Материалдар / Ата-ана жиналысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-ана жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы Бала тәрбиесінің негізі - оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ - бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата - ана - баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата - ананың сіңірген еңбегіне, тәлім - тәрбиесіне байланысты. Әрбір ата - ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан - жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Тәрбие дегеніміз - халықтың ғасырлар бойы іріктеп, жинақтап алған озық тәжірибесін, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын жас ұрпақтың бойына сіңіру, соған сай мінез - құлық қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Тамыз 2021
2007
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата - аналар жиналысы
Күн тәртібі:
1. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы.
Баяндамашы: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.О.Әбікеева
Мақсаты: Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері мен міндеттері, отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары туралы ақпарат беру, ата - ананың балаға деген жауапкершілік сезімін арттыру, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне қолдау көрсету.
Табыс критерийлері:
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын нығайтады.
Ата - ананың балаға деген жауапкершілігі артады.
Пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен үнемі байланыс жасап тұруға көп көңіл бөледі.
Жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Тренинг.
2. Негізгі кезең. Баяндама: Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы.
3. Қорытынды кезең. Топтық жұмыс. Ой толғаныс.
4. Кері байланыс. Сауалнама. «Бес саусақ» әдісі.
5. Қорытынды. «Жүректен жүрекке» тренингі.

І. Ұйымдастыру кезең
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар, қонақтар! Қазір бір - бірімізбен амандасып алайық. Амандасуды өзгеше өткіземіз.

Шаршы белгілер қол алып амандасады, үшбұрыш дауыс арқылы, шеңбер мимика арқылы амандасады.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы
Бала тәрбиесінің негізі - оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ - бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата - ана - баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата - ананың сіңірген еңбегіне, тәлім - тәрбиесіне байланысты. Әрбір ата - ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан - жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда.
Тәрбие дегеніміз - халықтың ғасырлар бойы іріктеп, жинақтап алған озық тәжірибесін, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын жас ұрпақтың бойына сіңіру, соған сай мінез - құлық қалыптастыру.
Бала тәрбиесі - баршаға ортақ. Жас ұрпақ бойында жақсы қасиет, адамдық құндылық, талғам мен талантты жетілдіру ата - ана мен мұғалімнің басты міндеті. «Тәрбие - адам тағдырын шешетін ұлы іс»,- деп В. Г. Белинский айтқандай, тәрбиеге, соның ішінде бала тәрбиесіне бейжай қарауға болмайды. Әрбір ата - ана еліміздің болашағының жарқын болуы үшін, балаларын тәрбиелей отырып ат салысады. Ол үшін баланы тәрбиелеушінің өзі тәрбиелі болуы тиісті. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген ұлағатты сөз соның айғағы. Саналы тәрбие, сапалы білім баланың ертеңіне даңғыл жол ашады. Адам өмірінің алтын бесігі - мектеп қабырғасында өткен жылдар. Бұнда бала жаңа өмірдің заңдылықтарын үйренеді. Мектеп ұжымына ата - ананы көмегі ауадай қажет. Мектеп пен ата - ана арасындағы сыпайы сыйластық үндесіп жатса, бала тәрбиесі жақсы болары сөзсіз.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы дегеніміз - бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірін - бірі толықтыруы, өзара хабарласа, келісе әсер етуі, ықпал жасауы. Оқушы - мұғалім, оқушы - ата - ана, мұғалім - ата - ана - адамгершілікке бағытталған тұлғааралық қатынасты қалыптастыруға күш салатын үштік одақ. Ата - ана мектеппен байланысын күшейтуі арқылы ғана бала тәрбиесінде жақсы жетістікке қол жеткізе алатыны ақиқат. Ата - ана мен ұстаздар арасындағы қарым - қатынасынан біз тамаша нәтиже күтеміз. Бар әдемілік пен әдептілікті бойына жинаған, халықтық тәрбиемен сусындаған, өз отбасына, өз ұстаздарына, өз мектебіне, сыныптас достарына, еліне құрмет сезімі қалыптасқан жеке тұлға қалыптастыра аламыз.
Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс - әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы балабақша, мектеп, қоғам және жұртшылықпен тәрбие кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата - аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуте болады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!