Материалдар / Ата-аналар жиналысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналар жиналысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға семинар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2023
265
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата - аналар жиналысының жоспары

Ата - аналар жиналысының тақырыбы: «Ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі құндылықтар»

Мақсаты: Ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі құндылықтар туралы түсініктерін кеңейте отыра, отбасы – тәрбиенің негізі екенін ұғындыру.

Міндеттері:

- Жалпы адамзаттық құндылықтар туралы білімдерін кеңейту;

- Мейірімділік, сүйіспеншілік қасиеттерін тәрбиеде дамыту;

- Жалпы адамзаттық құндылықтарды күнделікті өмірде қолдануға тәрбиелеу.

Ресурстары: Кофе – брейк, интерактивті тақта, слайд, бейнефильм

Жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

Ілініп тұрған шарларды жарып ішіндегі тілектерді оқу

1.Сәлемдесу,ата-аналарды қарсы алу.

«Жазуынан таны» әдісі. Алақанда жазылған тілектерді оқып өз баласының жазуын тану.

2. Ата - аналармен тренинг.

3. Ата - аналарға жағдаяттық сұрақтар қою

4. Әңгімелесу.

5. Хормен ән айту: «Әке»

1.     «Амандасып алайық» ойыны.

Мен алақанымды соғамын, сіздер бір-біріңіздің қолдарыңызды қысасыздар. Мен қоңырау соғамын, баспен амандасыздар, мен көзімді жұмамын көзбен амандасыз,шынтақпен, жұдырықпен құлақпен, аяқпен амандасамыз

2. «Сен кімсің» ойыны.

Мақсаты: өзі туралы, өз орны, құқығы мен міндеттері туралы ойын дамыту.

Барысы: қатысушылардың арқасына үлкен қалың қағаз шаншып қояды. Әрбіреуі бір-бірлерінің жауырындарына түйреленіп қойған қағаздағы сұраққа жауап жазу керек. Содан кейін жалпыланған мінездеме топта талқыланады.

         Бұл кезеңде топта гештальтерапия мен психодрамалар техникасы, сонымен бірге нейролингвистикалық жүйелеу мен дене терапиясы белсенді қолданылады.

Талдау: Тапсырма ұнады ма? Өзіңіз туралы пікіріңіз өзгерді ме? Қандай әсер алдыңыздар?

3. «Баламның бейнесі» әдісі.Қағазды қолмен жырту арқылы өз баласының бейнесін салу.

Қортынды: Біз баламызға не көрсетіп, не үйретеміз сол құндылықтар баланың бойында қалыптасады. Барлығы да біздің қолымызда. Сондықтан, барлығымыз бірінші өзімізді түзетіп, бойымызға асыл қасиеттерді сіңіріп алсақ сонда баламыздың бойына да сол қасиеттерді дарыта аламыз.

4. «Гүл жинау» әдісі. Гүлдерге баласының бойынан қандай қасиеттерді көргісі келеді соларды жазады.

Қортынды: Баламыздың бойында осындай жақсы қасиеттерді берсек, бала осы гүл тәрізді ашылып, жайқалып өсетін болады.

5. Жағдаятты сұрақтар:

1.Ата- аналар рөлінде: Сынып жетекшісі сіздің балаңызға реншулі, ашулы. Сабақта отырмайды немесе тентек болады, сабақ оқымай келген деген сияқты сөздер айтты. Сіздің ата- ана ретіндегі әрекетіңіз?

2.Сынып жетекшісі рөлінде: Ата- ана сізге келіп сабақ береін пән иесіне шағымданды. Сіздің әрекетіңіз?

3. Сынып жетекшісі рөлінде: Баласы сабақтан қашып жүретін ата- ана: «Менің ұлым сабақтан неге қашады, пән мұғалімі кім, сабақта қызықтыру үшін неге жұмыс істемейді, мектептен сапалы білім алу үшін жібердім. Бұл қалай?» Сіз осы мәселеге қандай шешім табасыз?

4.Ата- аналар рөлінде: Сіз қонақ қарсы алып отырсыз. Сіздің балаңыз қонақтың көзінше балағат сөз айтты. Сіз бұл жағдайда не істейсіз?

5.Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған. Сіздің әрекетіңіз?

6.Тоқсандық қортынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан 3 ке кетті делік. Сіздің іс-әрекетіңіз?





Сергіту сәті: «Әке» әнін айту

5. Әңгімелесу

1.Үйде балаңызға қаңшалықты жақынсыз?

2.Балаңыздың пікірімен санасасыз ба?

3.Отбасындағы сүйіспеншілік туралы не айтасыз? Сіздің пікіріңіз.

Сұрақтар қойдып, әңгіме жүргізіледі.

Рефлексия: «Бала –біздің жемісіміз»

Жемістерді әдемі етіп турау.

Отқа түстің,суға түстің мен үшін

Енді міне бағын берді жемісің

Бала қыран шыңға шықса бұл күнде

Мұның бәрі әке сенің жемісің



Анашымды отырғызып жаныңа

Той берейін салып алақаныма

Ей адамдар шүкіршілік етіңдер

Мына өмірде әкелерің барына

Тек әкелер сендер ғана лайықсың

Хан сарайы патша тағына

Тек әкелер сендер ғана лайықсың

Хан сарайы патша тағына



Алатаудай қадірін білесің бе?

Арманың мен ұлдарың бір өсуде

Алтын шапан кигізсем де аз саған

Айтшы әке не істей алам сен үшін



Анашымды отырғызып жаныңа

Той берейін салып алақаныма

Ей адамдар шүкіршілік етіңдер

Мына өмірде әкелерің барына

Тек әкелер сендер ғана лайықсың

Хан сарайы патша тағына

Тек әкелер сендер ғана лайықсың

Хан сарайы патша тағына



Ана жұмақ әке жұмақ қақпасы

Бұлар жаққа бұрсаңдаршы ат басын

Бір күндері жұмақ іздеп барғанда

Қапа болып қақпа ашылмай жатпасын





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!