Материалдар / Ата-ана жиналысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-ана жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
біртұтас тәрбие
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2024
55
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Адами қарым-қатынас ізгіліктері»

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Қажетті құрал-жабдықтар:  Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, ватман, маркерлер және т.б.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.
ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:

Тәрбие ісінде ата-ананың алар орны, беделі жоғары болуы керек. Өйткені, отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы ата-анасы.
Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең алдымен оның ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек дей отырып, бүгінгі ата-аналар жиналысының тақырыбы:
«Адами қарым-қатынас ізгіліктері» деп аталады. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж
етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де толық көңіл бөле алмай отыр. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады.

«Танысу» жаттығуы: «Білесіздер, Білмейсіздер» әдісі арқылы ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады. Мақсаты: ата-ана біз білетін және білмейтін қырларын жеткізеді.

Топқа бөлу: Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.

Үш топқа тақырып беріледі. Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

I-топ «Бала». Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

II-топ «Ана». Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

III—топ «Әке». Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.

Ситуациялық сұрақтар

«Әрбір баланың құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» - дегендей, баланың мінез –құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. Сондықтан, ата-аналар, мен сіздерге ситуациялық сұрақтар қойғым келіп тұр. Ата-аналар тақтадағы ыдыстан үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді. (Ситуациялық сұрақтарға жауап береді)


«Жұдырық» жаттығуы.

Мақсаты: Өзін-өзі тану қабілетін, қарым-қатынасты дамыту.

Нұсқау: Қазір барлығымыз бір тапсырманы орындайық. Көршілер бір-бірімізге қарама-қарсы отырып, біреуіміз жұдырық түйіп, екіншіміз жұмылған жұдырықты ашуымыз керек. Жұдырық түйген кісі аштырмау керек. Ал екінші кісі ашуға тырысыңыз. Енді осыны қарама-қарсы қайталау керек.

Талдау: Қандай сезімде, қандай күйде болдыңыз?

Қорытынды: Біз әбден күш көрсеткенге, адам жанын қинауға құмармыз. Жай сөйлесек, «жылы-жылы сөйлесе жылан інінен шығады» демекші, біз күштемей-ақ қолыңызды аша салыңызшы деп айтуымызға да болар еді.

Сергіту сәті: Берілген тапсырмаларды орындау

қазақша музыка қою

Жағдаяттар. Сахналау. «Баланың ісі шала», «Балаң нашар болса, түйенің үстінен ит қабады» демекші, кейде балаға ұрсуға тура келеді. Сіз балаңызға не деп ұрсасыз?
«Бала» тобы: «Балаңыз мектептен ашуланып келді. Мұғалімнің ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қалай әрекет етер едіңіз? Рөлде: ата-ана, бала, мұғалім.
«Ана» тобы: «Дидар сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Дидар сабақты тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді. Мұғалім Дидарға ескерту жасады. Дидар үйіне барып ата-анасына шағым жасады. Ата-анасы директорға кіріп, айқай шығарды. Сіз не істер едіңіз? Рөлде: ата-ана, бала, директор, мұғалім.
«Әке» тобы: «Балаңыз күнде сабаққа кешігеді. Оны бақылап жүрген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сізді мектепке шақыртты. Сіздің әрекетіңіз? Рөлде: ата-ана, бала, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар. (Ойлануға 5 минут, сахналауға 2 минут)

Қорытынды: Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештеп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні -баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені. Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары. Баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол анаға қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.








12 орта мектеп-гимназия










Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: «Адами қарым-қатынас ізгіліктері»




















Сынып жетекшісі: Куберова А.Д







2024-2025 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!