Материалдар / Ата-аналар жиналысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналар жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Міндеті: 1. «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері 2. «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері 3. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі (қыздар тәрбиесі, ұлдар тәрбиесі)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
600
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қосымша №3

Жиналыстың өту барысы:

Құрметті , ата-аналар! Бүгінгі жиналысқа қош келдіңіздер.

Бүгінгі кездесуіміздің мақсаты - ата-аналарға «Өзін-өзі тану » пәні арқылы рухани –адамгершілік тұрғысында білім берудің мәнін ашу.

Міндеті:

1. «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері

2. «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері

3. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі (қыздар тәрбиесі, ұлдар тәрбиесі)

Білім беру саласындағы бүкіләлемдік өзгерістер аясында адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті, Еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім жобасын ұсынды. «Өзін-өзі тану» эксперименттік жобасы Қазақстанда 2001 жылдан бері жүргізіліп келеді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының білім мекемелерінде пән ретінде жүргізілуі баға жетпес құнды дүние.

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен)

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.

Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,

таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде...

Мен - Нұрмын »

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!

- Қандай әсер алдыңыздар? Нұрға бөлене алдыңыздар ма?

Ой қозғау.

Тапсырмалар

1. Құндылық дегенді қалай түсінесіңдер? Ол не?

2. Жалпы сана туралы қандай ойларыңыз бар?

3. Бала тәрбиесі туралы қандай пікірлеріңіз бар?

1. «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері

Классиктер рухани-адамгершілік білім туралы.

  • Әлемді өзгертпес бұрын, өзіңді өзгерт. Сократ.

  • Өмір -қарама қайшылықтан туындайды, сол арқылы өмір танылады. Гераклит.

  • Адамның ізгілігіне сенбейтін адамдарға, ізгіліктің көрінісі де сирек кездеседі. К.Роджерс

  • Ізгілік психологиясның классиктері

  • Сен өзіңе деген сенімді, күш пен жігерді, сырттан іздейсің, оны өзіңнен іздегенің дұрыс өзіңнің бойыңда бар. З.Фрейд.

  • Өзіңнің жүрегіңді ашу керек. Тағы бір міндет – мұқтаж адамды шабыттандыру. Оған сенім білдіру арқылы шабыттандыру.

Мұндай педагогика мүмкін, ол бар, және де ол жағдайларға тәуелді емес. Жағдайларды жасаушы мен болып табыламын. Мен қайда болсам, менің педагогикам – менің жүрегім, менің санам – сонда. Ш.Амонашвили.

Өзін-өзі тану сабағы - бұл оқушының ғана емес, ұстаздың да өзгеруі жүзеге асырылатын, бірлескен асқақ өмірдің айрықша кезеңі.Өсіп келе жатқан бала мұғалімнің ісі, сөзі және ойымен Нұрланады, өзінің шынайы рухани табиғатын ашады, шабыттана отырып, өзінің рухани сыйын әлемге таратады. Өзі-өзі тану сабағы оқушы мен мұғалімнің жүрегін ашуға мүмкіндік және руғына қорек береді. Рухани-адамгершілік білім беру бұл –ішкі білім беру. Ішкі білім беру ол –адамгершілік. Сыртқа білім-сыртқы өмірдегі жетістіктер. Жетістіктер келеді де кетеді. Адамгершілік келеді және ол ұлғайып, өсе бастайды.

Сананың құрылымы

Терезе туралы аңыз.

Сананы тазарту.

  • Күн сайын жағымды көңіл күйге келу;

  • Барлық адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашу;

  • Ашу – ызаңызды бақылау, ашулана бастасаңыз, онда:

бір стақан су ішіңіз;

  • айнадан бет- жүзіңізге қарау;

  • тыныш қана жату;

  • ашуыңыз келіп тұрған жерден кетіп қалыңыз;

  • жақсы компания, орта табу;

  • тыныштық сақтауға үйреніңіз;

  • тек қана жақсы нәрсе айтыңыз;

  • өзіңізді тыныштандыратын ізгі немесе жұбату сөздерді айту;

  • жан тебірентіп, жайландыратын ән салу.

2. «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.

Жалпыадамзаттық құндылықтар - бұл барлық кезеңдегі адамдар үшін шынымен маңызды сөзсіз қажетті қалаулы, өткінші емес, жынысына, ұлтына, нәсіліне, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, діни сеніміне және т.с.с. байланыссыз әр адам үшін іс жүзінде мағынасы бар құндылықтар.

Құндылықтар туралы мәселені алғаш рет Сократ көтерді . Ізгілік тұрғысында қарастырды.

Т.И. Петракова құндылықтар жүйесін үшке бөліп қарастырды

Табиғи құндылықтар – ақылдың айқындығы, сезімнің шынайлығы, еріктің қайраттылығы жатады. Туғаннан беріледі.

Жүре пайда болған құндылықтар – адамның сіңірген білімі мен тәрбиесінің нәтижесіндегі зиятты және адамгершілік тұрғыдан даму үдерісі барысында меңгерілген құндылықтар. Ұстамдылық, табандылық, батырлық, әдептілік, сыпайлылық, құрмет, кеңпейілділік.

Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.

Ақиқат – бұл өзгермейтін, өмірдің негізгі қағидасы: барлық жаратылыстан өтетін рухани бастау, барлық жаратылысқа тән, біріңғай мән. Ол уақытқа : өткенге, бүгінге және болашаққа тәуелді емес.

