Материалдар / Ата -аналармен жүргізілетін Әкем,шешем және мен эстафеталық ойыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата -аналармен жүргізілетін Әкем,шешем және мен эстафеталық ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптың мұғалімдеріне, жаңартылған білім мазмұнымен құрылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2020
539
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нұрорда халықаралық мектебі











Shape1



Shape2









Дайындаған: Тогусова Б.

Мұратова Ж.







2011-2012 оқу жылы

















Тақырыбы: «Әкем, шешем және мен»

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына таруымыз



Мақсаты: 1. Салауатты өмір салтына баулу және ата –аналардың мектеппен байланысын нығайту.

2. Спортқа деген қызығушылығыеһн арттыру, шапшаңдыққа, ептілікке баулу.



Қолданылатын құралдар: доптар, арқан, үлкен доптар, кегли, кубиктар, секіртпелер, қатысушылар формасы .

Көрнекілік: Жалаушалар, қанатты сөздер, шарлар, оқушыларға сыйлық.



Жүру барысы:

  • Ұйымдастыру: Кіріспе сөз



Тәуелсіз қазақ елінің бүгінгі тірегі, дені сау жан жақты дамыған болашақ ұрпақ. Мұның өзі салауатты өмір салтымен тығыз байланысты. Салауатты өмір салты мәдениетті қоғам өмірінің көрінісі ретінде болашақ ұрпақтың қалыптасуына зор ықпал жасайды. Ол өз кезегінде әрбір ұлт азаматының қоғамда түрлі салада білім алуда, еңбек етуде, белсенділік танытып , толық адам ретінде танылуына мүмкіндік береді.Қазақ қоғамының мәдени рухани дамуына негіз қалайды.

« Уа, халайық, назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің сауда.

«Денсаулық –терең бақыт» деген сөзді,

Құр айтпаған ұла Абай данамыз да.»- міне, осындайқоғам өміріндегі бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажетті «Әкем, шешем және мен» сайысының жоспарланып отыруының маңызы зор.



Отбабасының бос уақытты тиімді пайдаланып, мектеп өмірімен тығыз байланыста жұмыс істеуіне жол ашады.

  • Қымбатты ата аналар мен балалар! Бүгінгі отбасылық сорт сайысын ашық деп жариялаймыз!



Әділ қазыларды сайлау:

  • Сайыс болған соң, әділ қазыларсыз болмайды.

(Әділ қазыларды хабарлау)



1- сайыс: Әр команда өзін таныстыру

(Аты ұраны, формасы, эмблемасы)



Эстафеталар

2- сайыс: Доппен жүгіру. Қыздырыну



  1. Сөре сызығынан «бір , екі үш допты алып ұш» дегенде әкелер доппен арнайы қойылған белгіге дейін жүгіріп барып, қайтып келеді.

  2. Допты шешелерге береді, олар келіп балаларға , балалар аяқтайды.



3-сайыс:Кубиктерді тасымалдау

  1. Арақашықтығы 9 м болатын сызыққа екі кубик қойылады.

  2. Төреші ысқырған кезде:

1- кезектеп екі кубикті белгіленген жерге апарып тасйды.

2- Шешелер кубиктерді бері тасиды.

3- Балалар ары тасиды.

4- Әкелер бері тасиды.

5- Шешелер ары тасиды.

6- Балалаh аяқтайды.

4-сайыс Кім ұзаққа секіреді?

Әр топтан тұрған жерінен бірінші әкелер,содан кейін шешелер, одан ары баласы секіреді.Секіру түскен жерінен белгіленіп ары қарай жалғаса береді.Бәрі секіріп болғаннан кейін өлшенеді.

5- сайыс Арбузды тасымалдау

  1. Барлығымыз хормен онға дейін санаймыз.

  2. Он дегенде әкелкр , алдында жатқан шығыршықтан нығыздалған 3 кг допты алып келесі шығыршыққа салады.

  3. Шешесі 1 кг допты;

  4. Баласы волейбол добын тасиды. Сол доптар қайтадан кері тасылады. Қай топ бірінші бітеді, сол жеңеді.

Музыкалық пауза. Ән: Жигитаева А.

6- сайыс: Кедергілерден сүрінбей өту

Белгі бергенде матадан алға домалау, шығырықтан өту. Ары қарай гимнастикалық орындық, яңни, көпірден жүгіріп өту. Белгіге жетіп 10 рет секірмеден өту, кері қараай жүгіріу т.с.с. жалғастыру.

7- сайыс: Викториналық сұрақтар

Әр команда бір –бірден, қосымша біреу.

  1. Жеңіл атлетикада ұзақ қашықтықта жүгіретін спортсмендер қалай аталады? (стайрляр)

  2. Жеңіл атлетикада қысқы қашықтықта жүгіретін спортсмендер қалай аталады? (спринтер)

  3. Футбол ойыннында команда да неше ойншы болады? (11)

  4. Волейбол алаңының ұзындығы мен ені неше метр?

(ені 9м. , ұзындығы 18м )

  1. Спорттық стадионның бір айналымы неше метр? (400м)

8- сайыс: Арқан тарту

1-ші, 2- ші топ 3-ші , 4-ші топпен тартысады.

Келесі айналымда жеңілгендер 3-ші ,4-ші орынға, жеңгендер 1-ші, 2-ші орынға таласады.



Музыкалық пауза. Ән: Жигитаева А.



Әділ қазылар қорытындысы. Марапаттау.



Түйіні: Жарысқа төрт жанұя қатысты. Жарыс өте қызықты тартысты өтті. Жеңіске жеткен жанұя мақтау қағаздармен марапатталды.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!