ата-аналар жиналысы "Мектеп, отбасы, оқушы арасындағы байланыс"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ата-аналар жиналысы "Мектеп, отбасы, оқушы арасындағы байланыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы







































Күні

20.10.2020

Тақырыбы

Мектеп, отбасы, оқушы арасындағы байланыс

Мақсаты

Мектеп, отбасы, оқушы арасындағы байланысты дамыту,

баланың қоршаған ортаға бейімделуіне, өз бетімен білім алуына ықпал ету, жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық ұрпақты тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер

  • Мектеп, отбасы, оқушы арасындағы байланыс дамиды.

  • Бала қоршаған ортаға бейімделеді.

  • Өз бетімен білім алуына ықпал етіледі.

  • Жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық ұрпақ тәрбиеленеді.


Қолданылатын ресурстар

Слайдтар, нақыл сөздер, Zoom платформасы

Өтілу барысы

Сынып жетекшісінің іс-әрекеті

Ата-аналардың іс-әрекеті

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

  • Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!

Бүгінгі ата-аналар жиналысын «Жылы лебіз» атты тренингпен бастайық.

Ата-аналар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Кіріспе

  • Ата-аналар жиналысының күн тәртібі:

1. Мектеп, отбасы, оқушы арасындағы байланыс.

2. Сауалнама.


«Адамның адамшылдығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» - деп Абай Құнанбайұлы және «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі, талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн» - деп М. Жұмабаев айтқандай, болашақ ұрпақты заман талабына сай тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті талап етеді.



Негізгі бөлім:


  • Отбасы, мектеп арасындағы байланыс

тығыз болып, оқушы бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыта отырып, дұрыс бағыт-бағдар бергенде ғана ұрпағымыз жан-жақты, ой-өрісі кең, тәрбиелі, ұлтжанды, қоғамда өз орны бар тұлға болып қалыптасады.

  • Ата - аналар:

1. Мектеп - білім ошағы екенін есте ұстаңыздар.
2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыздар, қолдау көрсетіңіздер.
3. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыздар.
4. Мектепте, сыныпта бола қалған қиын жағдайларды мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыздар:
1. Сынып жетекшісі;
2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда);
3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
4.
Әлеуметтік педагог;
5. Мектеп басшысы
.

  • Төмендегі кеңеске құлақ түріңіздер:

Таңертен баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.

Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады.

Бір мезгілде барлық сабаққа әзірленуді талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс.

Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.

Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

  • Сауалнама.

  • Ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс сіздің көңіліңізден шыға ма?

  • Мектепішілік іс-шараларға жиі қатысасыз ба?

  • Балаңыздың білімі мен тәртібі қандай деңгейде?

  • Сынып жетекшінің жұмысын қалай бағалайсыз?

  • Мектеп, мұғалім, ата-ана, оқушы туралы 1 сөйлеммен қорытынды айтыңыз.

Слайдтармен жұмыс.









































Сауалнамаға жауап береді.


Қорытынды

  • Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес,

тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті. Ұлы ұстаз Макаренко айтқандай, баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіздер.

Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген бар. Әрдайым басшылыққа алыңыздар.
Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндеті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2020
1357
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі