«Крокодил»
Ата аналар 2 топқа бөлініп,
бір-біріне сөздер жасырып ыммен көрсету
арқылы
(
зымыран, қалам, гүл, мысық,
сиыр, дәптер) ойын
ойнайды.
«Сөз
мәйегі-мақал»
1. Ананың көңілі
балада,...(Баланың көңілі далада.)
2. Ааласы атқа шапса,...(Атасы тақымын қысады)
3. Ата-ананың қадірін...(Балалы болғанда білерсің.)
4. Ана алдында – құрмет,...(Ата алдында – қызмет.)
5. Малды баққан өсірер,...(Баланы тапқан өсірер.)
6. Бала – Ананың бауыр еті,... (көз нұры.)
7. Ақ жаулығы ананың ...– (Ақ көрпесі баланың.)
8. Ағайын – алтау,...(Ана – біреу.)
9. Ана алақанының аясы ...– (Ақ шынардың
саясы.)
10. Балалы үй базар,...Баласыз
үй қу мазар
11. Әке асқар тау, ана қайнар
бұлақ, ... ( бала жағасындағы құрақ)
12. Әке көрген оқ жонар, ...
(ана көрген тон пішер)
4-Бөлім: «Ситуациялық
сұрақтар»
-
Балаңыздың өнері, қандай да
бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер
едіңіз?
Мүмкіндігінше, оның
қабілетін одан әрі дамытуына жағдай жасаған дұрыс. Мүмкін, ол бала
бойында жасырын дарындылық қабілет болар. Көптеген биограф-
зерттеушілердің айтуынша, мыңдаған Архимед, Моцарт, Рафаэльдердің
көбі өмірлерін ешбір атақсыз, қарапайым диқан, қолөнерші, аспаз
ретінде өткізген көрінеді.
2. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын
көрінеді. Мысалы: Түн неге қараңғы? Күн қайда кетті?
Ұшақ қалай ұшады? Деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің
балаңыз да осындай сауалдары көп болса, жауап беруге тырысасыз ба,
жоқ, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
Бала сұрағына байыппен түсіндіре жауап беру –
олардың ой-өрісін дамытуға, дүние-танымын кеңейтуге
көмектеседі.
3. Балаңыз
сіздің тамақ аламын деп жоспарлаған ақшаңызға
ойыншық алып беруді талап етіп жылады. Алып берсеңіз, тамақ
алынбайды, алмауға айналадағы адамдардан ұяласыз. Не істейсіз
? (Қаталадау болуға қорықпаңыз. Сонда ғана ол өз
орнын табады.)
4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір
істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей
алмайсың» деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс
баға беруге қалай қарайсыз? Балаға «Сен сала алмайсың, сен
істей алмайсың, сен жөндей алмайсың» деген сияқты теріс баға беруге
(қалай қарайсыз?) дұрыс емес. Осындай жағдайда баланың сол
іс-әрекет түріне талаптануы, үйренуге ұмтылысы төмендеп, өзіне
деген сенімділігін жоғалтады, өзіне-өзі көңілі толмау сияқты
кешенді сенімсіздік қалыптасуы мүмкін.
5. Балаңыз ойыншықтарын жина дегенге көнбей сізге қарсы
келді, не істейсіз? Балаңыздың мұндай жөнсіздіктеріне жол
бермеңіз. Әйтпесе, одан кейін дн өрши түседі.
6. Балаңыз үйге таныс емес
ойыншық әкелгенін бір аптадан соң байқайсыз. Қалай әрекет
етесіз?
зымыранқалам
гүл мысық сиыр
дәптер