Ата-аналар жиналысы хаттама 11-сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата-аналар жиналысы хаттама 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналар жиналысы хаттама
Материалдың қысқаша нұсқасы


ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ «№14 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ХАТТАМАСЫ №3


Сынып: 11 А

Өткізілген күні: 21.01.2025

Қатысқандар:

Сынып жетекші – Абилканова М.Г.

5 оқушының ата-анасы


Күн тәртібінде:


  1. Ата-аналарды педагогикалық қолдау тақырыбы «Өмір бойы оқыту: неге? қалай?»

  2. "Кәмелетке толмағандар арасындаға экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі жол картасы" тақырыбы бойынша талқылау.

  3. Әртүрлі мәселелер.

Тыңдалды:

1.Ата-аналарды педагогикалық қолдау тақырыбы «Өмір бойы оқыту: неге? қалай?»
Мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Бельдеубаева А.Е. ата-аналарға «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасының маңыздылығын түсіндірді. Оқу мен тәрбиенің үздіксіз дамуы, ата-ананың баланың білім алу үдерісіне белсенді қатысуының қажеттілігі атап өтілді.

2.Екінші тақырып бойынша, мектептің құқықтық тәрбиеге жауапты маманы Абилканова М.Г. , қазіргі таңда кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризм қаупінің алдын алу шаралары туралы баяндама оқыды.

  • Оқушыларға интернеттегі қауіпті ақпараттардан қорғану жолдары туралы түсіндіру.

  • Деструктивті діни ағымдар мен олардың белгілері туралы ақпарат беру.

  • Құқық қорғау органдарымен тығыз байланыс орнату.

  • Мектепте және отбасында бала тәрбиесінде қауіпсіз орта қалыптастыру.

Ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, балалардың интернеттегі белсенділігін бақылау, күмәнді жағдайлар орын алғанда мектеп әкімшілігіне немесе құқық қорғау органдарына хабарлау қажеттігін қолдады.

4. Әртүрлі мәселелер
Ата-аналар тарапынан мектеп формасы, сабаққа қатысу, тәртіп және үй тапсырмаларын орындау мәселелері көтерілді. Мектеп әкімшілігі барлық сұрақтарға жауап беріп, тиісті ұсыныстар айтты.

Шешім:

  1. Ата-аналарға «өмір бойы оқыту» қағидаларын ұстану және балаларының оқуына жан-жақты қолдау көрсету ұсынылды.

  2. Мектеп әкімшілігіне оқушылар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.

  3. Ата-аналар тарапынан көтерілген мәселелер мектеп әкімшілігінің бақылауына алынды.



Ата-комитетінің төрайымы: Ибраева Д.Б.

Сынып жетекшісі: Абилканова М.Г

Хатшы: Катиева Б.Б.


















































ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ «№14 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ХАТТАМАСЫ №4



Сынып: 11 А

20.12.2024

Қатысқандар:

Сынып жетекші – Абилканова М.Г

Ата-аналар – 6 оқушының ата-анасы қатысты

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Ата-аналарды педагогикалық қолдау тақырыбы «Тұлғаның қалыптасуы:тәуелсіздікке құқық»

  2. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының атқарылып жатқан жұмысына шолу.

  3. «Алтын белгі» және «Үздік» аттестат оқушыларының білім сапасы, ҰБТ-ге қатысатын оқушылардың дайындықтары

  4. Әртүрлі мәселелер.

ТЫҢДАЛДЫ:

1.Бірінші тақырып бойынша, жиналысты мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бельдеубаева А.Е. ашып, баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы тәуелсіз ойлау қабілетінің маңызын атап өтті. Тәуелсіздікке құқық ұғымының мәні түсіндіріліп, ата-аналардың балаларына өзіндік шешім қабылдауда, жауапкершілік алуда және азаматтық ұстанымын қалыптастыруда қолдау көрсетуі қажеттігі айтылды.

2. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының атқарылып жатқан жұмысына шолу
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мектепте жүргізіліп жатқан тәрбиелік іс-шаралар туралы баяндады. Ата-аналарға мектептің тәрбие жұмысына белсенді қатысу ұсынылды.

3. «Алтын белгі» және «Үздік» аттестат оқушыларының білім сапасы, ҰБТ-ге қатысатын оқушылардың дайындықтары
Сынып жетекші және пән мұғалімдері «Алтын белгі» және «Үздік» аттестат үміткерлерінің білім деңгейі туралы ақпарат берді. ҰБТ-ге дайындық шаралары түсіндіріліп, қосымша дайындық сабақтарына қатысу мәселелері қарастырылды. Ата-аналарға балаларын қолдау және оларды психологиялық дайындау бойынша кеңестер берілді.

4. Әртүрлі мәселелер
Ата-аналар тарапынан оқушылардың тәртібі, мектеп формасы, сабақ үлгерімі, үй тапсырмалары және қосымша үйірмелерге қатысу мәселелері көтерілді.
Мектеп әкімшілігі барлық сұрақтарға жауап беріп, қажетті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Шешім:

1.Ата-аналарға балалардың тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау, олардың тәуелсіз ойлау қабілетін дамытуға қолдау көрсету ұсынылды.





  1. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ата-аналар мен мектептің ынтымақтастығын арттыру мақсатында қосымша іс-шаралар ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

  2. ҰБТ-ға дайындық үшін қосымша сабақтар мен консультациялар жалғастырылсын.Ата-аналар балаларын ҰБТ-ға психологиялық тұрғыда қолдауға назар аударсын.

  3. Ата-аналар көтерген мәселелер мектеп әкімшілігінің бақылауына алынды.



Ата-комитетінің төрайымы: Ибраева Д.Б.

Сынып жетекшісі: Абилканова М.Г

Хатшы: Катиева Б.Б.






































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2025
456
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі