жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ата аналар жиналысына баяндама
Тақырыбы: «Ата-бабадан қалған мұра-бүгінгі бала тәрбиесінде»
Адамның өмірлік тәжірибесі, бастан кешерлері аса мол. Ең парасатты тәжірибе-әрине халық түйген тұжырымдар,ғасырлар бойы зергерлікпен, ұқыптылықпен сұрыптаған үрдістер.
Қазақ халқы да ежелден балаға болашағым деп қарайды. Игі де зор үміт артады. Әр ата-ана арманын ұрпағына аманат ғып тапсырады.
Бөбегің қуанышын, мақтанышын.Бала-адамның бауыр еті. Балалы үй-базар,баласыз үй –мазар. Бала –көңілдің гүлі, көздің нұры.Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата-анаға бала қадірлі.Отбасының басты қызығы, алтын діңгегі-бала. Бесіксіз үйде береке жоқ. Ата-бәйтерек,бала-жапырақ. Ұядай жол бастауы-отбасы.Үйің үй-ақ екен, ішінде ойнайтын баласы бөлек.Ұлы туғанға –күн туған. Қызы бар ұйдің- қызығы бар. Ұл беске келгенде қолға ұстаған қобызын,ұл бестен асқан сон, тіл алмаса-доңызын. Балаға кішкентайдан үздік тәрбие бер. Ағаға қарап іні өсер. Әр жақтын, әр мүшелдің өзіне лайық мінезі болады. Адамға өткен дәуір-бәрі сабақ. Жеті атасын білмеген-жетіліктің белгісі. Адамның жан дүниесі жүре келе ашылады. Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер.
-Қүрметті ата-аналар не байқадыңыз менің баяндамамнан?
Бүгінгі баяндамамды ерекше түрде әзірлеген едім.Бүнің бәрі ата-бабамыздан келе жатқан тәрбие көзі.
Әуеле өзің үлгілі бол,ұрпағын сонда ғана өнегелі болады. Ұяда не көрсен,ұшқанда соны ілесін. Он рет өсиет айтқанша, бір рет өнеге көрсет. Өнегенің өрісі кең. Адам өз ортасына қарап өседі. Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады. Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю.Баланың тентек болатыны үйден, ердің тентек болатыны биінен. Үйреті ұлкеннен,ұйрену кішіден.
Баланың аты-бала. Ол білместікке ұрынбай тұрмайды.Ата-балаға сыншы. Баланың балалығына әкенің даналығы бар болуы керек. Баланың мінезіне байбалам салмай сараптап ал. Жасы үлкенді сыйла,құрметте,одан ұйрен. Өзіңе дейінгіні сыйламасан, өзіңнен кейінгі сені де сыйламайды.Бұл аталар ескертпесі кіші буынға қалдырған.
Адамгершілік саналығы ата-ананың, отбасы мүшелерінің сыйласуы, сенісуі, татулығы мен ынтымағы, бір-біріне талап қоя білуі, әрқашан әділ болуы, өзара қамқор болуы осындай отбасынан білікті, іскер азаматтар өсіп шығады.
Жақсыдан жаман туса — емі
болмас,
Жаманнан жақсы туса — теңі
болмас
Әке-асқар тау,
Ана-ағып жатқан бұлақ,
Бала-жағасындағы құрақ
Тәрбие нәрестенің шыр етіп дүниеге келу сәтінен басталып, ақырғы деміне дейін созылатын толассыз процесс. Халықаралық педагогикалық жағымды қағидаларының негізінде тәрбиеленген бала жақсы адам боп шығады.
Адам ақылы мен сымбаты ұрпағымен қымбатты. Ұлы бар үйде – қуат бар, қызы бар үйде – шуақ бар. Бала – артта қалған із, бақыт – ұзатылған қыз. Ұл-қызың мұрагерің, ертеңгі ізбасарың, өшпес ескерткішің, жалғанда жасар жалғасың. Бала-қуаныш, бала – бақыт, бала – шаттық, бала – болашақ, бала – мақтаныш, бала – сүйеу, тірек.
Жаман бала өзінен кішкенені
ұрып жылатады,
Жақсы бала жылағанды жұбатады.
Ата-ана ақылды тәлімгер болуға міндетті. Баланы жақсылыққа жетелеп, жанастыр, жамандықтан адастыр. Баланы бақырып үйретпе, ақырын үйрет. Зекіру – зердеге-у. Дәмін келтірсең дарымайтын ақыл болмас. Әдеп – отбасынан басталады. Сәлем – сөздің анасы дейміз. Амандаса білгізу де әдептілік. Әдепті бала өрге шығады. Әдепсіз бала орға шығады. Баласы бардың панасы бар, жақсы болса панасы бар, жаман болса басқа салар бәлесі бар деген екен халық даналары.
Мұғалім мен ата-ана балаларды тәрбиелеуге, үгіттеуге міндетті. Олар балалардың алдағы өмірін, бір күндерде зарығатын, тарығатын, қауіп-қатерге ұшырайтын өмірін көз алдына келтіріп, өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып, оларға келешекте аяғын жазатайым шалыс басып, өмірден соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қорғаушысы, қамқоры болуға міндетті.
«Ойсыз оқу бекер, оқусыз ой қатер» деп Конфуций айтқандай, білім мен тәрбие егіз. Балаға қатаң талап қоя біл, берген тапсырманы қарап, бақыла. Кез-келген жерге жіберіп, түнетіп, бақылаусыз қалдырма. Әрбір нәрсеге жұмсап, шаршатпа. Күш түсірме, білім алуына жол бер.
Өткір ой, биік арман қалыптасқан бала тәрбиелейік.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген