"Ата-әжеге қонаққа барамыз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ата-әжеге қонаққа барамыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
: В. Воскобовичтың дамытушылық ойындары арқылы балаға жазықтық бағытын үйретіп, зейін, ынталылық пен ойлау үрдісін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы,Талдықорған қаласы,№12 «Байтерек» бөбекжайының тәрбиешісі Бекова Гульмира Рахимбековна

Тақырыбы: «Ата-әжеге қонаққа бағамыз».

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным».

Бөлімі: Тіл дамыту.

Мақсаты: балалардың сөздік қорын байыту, ұлттық заттардың атауларымен атауды дамыту. Құрастыру кезінде сәйкес белгілері бойынша біріктіре білу және онымен ойнай отырып шығармашылық қиялдау дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылығы: В. Воскобовичтың дамытушылық ойындары арқылы балаға жазықтық бағытын үйретіп, зейін, ынталылық пен ойлау үрдісін дамыту. Тәрбиелігі: Дидактикалық ойындар арқылы танымдық, ойлау қабілеттерін және әлеуметтік құзіреттіліктерін дамыту. Сөздік қорын молайту, тілдің белсенділік қызметін арттыру. Есте сақтау, қабылдау, ойлау, кеңістікті бағдарлауын дамыту.Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу және эстетикалық тәрбие беру.

Пайдалынатын ресурстар: Ұлттық ою- өрнек суреттері, үй жануарлары суреттері, В. Воскобовичтің «Күлгін орман» , «Мини Ларчик кілемшесі»

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, дидактикалық ойын:  «Киіз үйді өрнектеу», дидактикалық ойын: "Ою-өрнектерді құрау", сұрақ-жауап, бағалау.

Педагог балалармен сәлемдесіп, балалар жылулық шеңберіне шақырады.

Жылулық шеңбері:

Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық
Таза ауадан дем алып
Жүрек жылуын салайық.
Жиналған жылы шуақты
Достарымызға сыйлайық

Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең:

Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
- Көктемде табиғатта қандай өзгешіліктер болады?
- Балалар, қараңдаршы, бүгін ауа райы қандай керемет! Олай болса, сендерді әжеміздің ауылына қонаққа апарамын.
Қонаққа барғыларың келе ме?
- Олай болса кеттік.
(Музыка ойнайды. Тәрбиеші балаларды жайлауға ертіп келеді. Олар жолда төрт - түлікті көреді. Атамен амандасады)

Ата: - Айналайындар, келдіңдер ме, құлындарым, ботақандарым, кішкентай аппақ қозыларым!
Тәрбиеші:- Иә, балалар сізді сағынып қалыпты біз жайлаудағы төрт - түлікпен танысуға келдік.

В.Воскобовичтің «Күлгін орман» заттық кеңістікті дамытушы ортасы («Таңғажайып жайлау көрінісі»)

Мақсаты: балалардың сөздік қорын байыту, үй жануарларының атауларымен атауды дамыту.
Ата: - Балалар, мынау - жылқы. Жылқы ер қанаты. Ол сезімтал, талғампаз жануар. Балалар, жылқының төлін қалай атайды?

Балалар: -Құлын.

Ата: Жылқыға мініп көрдіңдер ме? Иә!
Мынау - түйе. Түйе төрт түліктің төресі. Түйе таптырмас көлік, ол шөлге шыдамды. Түйенің сүті қалай аталады?

Балалар: -Қымыз.
Ата: -Ал мынау - сиыр. Ірі қара малына жатады. Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сүтінен қаймақ, құрт, ірімшік жасайды. Балалар, сиыр төлі қалай аталады?

Балалар: -Бүзау.

Ата: Мынау - қой. Ол ұсақ малға жатады. Төрт түліктің момыны. Қойдың еті, сүті, майы пайдалы. Жүнінен кигіз басады, киім - кешек, алаша, кілем тоқиды. Балалар, қойдың төлі қалай аталады?
Балалар: -Қозы.

Ата: Мынау - ешкі. Ол уақ малға жатады. Оның мінезі жеңіл, ұшқалақ. Тастан тасқа секіріп тыным таппайды. Оның сүті, түбіті пайдалы. Балалар, ешкі төлі қалай аталады?
Балалар: -лақ

Тәрбиеші: - Балалар, атамызға төрт түлік мал туралы тақпақ айтып берейік.

Тақпақтар айтады:
1. Раяна
Мынау тұрған лақ
Салпаңдаған құлақ
Су ішетін жері
Сылдыраған бұлақ.
2. Нұрым
Момақаным, маймағым
Келмейді әлі ойнағың
Қалтырайсың үйде де,
Қошақаным қайда әлің?
3. Айсана
Екі көзің мөлдіреп,
Кекіл шашың желбіреп.
Енең жүрген далаға
Көп қарайсың елжіреп.
4. Қайсар
Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам көз тоймайды.
5.Мансұр
Құлыншағым құндызым,
Құлдырайды шабады.
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.
6. Ажьмира:
Кіп-кішкене момақан
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым деп,
Ата: -Балалар, сендер апаларың құрақ құрап жатқан, барып көмектесіңдер. Мен төрт түлік малға су берейін.

Балалар: Рахмет ата сізге Ата. (Балалар киіз үйге келеді)

-Сәлеметсіз бе Әже!

Әже: - Айналайындар, келдіңдер ме, құлындарым, ботақандарым.

Балалар: Әже сіз не жасап отырсыз?

Әже: - Мен құрақ құрап отырмын.

Суретпен жұмыс:

Мысалы: мына «қошқар мүйіз» оюын қошқардың мүйізіне қарап, «жұлдыз» оюын жұлдызға, «құс қанаты» оюын құсқа қарап, жасаған екен.
Әже: -Дұрыс айтасыңдар балалар. Қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі – ұлттық ою - өрнектері. Балалар осы ою-өрнекті ата-бабамыз өздерін қоршаған табиғаттан, жан-жануарлардан алған екен.

Мынау құрақ көрпенің суреті балалар, осы құрақ көрпені өрнектеуге көмектесесіңдерме?

Тәрбиеші: Балалар әжемізге көмектесеміз бе? Иә?

Дидактикалық ойын:  «Құрақ көрпені өрнектеу»

Мақсаты: В. Воскобовичтың ларчик клемшесінде тік төртбұрыш арқылы балаларды кеңістікті бағдарлай отырып, құрастыру кезінде сәйкес белгілері бойынша біріктіре білу және онымен ойнай отырып шығармашылық қиялдау дағдыларын қалыптастыру Тәрбиеші: -Балалар, қандай құрақ шықты?

Балалар: - Шахмат құрағы болды

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.

-Қане, бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:
Ал балалар, тұрайық,
Ою-өрнек сызайық.
«Қошқар мүйіз»

Бір мүйіз, екінші мұйіз

(ауада қолдарымен сурет салады)
«Қос мүйіз»

Ою- өрнек әлемі.

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар балалар.

Жарайсыңдар, балалар. Әжемізбен қоштасайық!
Рефлексивті-түзеткшілік кезең:

Балалар, төрт түлік жайында қандай теңеу, мақал - мәтелдер білесіңдер?

1. Мал өсірсең қой өсір
Өнімі оның көл көсір
Нұрбек
2. Мал төлімен жарасты
Жер гүлімен жарасты
Бейбарыс
3. Малды баға біл
Бабын таба біл
Дания
4. Ер қанаты - ат
Сөз қанаты - хат
Ерқанат
5. Жылқы - малдың патшасы
Түйе - малдың қасқасы
Бағалау:

-Ұйымдастырылған оқу қызметін бағалайық.

-Оқу қызметі несімен ұнады?

Мансұр: -Маған қрақ көрпені құрастырған ұнады.

-Оқу қызметіне барлығың жақсы қатыстыңдар.

- Осымен оқу қызметі аяқталды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.05.2021
837
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі