Ата-ана жиналысының хаттама үлгісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-ана жиналысының хаттама үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Хаттама

Айы________ күні____2016ж

Топтағы бала саны: 32

Қатысқаны: 21 ата-ана

Қалыс қалғаны: 11 ата-ана

Күн тәртібінде:

  1. «Ата-ана мен баланың қарым-қатынасы » тренинг

/Кенжеқұлова Л - психолог/

2. Дөңгелек үстел: «Балалардың тәртібінде өнегелі- этикалық дағдыны дамытуда

отбасының рөлі» /Сәрсенбекова Н - тәрбиеші/

3. Балаларды үй жағдайында шынықтыру кеңестері / Жиренбаева Ж – ембике/

4. Әртүрлі ұйымдастыру мәселелері


Күн тәртібіндегі I-ші мәселе бойынша психолог Кенжекұлова Ләйлә ата-ана және баланың қарым қатынасы туралы ата-аналармен тренинг ұйымдастырды

Мақсаты:  ата – ана  мен  баланың  қарым- қатынас  дағдыларын қалыптастыру

.Қажетті құрал жабдықтар: қобдиша, музыка үнтаспасы, екі ыдыс, жүрекшелер,бала тәрбиесіне арналған жаднама;

Тренинг барысы:

(Топтағы қатысушылар шеңбер құрып, көздерін жұмып отырады.Тапсырманы орындау үшін қобдиша керек. Оның ішінде домалақ айна болады).
-Қазір сіздер мына қобдышаны бір-біріңнің қолдарыңа бересіңдер.Қобдишаны алған адам оны ашып ішіне қарайды.
Оның ішінде кішкентай өзіңнің сіздер жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіздер.Оған күліп қарауларыңыз керек. (Барлық қатысушылар сандықшаға қарап болған соң, психолог сұрақтар қояды).
- Жан-жақты және қайталанбайтын деген сөзді қалай түсінесіздер?
- Жан-жақты және қайталанбайтын бейне кім болып шықты?
- Сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сіздерге қалай қарады?
- Біз жан-жақты және қайталанбайтын бейнеге қандай көзқараспен қараймыз? (Қатысушылар ойын тыңдау).

Ой түйіндеу:  Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.

Жақсы қарым-қатынас  үшін ең алдымен  сабырлық , салиқалық қажет.

«Эмоция» ойыны ( шармен).

Талдау: Біздің эмоцияларымызды осы шар сияқты ашу ызаңды  толық шығарып жіберсең  басқа адамдармен қарым – қатынасыңа  зияны тиеді. Адамдармен  қарым –қатынаста сабырлық қажет.

Ой жинақтау: Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек? (сурет схемамен талдау)  достық

Ата-ана  сыйластық Бала

                                                           ынтымақ

                                                             түсіністік

ата-аналар тренингке белсенді қатысып отырды.

II- ші мәселе   бойынша ««Бала тәртібінде өнегелі –этикалық дағдыны дамытуда отбасының рөлі» тақырып    бағытындағы  дөңгелек үстелде тәрбиеші Сәрсенбекова Нұрзада Ахатқызы ата-аналармен баяндамасы төңірегінде өз ой- пікірлерін әңгімелеп берді. «Балабақшада тәрбиелеу бағдарламасында» ерте жастағы бірінші кіші топтан бастап, балаларға қолжетімді пайдалы әдеттерді және мәдени- гигиеналық дағдыларды қалыптастыруға үлкен назар аударылған.





Мұндайда жетістіктер педагог ата-аналармен жақын байланыс орната алуына, балаларға бірыңғай талаптар қоя алатындығына және бұл талаптардың отбасын да және балабақшада орындалуының

жүйелілігімен қамтамасыз ете алуына байланысты болады. Тәрбиелеушілер, мысалы, баланың тамақ ішер алдында қол жуып немесе жатар кезде өз киімін ұқыпты жинап салуға үйренуіне қаншалықты күш салса да, бұл әдет оны үйде сақтап тұрмаса, қалыптанбайды.

Баяндама бойынша мына ата-аналар өз ойларымен бөлісті.

Ата-ана Молдашова Нұржамал:

  • Әрбір отбасы біртума, кез келген адамның бейнесі де біртума, әр отбасыда дәстүр, салттары, тұрмыссалты бөлек. Сондықтан да тәрбиелеушінің ата-ананы баланың мектепке дейінгі жасқа ие болатын барлық дағдылар мен әдеттерімен таныстыру әрекеті нәтижесіз болар еді. Мінез-құлық мәдениеті туралы, сыпайылылық туралы айтқан кезде, мәселе этикетке қатысты емес екендігін, мәдени мінез-құлықтың мәдени- гигиеналық дағдылар мен әдеттері алаламайтын ережелерден артығырақ нәрсе екендігін баса айтқан жөн. Басқалары сияқты осы дағдылар мен әдеттер баланың өзін қоршаған болмысқа деген саналы қатынасына және сезіміне негізделеді.

Ата-ана Кенжебекова Сәлима:

- Бала өседі, және біздің көмекшілеріміз болып оның сезімдері ғана емес, сонымен қатар оған

неліктен жақсы істеу керек, ал жаман істемеу керектігін түсіндіре алу мүмкіндігі де болады. Ол

біз оны сөзбен және өз мысалымен үйреткендей әрекет етуге дағдыланады да, ақырында осыны

қажетсінеді.

Ата-ана Байбатырова Нұржамал:

- Біз ата-аналар балалардың бойына балалық шақта сіңдірілген дағдылар, оның ішінде мәдени-

гигиеналық дағдылар да адамға оның келесі өмірі бойы көп пайда әкелетіндігін есте сақтау керек.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды бала үлкендердің басшылығымен бойына сіңіп алады. Басқа

балалармен бірге ол қол жууға, тамақты ұқыпты ішуге, киімінің дұрыс болуын бақылап отыруға,

заттарға күтімді қарауға үйренеді. Онда дербестілік пен ұйымдастырушылық, мұқияттылық пен

құнттылық қалыптасады да, үлкендер мен құрдастарға деген сыпайы қатынас тәрбиеленеді.

Күн тәртібіндегі III- ші мәселе бойынша балабақша ембикесі Жиренбаева Жұмакүл балаларды үй жағдайында қалай шынықтыру керек кеңестерін айтып өтті.

-Үй жағдайында баланы шынықтырудың бірнеше жолдары бар. Күн қуатымен шынығу- баланың бойының өсуін және сауығуының ең тиімді тәсілі. Көру мүшесі арқылы ағзаға өту арқылы күннің көзі нерв жүйесін оятады. Ал, нерв жүйесі өз кезегінде ағзаның барлық жүйесінің жағдайын реттеп, сергектігін қамтамасыз етеді; биоритмді реттейді, зат алмасу процесін белсендіреді.Иммунитетті күшейтеді, қоршаған ортадан адам ағзасына түсетін бактериалардан қорғаныш күшін күшейтеді, ауыруға шалдығу қаупін төмендетеді. Ауамен шынығу - балаларға да, ересектерге де пайдалы ауа ваннасынан бастаған дұрыс. Ауамен шыныққан баланың ағзасы салқын ауаның ұзақ әсеріне беріктігін жоғарлатады. Су бүркемесі – өзіне температуралық және механикалық әсерді біріктіретін шынықтырғыш ем-шара. Су бүркемесі ағзаны жақсы сергітеді, сондықтан да оны таңертеңгі және кешкі уақытта, сонымен қатар дене жаттығуларынан кейін жүргізген дұрыс . Үйде баланы шынықтыруды тек балаңыздың дені сау болған жағдайда ғана бастаңыз. - Сауықтыру-шынықтыру шараларының ұзақтығын біртіндеп көбейтіңіз. - Баланың денесінің тоңып қалмауын қадағалаңыз. - Сауықтыру-шынықтыру шаралары жүйелі жүргізілінуі қажет.

4-ші мәселе бойынша ата-аналар ашық ой- пікірлесті.

Қаулысы:

  1. Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы табысты болу үшін тәрбиешілермен бірлескен оң көзқарас, ұйымдаса, бірлескен жоспарларды жүзеге асырып, қорытындысын шығарып отыру .

  2. Балалар бойында өнегелік тәрбие арқылы этикалық қасиеттер қалыптастыру үшін, ең алдымен балабақша өмірін педагогикалық жүйе, яғни тұтас педагогикалық үрдіс ретінде қарастыруға қол жеткізу .





  1. Балабақша ембикесінің кеңестерімен сауықтыру-шынықтыру шаралары жүйелі жүргізілінуі қажет.

 

Төрайымы__________________/

Хатшы _________________ /




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2018
24285
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі