Тақырыбы: Менің отбасым-менің
байлығым
Мақсаты: Мектеп пен ата-ана
ынтымақтастығын күшейту жолымен бала мен ана арасындағы
қарым-қатынастың ерекшелігін психологиялық жаттығулар, ойындар,
тапсырмалар арқылы көрсете отырып, отбасылық тұрақтылықты
нығайтуға үлес қосу; ата-ананың мектепке, мұғалімге деген сенімін
күшейту;
Көрінекіліктер:Түрлі қағаздар,
интерактивті тақта, сиқылы таяқша,
видео материалдар,
слайд-шоулар.
Кіріспе (Мұғалім
сөзі)
Сәлеметсіздер ме
құрметті оқушылар, ата-аналар!
Б үгінгі
өзіндік тәрбиелік мәні бар сабағымызға қош
келдіңіздер!
-Адамдар арасындағы
қарым-қатынаста адамгершілік әдеп, инабат үрдістерінің қаншалық кең
жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен сіздердің жекелеген
отбасыларыңызда өркен жаюына, яғни,баланың ата-анасын жан жүрек
қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын
үлкендерден үйрене отырып жүзеге асырып отыруларына
байланысты.
Адам өмірінің мәні мен
сұлулығы – баланың ата-анасын ардақтап., өзінің перзенттік қарызын
бір сәт те есінен шығармауында.
Бала – ата-ана өмірінің жалғасы. «баламның
табанына кірген шөгір менің маңдайыма кірсін.» деп әлпештеп өсірген
перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде «Өзімді алып, баламды
аман қалдыр,»деп құдайға жалбарынған ата-ананың жүрегі не деген
кең, не деген ерекше десеңші!
Бала тәрбиесінің қызығы мен қиыншылығы қатар
жүретіні бәрімізге белгілі.
Сондықтан бәріңіздің отбасыларыңызға амандық ,тек
жақсылық тілеймін.
1.Шаттық
шеңбері
Енді келесі кезекте сіздерді
шаттық шеңберіне шақырамын. Сіз балаңыздыздың есімі неге байланысты
қойылғанын бір ауыз сөзбен айтып, сол есімнің бірінші әрпінен
басталатын жақсы тілек айтуларыңыз
керек.
- балам айдың жарығында
дүниеге келгендіктен айдай сұлу болсын деп айсұлу қойған екен. Ай
қабақты сұлу, ақылды болуларыңа
тілектеспін.
-
баламның есімін атасы Диана деп
********
-
баламның есімін Ержан ер мінезді жан болсын дегені, жігіттер,
сіздерге нағыз ер мінезді, қыз балаларға еліктей нәзік болуларыңа
тілектеспін.
Әр тілектен соң 3 рет
қол соғып қошеметтеп отырамыз.
2. «Біз бақытты
жанұямыз» Суреттер
әлемі
Зерттелушіге нұсқау:
«Отбасыңның суретін сал, отбасыңның әрбір мүшесі бір нәрсемен
айналысқан болсын». Қалған нақты сұрақтарға ешқандай нұсқауларсыз
жауап берген жөн. Мысалы: «Салуыңа болады, өзіңе қалай ұнаса, қалай
салғың келсе».
Сурет салынып біткеннен кейін,
баламен келесі жүйе бойынша әңгімелесу
қажет:
-
Суретте кім салынған және
отбасының әр мүшесі не істеп тұр
-
Отбасы мүшелері қай жерде
оқиды немесе жұмыс істейді
-
Үйде тұрмыстық міндеттер қалай
таратылады
-
Баланың отбасының әр мүшесімен қарым-қатынасы
қандай
отбасы суретінің құрылымын
талдау;
отбасы мүшелерін жеке сурет ерекшелігін
талдау;
сурет салу процесін
талдау.
Отбасы суретінің интерпретациясының әрбір
көрінісін толық талдайық.
-
Бала отбасы мүшелерін толығымен салмайды. Ол
жанжалдық қатынаста болған отбасы мүшелерінің суретін салмайды.
Отбасы мүшелерінің орналасуы олардың өзара қарым қатынасын
көрсетеді. Кейбір кездері отбасы мүшелерінің арасына оларға кедергі
болатын бір заттар суреті салынады. Отбасы мүшелерінің бірігіп
қызмет істеуі олардың жағымды қарым-қатынаста екендігін көрсетеді.
Кейде бірнеше отбасы мүшесі бірігіп қызмет істейтіні бейнеленеді.
Бұл отбасында ішкі топтасу бар екендігін
көрсетеді.
Отбасының суретін салған кезде, кейбір балалар
өзін парақтың астыңғы жағында
бейнелейді. Бұл балада бір жетіспеушіліктің барын
көрсетеді.Кейбір суреттерде адамдар емес заттар, көп жағдайда жиһаз
суреттері басым болады. Бұлда баланың отбасы жағдайымен мазасыз
екендігін көрсетеді.
-
Бала суретте ең алдымен өзі жақсы көретін отбасы
мүшесін бейнелейді. Егерде бала біреуді ұнатпайтын болса, оны
суретте толықтырмай, кейде негізгі дене мүшелерін салмай
бейнелейді.
Егер бала қатынасы жанжал немесе үрейлі болатын
болса, ол суретте қарым-қатынасы дамымаған отбасы мүшесін штрихтап
салады. Ұқсас жағдайларда өшіру және қайта салуды аңғаруға
болады.Сурет салудың бірнеше түрін байқауға болады, ол жасы кіші
балаларда ерекше байқалады, бір стильде әкесі мен ағасы, екінші
стильде анасы мен әпкесі бейнеленеді. Әсіресе шаш пен киім
бейнеленуі ерекшеленеді. Баланың өзінің бецйнесін салу, өзін кімге
теңейтіні көрінеді және ол баланың жынысына
теңбе-тең.
-
Сурет салу процесін талдау баланың отбасылық
қарым-қатынасы жөнінде ақпарат беріп қана қоймай, оның жұмыс стилін
де көрсетеді. Мектеп оқушылары мен жеткіншектер сурет сала
алмайтындығын айтса, оны түсінуге болады.
Психолог балаға түсіндіруі тиіс, бұл
тапсырмада суретті әдемі салу мақсат емес, отбасы мүшелерінің
қызметін ойлап табу мақсат.
Көптеген сылтаулар, қолмен салған суретін жабу,
бұл баланың өзіне өзі сенбеуін, ересек адамнан көмек қажеттілігін
көрсетеді.
Бала өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бірінші
салады. Бір тұлғаны салар алдында біраз үзіліс те болады. Кейбір
жағдайларда бұл баланың ол отбасы мүшесіне негативті қатынасын
білдіруі мүмкін. Түсінік берген кезде баланың отбасы мүшелеріне
деген қарым-қатынасы айтылуы мүмкін, бірақ тестті орындау кезде
психолог баламен әңгімелеспеуі жөн.
3. «Баланы ата-ана
тәрбиелейді, Ата-ананы кім тәрбиелейді?
Әдістемесі
4. «Жағымды
әңгіме»
А
йналасындағылардың ол туралы «жақсы серіктес» деп айтуы адамға
ұнайды. Бұл шын мәнінде пайдалы іскерілік- жеңіл түрде қатынасқа
ену және шығу. Әңгіме жүргізу іскерлігі адамға өзін сенімді
сезінуге мүмкіндік береді. Қазір біз бірнеше кездесулер серияларын
жүргіземіз және әр кезде жаңа адамдармен кездесесіз. Сізге әңгімені
бастап, өз серіктесіңізге жағымды нәрселер айтып және жағымды түрде
қоштасуыңыз қажет.
Топ балалары әткешнектер
принципі бойынша тұрады, яғни бір-бірлеріне қарап екі шеңбер
құрайды: ішкі (қозғалмайтын) және сыртқы
(қозғалатын)
Жүргізуші белгісі бойынша
сыртқы шеңбер қатысушылары бір мезгілде оңға қарай 1 немесе 2 қадам
жасап, жаңа серіктес алдына келеді. Мұндай ауысулар бірнеше рет
болады. Әр уақытта оларға рөлдерді сіз беріп
отырасыз.
Кездесу жағдайларының
мысалы:
А) «Сіздің бұл қалаға бірінші
рет келуіңіз сіздің алдыңызда сіз бұрын тіпті көрмеген адам тұр,
бірақ баратын жеріңізді білу үшін сіз бұл адаммен міндетті
сұрауыңыз қажет ».
Бүкіл әңгімеге, яғни
қарым-қатынас орнатуға 2-3 минут уақыт беріледі. Содан кейін белгі
бойынша, қатысушылар 10 секунд ішінде бастаған әңгімелерін аяқтап,
жаңа серіктеске өтуі қажет. Бұл ережелер төмендегі жағдайларға да
қатысты.
Б) «Сіздің алдыңызда сізге өте
ұнайтын адам тұр. Сіз онымен бұрыннан сөйлескіңіз келіп
жүр»
В) Сіздің алдыңызда бір
нәрсеге қатты ашуланып өз-өзіне келеалмай жатқан адам тұр. Оған
жақындап, сабырлыққа шақырып, әңгімені
бастаңыз.
Г) «Сіз көшеде кетіп барасыз.
Артыңыздан біреу айхайлайды. Артыңызға қарап бейтаныс адамды
көрдіңіз, ол адам да қателескенін түсінді. Сіз былай
дейсіз....»
5. Тренинг Сиқырлы
таяқша
Ортаға 4 ата-ана
шақырамыз
Кез келген парақты алып сөзді
оқисыз да келесі отбасына бересіз олар отбасы болып әр жаман
қылықтың бір жақсы жағын ойлап табу
керек.
Мысалы :
Сараң——-Үнемшіл
өтірік айту————-ренжітпеу
үшін
Төбелесу—– біреуді
қорғау
сабақтан қалу——–балаға ие
болу
Ұрысу—жаманнан
сақтау
қорқу——өзін қорғау
Кек
сақтау——-ренжігенін білдіру
Ұшқыр ойларыңыз бен
берген жауаптарыңыз үшін көп рахмет
сіздерге.
6. Тренинг «Өтінемін»
ойыны
Т ағы да сіздерді ортаға
шақырамыз.
Сіздермен бір ойын ойнап
көрейік
«Өтінемін» ойыны
-Құрметті ата-аналар, сіздер қандай сиқырлы күші
бар сөдерді білесіздер?
Рахмет, ғафу етіңіз.
өтінемін
Мен
сіздерге түрлі өтініш жасаймын, сіздер Егер мен «Өтінемін »
деген сөзді айтсам, онда орындауларыңыз қажет, Егер мен «Өтінемін »
деген сөзді айтпасам, онда
орындамайсыздар.
-Секіріңіздер,
-
өтінемін ,қол шапалақтаңыздар.
-
отырыңыз
-оң аяқтарыңызды
көтеріңіздер.
- өтімін, оң жақтағы
көршіңізге қараңыз
-құлақтарыңызды
ұстаңыздар.
-өтінемі, отбасы боп
құшақтасыңыздар.
Рахмет,орындарыңызға жайғасуға
болады.
7. Кімге
ұқсайды?
1. Адам күлгенде, жымиғанда ол
күнге ұқсайды, ал ашуланғанда ренжігенде бұлтқа ұқсайды. Сенің
мұғалімің күнге ұқсай ма, әлде бұлтқа ұқсай ма? Егер күнге ұқсаса
күннің, ал бұлтқа ұқсаса бұлттың суретін
салыңдар.,
2. Ертегілердегі айтылатын күн
астындағы Күнекей қыз өте мейірімді одан жылылық шашылып тұрады, ал
Қарлы Ханшайым өте әдемі және қатаң одан салқын жел соғып тұрады.
Сенің мұғалімің күн астындағы Күнекей қыз ба, әлде Қарлы Ханшайым
ба? Егер мұғалімің күн астындағы Күнекей қыз болса гүлдің суретін,
егер Қарлы Ханшайым болса шыршаның суретін
салыңдар.
3, Мамамыз қасымызда болғанда
бізді құшақтайды, еркелетеді. Сенің мұғалімің еркелете ме, құшақтай
ма? Егер солай болса гүлдің суретін, олай болмаса шыршаның суретін
салыңдар.
Бүгінгі сабақтан
түйгендеріңіз, ұнаған жаттығулар, жұмыстар болса өз тілектеңізді
білдіреміз десеңіздер сөз
сіздерде.
Құрметті ата-аналар мына
жүрекке біз жылы, мейірімді сөздер сабақтан түйгендеріңіз, ұнаған
жаттығулар, жұмыстар болса, немесе өз тілектеңізді жазып жүректі
жандандыру керекпіз.
-Құрметі ата-аналар, міне
бүгінгі сіздерге арналған «Менің отбасым-менің байлығым » атты
шарамыз аяқталды. Осындай қарбас шаруасы көп күннің арасынан уақыт
тауып келгендеріңізге көптен көп рахмет. Келесі жүздескенше қош сау
болыңыздар.
Қарақойын жалпы орта білім
беретін мектеп
2016-2017
о.ж.