Ата-ана жиналысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-ана жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
өз тәжірейбемді бөліскім келеді
Материалдың қысқаша нұсқасы


ортаңғы топ Ақылды балақай»











Ата – аналар жиналысы
























«Отбасы мен балабақша бірлігі»


Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:


1.Ата-аналармен сұхбат (бір-бірімен жылы жүзбен амандасып,бүгінгі зум арқылы жиналысты, жақсы көңіл күймен бастауға шақырады)

2. Баяндама оқылады «Отбасы мен балабақша бірлігі»»

3. Ата-аналармен тазалық денсаулық туралы,балабақша ережесін түсіндіру.

4. Біздің балабақшада қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері туралы

5 Ата-аналар жиналысының шешімі


1.Құрметті ата-аналар! Мен сіздермен жүздескеніме қуаныштымын. Менімен сізді байланыстырып тұрған әрине балалар.Сол балаларымыз аман болсын!Балаларыңыз сіздерді тек жақсы қылықтарымен қуанта берсін дей келе бүгінгі зум арқылы жиналысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.(ата-аналар бір бірімен амандасып жиналысқа қатысады)

«Отбасы мен балабақша бірлігі» туралы баяндамашы:Даулетимбетова Бақыт апай оқиды

2.Баяндама: «Отбасы мен балабақша бірлігі» Біз бен сіздерді байланыстырып тұрған әрине балалар. Сол балаларымыз аман болсын! Балаларыңыз тек сіздерді жақсы қылықтарымен қуанта берсін дей келе бүгінгі «отбасы мен балабақша бірлігі» тақырыбы өтілетін жиналысымызды ашуға рұқсат етіңіздер

Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта. Отбасы – бұл мектеп те ақпарат көзі, қоғамдық ұйымдарда, еңбек ұжымы да, дос жарандары да. Отбасы – бұл әдеп пен өнер кілті. Тіптен «балалық шақ» деген ұғым отбасы мен балабақшаның бірігіп ұйымдастырған бүлдіршіндер тәрбиесімен шектеседі. Осындай жағдайларды біз педагогикалық іс-тәжірибемізде (тәрбиешілер мен ата-аналар әр бір баланың іс-әрекеті үйде қандай, бақшада қандай) салыстырып талдау жасап отырамыз. Бала жанының дұрыс қалыптасуы дұрыс жүргізілген тәрбие жұмыстарына байланысты. Ата – ана отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы ізеттілігі, еңбексүйгіштігі - отбасындағы адамгершілік тәрбиесінің негізі. Баланың іс -типатты, әдепті кішіпейілді, көпшіл болуы ең әуелі ата- анасының үлгісіне өнегесіне байланысты. Баланы жан – жақты тәрбиелеуде отбасы мен балабақшаның, тәрбиеші мен ата –ананың байланысын нығайту арқылы біз қоғам талабына сай ұрпақ қалыптастыра аламыз .Қазақтың отбасы көбінесе көп балалы болып келеді. Осыған байланысты «Балалы үй базар» деген нақыл сөз де бар. Отбасы мен балабақшаны байланыстырып тұрған балалар. Бала ең алдымен отбасында ата-анасын танып, жақсы көреді. Кейін айналаны сезініп, көбірек білуге тырысады. Ең алғаш тәрбиені отбасынан алады. Отбасынан келген бала үшін топ ең алғашқы ұжым екенін ескере отырып, тәрбиеші балаларды жолдастыққа, достыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Тәрбиеші топ балаларымен қандай қарым-қатынаста болса, балаларда бір-бірімен сондай қарым-қатынаста болады.


3. Ата-аналармен тазалық денсаулық туралы,балабақша ережесімен Медбеке апай түсінік береді.







4.Біздің балабақшада қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері туралы

-баланың тәртібін, ұйымшылдығын, уәждемесін,

- тәрбиеші ұсынған форматтағы қашықтықтан оқытуға баланы уақытылы қосуды,

- тәрбиешінің ұсынған тапсырмаларды орындауды,

- тәрбиешімен байланысуын, кері байланыс алуын қадағалаңыздар.

Тәрбиеші:Мен сізді көргеніме қуаныштымын, сіздер ең әдемі анасыз.

Әрқашан бір бірімізге жақсылық ойлап, жылы тілек тілеп жүрейік. Тілеген тілегіміз өзімізге қайтып айналып келетінін естен шығармайық.

-Құрметті ата –аналар сіздермен зум арқылы кездескеніме рахмет. Ата аналар жиналыстан алған әсерлеріңізді, болмаса бізге,балабақшаға деген айтар ойларыңыз болса айта отырыңыздар.

Балаларыңыз ауырмасын,сіздерге денсаулық тілейміз.Келесі кездескенше сау болыңыздар. Балаларды себепсіз балабақшадан қалдырмауларыңызды сұраймыз.







































Хаттама №1


15.09.2020ж «Жас дарындылар » тобында ата-аналар жиналысы болып өтті

Барлығы:24

Қатысқаны: 22

Қатыспағаны:2

Күн тәртібінде:


1.Ата-аналармен сұхбат

2. Баяндама оқылады «Отбасы мен балабақша бірлігі»»

3. Ата-аналармен тазалық денсаулық туралы,балабақша ережесімен медбеке түсіндіру.

4. Біздің балабақшада қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері туралы

5 Ата-аналар жиналысының шешімі.


Тыңдалды.


1.Тәрбиеші Даулетимбетова Бақыт,Еділбаева Айгүл апай зум арқылы ата-аналармен сұхбаттасты

2. Баяндама оқылды «Отбасы мен балабақша бірлігі»

Баяндамашы: Даулетимбетова Бақыт

Ата – ана отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы ізеттілігі, еңбексүйгіштігі - отбасындағы адамгершілік тәрбиесінің негізі. Баланың іс -типатты, әдепті кішіпейілді, көпшіл болуы ең әуелі ата- анасының үлгісіне өнегесіне байланысты. Баланы жан – жақты тәрбиелеуде отбасы мен балабақшаның, тәрбиеші мен ата –ананың байланысын нығайту арқылы біз қоғам талабына сай ұрпақ қалыптастыра аламыз деп түсіндірді.

3.Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Тазалық-денсаулық кепілі» тақырыбында баяндама тыңдалды. Балабақша медбикесі тазалық туралы ата-аналармен әңгімелесті.

4.Күн тәртібіндегі төртінші мәселе біздің балабақшада қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері туралы айтылды.




Ата – аналар жиналысының шешімі:

Ата- аналар осы аталған мәселелер бойынша бір ауыздан келісеміз деген шешім қабылдады.

Қаулы етті:

1Балаларға балабақшада беріліп жатқан сапалы білім мен тәрбиені отбасында жалғастыру ата-аналарға жүктелсін.

2.Балалардың тазалығы мен денсаулығына көп көңіл бөлінсін.

3.Тәрбиешімен кері байланыста болсын.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2021
1252
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі