Материалдар / Ата-аналар жиналысын өткізудің қызықты құпиялары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ата-аналар жиналысын өткізудің қызықты құпиялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Көп жағдайда, мектепте ұйымдастырылатын сынып жиналыстарына шақырылатын ата-ананың барлығы дерлік келе бермейді, бірінің жұмыс уақыты сәйкес келмесе, бірінің қазақшылыққа салынып, той-мерекесі бітей жатады. Сонымен қатар, баласының үлгерімі нашар болғандықтан, баласының үстінен шағымданады деген үреймен әр нәрсені сылтауратып жататын ата-аналарда кездеседі. Үздік сынып жетекші осындай жағдайлардың алдын алып, бақылап отыруы қажет. Ата-аналар жиналысын қалай өткізген жөн?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2020
6038
10 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ата-аналар жиналысын өткізудің қызықты құпиялары

Сынып жетекші мен ата-ана арасындағы байланыс қаншалықты жақын? Сынып жиналысы жиі бола ма? Сынып жетекші оқушылармен ғана емес, ата-анаменде тығыз байланыста болуы керек. Шынында, баланы тәрбиелеуде маңызды рөл атқарушы – отбасы, ал сынып жетекшінің міндеті оларға көмектесу. Көп жағдайда, мектепте ұйымдастырылатын сынып жиналыстарына шақырылатын ата-ананың барлығы дерлік келе бермейді, бірінің жұмыс уақыты сәйкес келмесе, бірінің қазақшылыққа салынып, той-мерекесі бітей жатады. Сонымен қатар, баласының үлгерімі нашар болғандықтан, баласының үстінен шағымданады деген үреймен әр нәрсені сылтауратып жататын ата-аналарда кездеседі. Үздік сынып жетекші осындай жағдайлардың алдын алып, бақылап отыруы қажет. Ата-аналар жиналысын қалай өткізген жөн? Қалай өткізгенде қызықты әрі маңызы бар түрде өтеді? Ата-аналар жиналысын күндегіден өзгеше, бірсарынды өтпегенін қаласаңыз, мынадай кішігірім маңызды нәрселерге мұқият болыңыз:

  1. Ата-аналар жиналысын өткізерде барынша ыңғайлы уақытты белгілеген жөн. Ол уақыт сынып жетекшіге де, ата-анаға да тиімді уақыт болу керек;

  2. Ата-ананы жиналысқа шақырудан бірнеше күн бұрын шақыру билеттері дайындалып, әрбір ата-анаға жасалған шақыру билетінде баласына бір мадақтау жазылып, жиналыстың нақты уақыты, ата-аналар комитет төрағасының телефон нөмірі, осы жиналыста қарастырылатын мәселелер жөнінде жазылған дұрыс және ол мәселелер дәстүрлі оқу үлгерімі, тәртібі деп шектелмей, әртүрлі конкурстармен өткізілетіндігі туралы жазылу керек;

  3. Ата-аналар мен жиналыс қатысушыларына арналған кішігірім ереже ойлап табыңыз. Мысалы сыртқы киімін міндетті түрде шешу, бір-бірін аты-жөнімен атау;

  4. Сынып жиналысында таңдалған мәселелерді ата-анамен бірге шешім табуға тырысыңыз;

  5. Сынып жиналысында ата-ананың отыру қалпына мән берілу керек, олар бірін-бірі естіп, ой бөлісуі үшін барынша орындықтарды дөңгелек үстел түрінде орналастырыңыз;

  6. Жиналыс барысында ата-аналар арасында өзара қарым-қатынас орнату үшін ойындар, сұрақтар, пікірталастар ұйымадастырғаныңыз жөн.

  7. Жиналыс еркін және ашық түрде өтуі үшін қатысушылардың уақытын бағалай біліңіз. Осы мақсатта уақыт регламенті жасалып, оның сақталуына мән берілуі керек;

  8. Проблемалық мәселелерді шешу барысында педагогикалық және өмірлік тәжірибесі бар беделді ата-аналар, мектеп кеңесшісінің пікіріне сүйене отырып шешім қабылдауды ортаға салыңыз;

  9. Пікірлесу барысында дау-дамай туындап кетпеудің алдын алыңыз, әрбір ата-ананың пікірін, өз ойын маңызды деп санап, оған қолдау білдіріңіз;

  10. Жиналыста нақты әрі жалпыға ортақ тәрбиелік маңызы бар шешім қабылдануын басшылыққа алу керек;



Жиналысқа дайындық жұмыстары:

  1. Негізгі тақырып, күн тәртібіндегі мәселелер, уақыттың тиімділігін пайдалану, шақыру билеттерін жасау, жиналысты сыпайы әрі мәдениетті өткізуге дайындалу;

  2. Ата-ана келген кезде күтіп алу, сыртқы киімдерін ілуге арналған кабинеттерді дайындап қою, ақпараттық материалдарды дайындау, жиналысқа арнайы мамандарды шақыру;

  3. Ыңғайлы әрі мұғалімге тән киім үлгісі, жиналыстың нақты уақытында басталуы керек. Жиналыстың өту ұзақтығы 1-2 сағаттан аспауы тиіс;

Жиналыс барысында:

  • Ата-аналармен амандасу, олардың келгендеріне рақмет айту.

  • «Мен сіздердің балаларыңызды менен артық жақсы білетіндеріңізді мойындаймын. Сондықтанда мен сіздерді бүгін ақылдасу үшін щақырдым..» деген сияқты сыпайы сөйлемдермен жиналысты бастау;

  • Ата-ананың бір-бірімен амандасып, жағдайларын сұрап танысу жұмыстарын жүргізу, «Арманның анасы, Айдананың ағасы» - деп сөйлеу сыйластыққа жатпайды, сондықтан танысу бұрышын былай өткізуге болады:

  • «Мнемоника» Шеңбер бойымен отырған ата-аналар зат есім, сын есім немесе етістікті пайдалып өз есімдерімен бастап таныстырып шығу. Мысалы: Мөлдір манты пісіреді, Мәншүк мантыны жейді, Райхан раушан гүлін өсіреді, Арман ақ халатты абзал жан т.с.с

  • Ең дұрысы жиналысты бір кесе шәймен бастаған дұрыс (кофе, сусын)

  • Ата-аналармен топтық және жеке дара ойындар ұйымдастыру. Мысалы:

  • «Стоп» ойыны. Ата-аналар топқа бөлінеді, 4 топ болсын делік. Сынып жетекші әр түрлі жағдаяттарды айтқанда әр топ сол жағдайды жасап және аяқтаған топ «СТОП» деп айтуы қажет. Жағдаяттар: бойдың ұзындығы бойынша тұру, шаштың ұзындығы бойынша тұру, жас ерекшелігіне қарай тұру, альфавит бойынша тұру (есімдерінің алғашқы әрібі бойынша), көлемі бойынша тұру (семіз, арық), киімінің ұзындығына байланысты тұру, адам бетінің түсіне қарай тұру, жұмыс өтіліне қарай тұру, бала санына қарай тұру, отауласқан стажы бойынша тұру.

Бұл ойын ата-аналарды барынша бірін-бірі танып білуге шақырады, ортақ күлкі сыйлайды.

  • «Маған ұнаған ата-аналар жиналысы» деген мәтінде бір әріптесімнен өте керемет өткен жиналыс жайында естіген болатынмын. Сол әдісті неге пайдаланбасқа?



Сынып жетекші:

  • Бүгін біз мына мәселелер бойынша ақылдасамыз. Баланың аты – бала. Бала – үйде болсын, далада болсын, мектепте болсын балалығын жасайды, тентектік жасайды, дайын ережелерді бұзғысы келеді, өйткені олар әлі – бала, оларда энергия көп, өмірге деген құлшынысы артып тұр. Көп жағдайда ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігіне көз жеткізбестен бұзақылық жасап жатады, солай емес пе?

Ата-аналар:

  • «Әрине, әрине! Бала болған соң ондайы болып жатады ғой» - деп мұғалімнің сөзін құптай жөнеледі. Сынып жетекші оларға басын иіп, әрі қарай:

  • Балалар тәртіп бұзғанда, мен сынып жетекші ретінде, сол бұзақылықтардың алдын алу немесе алдағы уақытта сондай жағдайды қайталамау үшін қандай шара алуым керек? Балалардың құқығын бұзбай, ішкі жан дүниесіне дақ түсірмейтіндей не істеуіме болады? Оны сіздер біледі деп ойлаймын, сол себепті бүгін сіздерден ақыл сұрауды ұйғардым..

Осылайша мұғалім келген ата-аналарды мақтап, олардың мол тәжірибесі барын жоғары бағалап жатады. Ата-анаға да бұл мадақтамалар ұнап, өздерін бір көтеріліп қалғандай сезімде отырады.

Сынып жетекші тақтаға бала жасауы мүмкін деген кейбір бұзақылықтарды жазып қояды.

  • Сабаққа кешікті;

  • «Екілік» алды;

  • Мұғалімге сөз қайырды;

  • Терезе сындырды;

  • Дүкенге жұмсағанда, берген ақшаны ұстап қалды;

  • Сабақтан қашты;

  • Ұсақ ұрлық жасады;

  • Төбелесті;

  • Оқу үлгерімі төмендеп кетті;

  • Олар мүмкін бүгін болмашы дүние болып көрінгенімен, ертеңгі күні бұдан да өрескел қылықтарға айналмас үшін сіздер де, біздер де іс-шара қолдануымыз керек. Мен сіздерден балаларыңыз осы секілді бұзақылықтар жасағанда не істейтіндеріңізді, қандай шара алатындарыңызды білгім келеді. Ертеңгі күні мен де балалармен сіздер айтқандай жұмыс жасаймын..

Сынып жетекші барлық ата-анаға сұрақ қойып, олардың ойын біліп жатады. Ата-аналар өздерінен ақыл сұраған соң жоғары жауапкершілікті сезінгендей жауап беріп жатады. Кейбіреулері тіпті сынып жетекшісіне баланы қалай бағып, тәрбиелеуді маңғазданып айта кеткен.

Бірақ, барлық жауап идеалды ата-ана тұрғысынан болған. Олар негізінен - баласы тәртіп бұзса, алдымен оның себебін біліп, содан кейін баласымен сөйлесіп, олай жасауға болмайтыны туралы ақыл айтатындығына тоқталған. Ата-ананың барлығы келісіп алғандай, балаға ешқандай жаза қолданбайтын болып шықты. «Мен болмашы нәрсе үшін балама ұрыспаймын, қол көтермеймін, баланы ұру деген менде атымен жоқ», жаза қолдансақ та жұмсақ жазалар «үйден бір күн далаға шығармау, ұсақ ақша бермей қою» деген сияқты пікірге келген. Сынып жетекші олардың жауаптарына тамсанып, «Өте дұрыс, тамаша! Не деген терең ой!» деп қуаттап жібереді.

Барлық ата-ана сөйлеп болған соң, сынып жетекші:

  • Мен енді өз жұмысымда, сіздердің ұсыныстарыңызды міндетті түрде пайдаланып, қолданамын, рақмет сіздерге!

Ата-аналар өздеріне-өзі риза болып отырғандығы байқалған. Олар сынып жетекшісіне бала тәрбиесі туралы тақырыбында жақсы сабақ бергендеріне мәз екендерін жасыра алмай отырған.

Сынып жетекші болса, сөзін әрі қарай:

  • Мен бүгін түске дейін біздің сыныптың оқушыларына «Сіздер осы секілді тәртіп бұзсаңыздар, ата-аналарыңыз қандай шара алар еді?» деген сұрақ қойып едім. Балалардың берген жауаптарын мен диктофонға жазып алғанмын, енді сол жауаптарды тыңдауға сіздерді де шақырамын.

Ноутбук қосылып, оқушылардың жауаптары анық естіліп жатқан. «Балалы үйде ұрлық жатпайды» дегендей, балалар ата-аналар жақсы көрсетейін деп жатқан жоқ, барық шындарын айтып жатыр. Олардың жауаптарынан олар тәртіп бұзса ата-аналары оңдырмайтындығы туралы айтылған. « Мен «екілік» алсам, анам маған қатты ұрсады, кейде тіпті шапалақтайды да», «Мен абайсыз терезе сындырып едім, әкем мені белдікпен ұрды», «Мен бір досыммен төбелесіп қалғаным үшін ата-анам мені қараңғы бөлмеге қамап қойды, мен қатты қорқып еді» деген жауаптар кездескен.

Таспадан кімнің баласы айтып жатқандығын білу мүмкін емес, тек қана ата-ана өз баласының ғана даусынан тани біледі. Балаларынан мұндай әшкерелікті күтпеген ата-ана жүзінен әбіржулер байқалған, бағанағы көтеріңкі көңіл күй су сепкендей басылған.

Осыдан кейін сынып жетекші міз бақпастан: « Балалардың айтқанына ма, әлде сіздердің айтқандарыңызға сену керек пе?» деп төтесінен сұрақ қойды. Біраз ата-ана басып бұғып, ұялған кейіпте отырған. Тек екі-үшеуі ғана артын жуып-шайғысы келіп, ақтала бастаған: «бала аузына келгенін айта салады емес пе?», «иә, иә кейде құйрықтан салып жіберетініміз болып жатадығой», «бірақ олай жасасақ та баламызға тілейтініміз тек жақсылық қой», «бала ойнап та, ойлап та айтады», «сұрағаннан кейін айта салған ғой».

Осыдан біраз бұрын ғана өздерін жоғары дәрежеде бағалап отырған ата-ана, екі ойлы болып отырғандай. Бірі – өздерінің өтірік берген жауаптарына ұялса, енді бірі балаларының берген жауаптарына ренішпен отырғандай. Олардың ішінде бір ата-ана үйге барғасын «мен оған ұрғанды көрсетейін, үйдегі әңгімені сыртқа тасығаны несі, біз оны жақсы болсын, тентектік жасамасын деген ниетте ұрдым ғой» деген кейіп танытқан.

Сынып жетекші:

  • «Дұрыс айтасыздар, бала кейде ата-анасының ниетін түсінбей, оларға өкпе-назын білдіріп жатады. Ал, ата-ана баласының не ойлайтынын, ниетін біле ме екен?» деген ойланарлық сұрақ қояды...

Осы мәселе жөнінде сынып жетекші ата-аналарға «Теледидар» атты бейнебаян көрсетеді.

Бейнебаян мазмұны мынадай: Бастауыш сынып мұғалімі, оқушыларға Аллаһтан не тілейтіндігі туралы шығарма жазу ұсынылды. Кешке үйде мұғалім оқушылардың жұмысын тексеріп отырғанда, ол бір шығарманы оқып, көңілі бұзылып, көзіне жас алады. Осы кезде бөлмеге күйеуі кіріп келіп, неге жылап отырғандығын сұрайды. Мұғалім күйеуіне әлгі шығарманы ұсынып, оны оқуын сұрайды. Бала шығармада былай жазған:

« О, Аллаһ, мен сенен ерекше бір нәрсе сұраймын, мені теледидарға айналдыршы! Мен соның орнында болғым келеді. Мен біздің үйдегі теледидар секілді өмір сүргім келеді. Мен үйде ерекше орын алып, айналама бәрін жинағым келеді. Мен сөйлегенде, үй ішіндегілер маған сұрақ қоймай, сөзімді бөлмей мені тыңдағандарын қалаймын. Мен барлығының назарында болғым келеді. Теледидар істемей қалған кезіндегідей, үй ішіндегілердің маған қатты алаңдағанын қалаймын. Мен тіпті үйге қатты шаршап келсе де теледидар қарайтындай, әкемнің қасында болғым келеді. Анашымда мені елеңсіз қалдырмай, жанымда болса екен. Кейде ата-анам бар жұмысын тастап, теледидар қарағанындай, шамалы уақыт менің қасымда болғанын қалаймын. О, Аллаһ, мен сенен көп нәрсе сұрап тұрғаным жоқ, бар болғаны қарапайым теледидар болғым келеді». Мұны оқыған күйеуі: « Мынау масқара ғой! Байғұс, бала! Бұлар өзі неткен ата-ана?!» – деп әрі таңдана, ашулана сұрайды, бұған көзі жасқа толған күйеуіне әйелі: «Бұл біздің баламыздың шығармасы» деп жауап береді.

Ата-аналардың барлығының көзінде жас тұрған. Олардың қатты әсерленгенін байқаған. Ата-аналар бұл жерде, балаларына қарағанда теледидарға көп көңіл мен уақыт бөлетінін іштей мойындағандай және де мұның жақсы еместігін сезінгендей.

Жаңа ғана балаларына ашуланып, қатты тәрбие шараларын жүзеге асыру үшін әп-сәтте жібіп, өздерінің кінәләрін демде мойындап, енді елден ұялып емес, осыған дейін балаларынан ұялып жатқан секілді. Сынып жетекшісі осы жерде ата-аналарға ақыл айтып, немесе оларды ұялтып жатпады. Ол ата-аналарға бағана тақтаға жазылған тәрбиенің алты шаралары туралы не ойлайтындарын сұрады. Енді ата-аналар өздері жауап берген сөздеріне басқаша қарағандай көрінген.

Ішінде бір ата-ана сөз төркінін былай жеткізген:

  • Бағана біз бұл ұсыныстарды «Мені көрдің бе?! – деген мағынада мақтана да жарыса айтқан едік, алайда оны өзіміз ұстанбағанымыз анық еді. Енді менен «Осы ұсыныстарды бала тәрбиесінде қолданасыз ба?» - деген сұрақ қойсаңыз мен, «Мүмкіндігінше қолданамын» - деп жауап қайтарар едім.

Жиналыс соңында ата-аналар өздері ұсынған шараларды бала тәрбиесінде қолдану керек екендіктерін түсінген.

Ата-аналар жиналысы осындай деңгейде өткізілсе, жиналысқа ата-аналар барынша түгел дерлік келуге тырысады деген ойдамын. Бала тәрбиесі үшін – ата-анамен тығыз байланыста болу өте маңызды. Барлық әріптестеріміз ата-аналар жиналысын өткізуде әртүрлі әдістерді пайдаланып, оның жоғары деңгейде тәрбиелік маңызы бар түрде өткізсе, баламен де, ата-анамен де ешқандай қиыншылық туындамайды деп ойлаймын.

« Бала тәрбиесі басты байлығың, кешіксең көретінің қайғы-мұң» деп дана Абай айтқандай, бала тәрбиелеуде кешікпейік дегім келеді. Бала – жаратушының сыйы, ата-ананың қуанышы, мектеп өмірінің – сәні!



Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы

«Күйкен орта мектебі» КММ

Математика пәні мұғалімі

Ембергенова Халима





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!