Дұрыс әрекет – бұл борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар-ұждан дауысына сәйкес мінез –қылық.

Сүйіспеншілік – бұл таза, риясыз сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын қуат.

Ішкі тыныштық – ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты.

Қиянат жасамау –ешкімге оймен, сөзбен, әрекетпен қиянат жасамау.

Оқыту үрдісіне  жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз.Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе? Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп  көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты, сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады.Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді.

 Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау - дамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді.

Америкалық психолог Абрахам Маслоудың зерттеуі бойынша

адамға мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды аса қажетсіну (метоқажеттіліктер) тән. Егер оларды түсінбесе және қанағаттандырылмаса психологиялық күйзеліс немесе метапатология пайда болады. Мысалы, адамның /оқушылардың/ өзін-өзі қабылдамауы, енжарлығы, жалығуы, өмірдің мақсаты мен мәнін түсінбеуі, білімге деген қызығушылығының болмауы.

Білім беру үдерісіне жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның ізгілікті сапасын қалыптастыруға ықпал етіп, адамның рухани кемелденуіне бастайтыны айқын.

Білім беру мазмұнының негізіне, оның өзегі болып табылатын мәңгілік абсолют рухани-адамгершілік құндылықтар алынуы тиіс.

3. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі (қыздар тәрбиесі, ұлдар тәрбиесі)

  • Ата-аналар өз балаларына білім беруге, білім алуына жағдай жасауға талпынады. Бір-ақ оларды балаларының қандай білім алып жатқаны онша алаңдатпайды.

  • Білім балаларға жалпыадамзаттық құндылықтарды игеруге,

бойына сіңіруге қызмет етуі тиіс.

Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі

- Бала өмірінің алғашқы бес жылында міндетті түрде анасымен болуы керек. Ана өзінің міндетін өзгелерге аудара салмауы тиіс (ата-әжесіне, күтушіге, балабақшаға).

- Ананың міндеті – руханилық пен адамгершіліктің негізін салу.

- Егер ана рухани болса, бүкіл ұрпаққа алаңдамауға болады. Егер ол адамгершілікпен әрекет етсе балалары да соны жасамақ.

Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі

- Әке отбасында ең басты орынды иеленеді.

- Еркек – білімнің даналықтың, тәртіптің іске асырушысы.

- Еркек- әйелін, балаларын қорғаушы, отбасының барлық мұқтаждығын өтуші, олардың денсаулығына, білім алуына кепілдік беретін адам.

Тәрбиедегі ынтымақтастық

- Баланың шынайы табиғатын сезініп, табиғат берген ерекшеліктерін ескере отырып, қалай бар солай қабылдап, түсіне білу керек.

- Әрбір баланы жақсы көру, түсіну, сыйлау арқылы қанаттандыруға болады.

- Баланы ақылға құлақ қоятын, тілалғыш ету үшін ең алдымен ынтымақтастықа әрекет етіп, үлкендердің өзі өзін-өзі жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуі тиіс.

Жақсы отбасының қасиеттер

- Барлығы сүйе білетін, айнала қоршаған ортасын жақсы көретін болады;

- Әр қайсысы өз парызын, борышын дұрыс орындайды;

- Қуанышты, жан тыныштығына өмір сүреді;

- Отбасында бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болады;

Адамгершілік қағидаларымен өмір сүреді

Бейнебаян «Ата-ана балаға үлгі»

Бейнебаянның негізгі ойы неде?

Отбасы ынтымақты болу үшін не істеу керек?

Ынтымақтастықта тәрбиелеу

- Күнделікті өмірде ата-аналар балалаға үлгі болуы тиіс. Өзге адамдардан тек жақсылықты көру үйрету керек және олармен өздеріне басқалардың қандай қатынас жасағанын қаласа, өздері де сондай қатынас жасауға тиіс екенін үйрету керек.

- Ата-аналар отбасында мінез-құлық ережесін жасауы керек және оны өздері де бұлжытпай орындап, сол ережеге

Тапсырмалар
1. Отбасындағы қыз баланың міндеттері. 10 ереже жазу;
2.
Отбасындағы ұл тәрбиелеу кезінде міндеттері. 10 ереже жазу.
Қорытынды.

Адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде рухани-адамгершілік әлеуетті көтеру болып табылады. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз «Өзін- өзі тану әлемінде» әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан -жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, өз жерін, өз  тілін, өз  отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз. 

«Өзін-өзі тану» бұл тек өзі туралы біліп қана қою емес, қоғамдық-қатынастар жүйесіндегі, адамдар арасындағы өз орнын таба білу, өзін тұлға ретінде сезіну. Өзін және қоршаған ортаны тану арқылы баланың жан дүниесін байытып, адамгершілік- рухани құндылықтарды баланың бойына сіңіру. Бала өз елінің, халқының мәдениетін сәби шағынан біліп өсуі маңызды. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеу отбасы мен біздердің ең басты міндетіміз.

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тәрбиелей аламыз. «Өзін- өзі тану әлемінде» әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан -жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, өз жерін, өз  тілін, өз  отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз.

«Тәрбие- отбасынан басталады» демекші ата- аналарға осы пәннің қазіргі таңда қажеттілігін түсіндіре отыра, өз ұлтымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәрбиесінің маңыздылығы зор екенін атап өткен жөн. 

 

 

 

 

 

 

 






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!