-2021 оқу жылындағы

ата-аналар жиналысы

1 Хаттамаcы

Күні: 15.09.2021ж.

Қатысқандар: 20 Себепті: 7

Қатыспағандар:7 Себепсіз: 0

Өткен орын: Онлайн «Zoom» платформасы арқылы болып өтті.


Күн тәртібінде:

  1. «Балабақшаның ішкі тәртібі» Молдағалиева Л. Ж. (3 мин)

  2. Дөңгелек үстел. «Бала деген кім?» Төлеуғазы М.А – 5 мин

  3. « 3-4 жастағы балалардың даму ерекшелігі» баяндама Жусупова Р.М 10 мин

  4. Әр түрлі мәселелер – Төлеуғазы М.А, Жусупова Р.М 30 мин

(Балалардың алтын күз мерекесіне дайындығы,уақытында балабақша төлемдердің төленуі. Баланың балабакшадағы баланың өзін - өзі ұстауы, алабақшаға кешікпеуі т.б. сұрақтар.


Тыңдалды:

  1. Тәрбиеші Төлеуғазы М.А жиналысқа келген барлық ата- аналарды жиналыстың күн тәртібімен таныстырды. Жиналыстың алғашқы сөзін директор Л.Ж.Молдагалиеваға берді. Л.Ж.Молдагалиева 2021-2022оқу жылындағы жылдық жоспармен таныстырды. Ата – аналар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

Бірінші мәселе бойынша « 3-4 жастағы балалардың даму ерекшелігі» баяндама оқыды.

2.Екінші мәселе бойынша тәрбиеленушілердің қызығушылығы туралы, жыл бойынша жасалатын жұмыстарымен таныстырылды.

3.Үшінші мәселе бойынша ата-аналармен алтын күз ертеңгілігі жайлы айтып,оған киетін киімдерін дайындап алдын ала дайындап қою туралы айтылды.

  1. Қаулы:


  1. Баяндамаға сәйкес ата – аналарды жылдық жұмыстармен таныстырылсын.

  2. 2021-2022 оқу жылындағы бағдарламаға сәйкес жұмыстар қанағаттандырылсын.

  3. «Жұлдыз» ортаңғы тобының ата-аналарының мүшелері тағайындалсын

  4. Балалардың киіміне ата – аналар жауапты болсын.


Төрайым: Хатшы:

Еренгазина Н.Б Кайрбаева К.М











ЖИ арқылы жасау
07 Қараша 2021
10270
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі