400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ата_аналар_жиналысы_тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
ата_аналар_жиналысы_тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата - аналар жиналысының тақырыбы: «Тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы»

Мақсаты:

Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;

Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру;

Түрі: топтастыру

Көрнекілігі: карточка, дөңгелектер, нақыл сөздер,«кірпіш тапсырмасы бар; қағаз қалам.


Ең бірінші сыныпқа кіргенде ата-аналарға шоколад беріледі. (Шоколад болмаған жағдайда шарға анаға байланысты жылы сөздерді жазып шарға салып үріп қойып тақтаға ілуге болады. Кірген ата-ана сол шарды жарып ішіндегі өздерді оқиды.(Яғни сіз ең керемет анасыз, сіз ақылды анасыз, сіз данышпан анасы т.с.с сөздер жазылған)


Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар! Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп тұр.

Ата аналар ортаға дөңгеленіп тұрады. Бүгінгі кездесуде сіздер балаларыңызды таңертең қалай және қандай көңіл күйде оятасыз. Соны

Бір - бірлеріңізге қарап айтып көрейік. (Жаным алтын балам ұйқыңнан тұрағой) деген секілді.

Міне осындай жылы сөздерден баламыздың жүзінен қуаныш көре аламыз.

Ата - ананың басты қуанышы - бала.

Ата - ананың басты - қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан - жақты қалыптасуына ата - ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т. б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан - жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін - ұстаз болса, оның сүйеніші ата - ана. Сондықтан ата - ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде, яғни

6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.


2. «Баланы дауысынан таны» ойыны өткізіледі.

Бұл ойында әр оқушының «Анашым сізді қатты жақсы көремін. Осы өмірге әкелгеніңізге рахмет» деген секілді оқушылар анасына немесе әкесіне деген жылы сөздерін айтады. Сол айтып тұрған баланың дауысын ата-ана табу керек.


3. «Баланы көзінен таны»

Тақтаға әр оқушының көзінің суретін қою керек. Әр ата-ана тауып баланың жақсы және өзіне ұнамайтын қылығын айтып береді.




4. Ата - ананың бала алдындағы мектепке деген міндеттері:

1. Мектепке деген құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету;

2. Сабаққа уақытылы жіберіп, сабақтан қалдырмау;

3. Мектеппен, сынып мұғалімімен тығыз байланыста болу;

4. Үй тапсырмасын дұрыс және толық орындауға көмектесу;

5. Баланың жеке сабақ оқитын бөлмесін дайындап беру;

6. Баланың сабағына қатысу;

7. Баланы қосымша әдебиеттермен қамтамасыз ету;


5.«Менің арманым және жазудан таны»

Оқушыларға нені армандайды? Соны қағаз бетіне түсіреді. Баланың арманы шексіз. Барлық арманын қағазға түсіріп соны тақтаға іліп қойып ата-аналарға көрсетеміз. Ата-аналар біріншіден баланың жазуынан танып қағазды алу керек. Және қағазға жазылған оқушылардың арманын оқып сол арманды орындауға әрекет жасау керектігі айтылады.


6. «Көңілді ойын»

Бір сыйлық алып соны орау керек. Мысалы, мен қыз балаға арналған коробка резинка орадым. 6 рет қабаттадым. Әр қабатын скочтадым (видеода бар) Кубик бірдей болып түскенше ата аналар аша береді, бірдей болып түссе келесі ата-анаға береді. Солай ойын жалғаса береді. Кім ең соңында барлық қабатын ашып коробканы алады. Сол ата-анаға сыйлық тиісілі болады. (Сыйлық тек 1 адамға тиісілі)


Қорытындылау:

Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.

Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
73
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі