400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата-аналар жиналысына тесті

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар жиналысына тесті
Материалдың қысқаша нұсқасы

“Бала тәрбиесі” тесті

Анықтама: Сіздің назарыңызға әр баланың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде кездесуі мүмкін 10 жағдай берілген. Ата-ана ретінде сіздің бұл жағдайларға көзқарасыңыз қандай? Яғни әрбір сұрақтан кейін берілген жауап нұсқауларыңыз сіздің тәрбиелеу әдістеріңізге сәйкес келгенін белгілеңіз. Іске сәт!

  1. Сіздің балаңыз өте бұзық және төбелесқұмар делік. Күн сайын үйге киімі

жыртылып немесе бет-аузы көгеріп келеді. Сіз:

а) не болғанын сұрап, киімдерін тігіп, жуып, жараларының күтімін жасайсыз;

ә) балаңызға көмек бересіз, бірақ бұзақылықтарының жақсылық әкелмейтіндігі, бір күні соның азабын көретіндігі туралы қайта-қайта айтып, балаға ұрсасыз;

б) оған тіпті қарамайсыз, өзінің мәселелерін өзі шешу керек.

  1. Балаңыздың жақын достары бар, бірақ олар жақсы тәрбие көрмеген, бұзық балалар. Сіз:

а) олардың ата-аналарымен сөйлесесіз;

ә) балаларды үйге шақырып, оларды ықпал етуге шақырасыз;

б) балаңызға достарының жаман жақтарын түсіндіріп, өзіне жаман үлгі болғандығын айтасыз.

  1. Балаңыз ойын ойнағанды жақсы көреді, бірақ ешқашан ұтылғысы келмейді. Сіз:

а) еш нәрсе жасамайсыз, ойнауды білетін болса жеңілуді де білуі тиіс деп ойлайсыз.

ә) жеңілуді үйренгенше онымен ойнамайтыныңызды айтасыз.

б) балаңыздың жеңілуді ұнату үшін әдейі ерекше жағдайлар жасайсыз.

  1. Балаңыздың белсенділігі соншама, күніне 24 сағат ойнап жүгіріп жүре береді. Ұйқтауы керек болсада жатқысы келмейді. Сіз:

а) оған ұйқының маңыздылығын түсіндіресіз;

ә) қалаған уақытында жатуына рұқсат бересіз, бірақ таңертең белгіленген уақытта тұруын тексеріп тұрасыз;

б) ұйықтайтын уақыт келгенде баланы жатуға зорлап, мұны ереже қылуға тырысасыз.

  1. Балаңыз өзіне қатысты болсын, болмасын күнін азаннан кешке дейін теледидар қараумен өткізеді. Сіз:

а) ол үшін кейбір бағдарламаны таңдап, тек қана соларды қарауын ғана талап етесіз;

ә) теледидар қарау үшін белгілі уақыт бөлесіз, бірақ не қараса да бала өзі таңдайды; б) теледидарды өшіріп тастайсыз.

  1. Балаңыз жеткілікті дәрежеде дөрекі, сөзге әуес делік. Тіпті мұндай құлқымен айналасындағы адамдардың мазасын алады. Сіз:

а) оған мұндай мінез-құлықтың жақсы болмағандығын түсіндіріп, дөрекі болмауын керек екенін айтасыз;

ә) дөрекі іс-әрекет жасауына тыйым салып, бұзақылығына жаза бересіз;

б) жақсы іс-әрекеттерін қайталау үшін мақтап, мәпелейсіз;

  1. Балаңыздың жасы әлі кішкентай болса да қыздарға /ұлдарға/ қырындауын бастаған. Сіз:

а) еш нәрсені қозғамай, болған күйінде тастайсыз;

ә) мұның тек балалық махаббат болғандығын ойлап, қарсы шығасыз;

б) балаңызға махаббат түсінігін айқындап түсіндіріп, әйел мен ер адам арасындағы қарым-қатынастардың қандай болуы керек екендігін жақсылап түсіндіріп бересіз.

  1. Басқа балалар сіздің балаңыздың артынан қалмайды: оны ұрады. Мазақтайды т.б. делік. Сіз:

а) балаңызға қарсылық беру жолдарын үйретесіз;

ә) бұл балалардың ата-аналарымен кездесіп сөйлесесіз;

б) балаңыздың мұндай балалармен кездеспеуі үшін мүмкіндік жасайсыз.

  1. Сіз үлкен қызыңызға немесе ұлыңызға барлық мүмкіндіктерді жасайсыз. Бірақ ол соған қарамастан еш нәрсенің қадірін білмей, кішкентай бауырларына айқайлайды. Сіз:

а) оны ақылды болуға, саналы әрекет жасауға шақырасыз, бірақ мұның барлығын кішкентай бауырларының да естуін қамтамасыз етесіз;

ә) балаңызға одан әрі көп көңіл бөлуге тырысасыз;

б) тіпті араласпайсыз.

  1. Егер балаңыз дөрекі іс-әрекет жасап, басқаларды түсінбей, бөтен балаларға тиісетін болса, Сіз:

а) өзінің қатесін түсінуі үшін оған қарсы да тап солай әрекет етуді бастайсыз;

ә) оған көбірек көңіл аударып, проблемаларын түсінуге тырысасыз;

б) күш пен зорлықты тақырып еткен киноларды қарауына тыйым саласыз.

Рахмет

Ұпайлар:

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

А 3 2 0 3 3 5 3 5 5 0

Ә 0 5 3 5 5 0 0 3 3 5

Б 5 0 5 0 0 3 5 0 1 2

Нәтижесінде:

Ұпайларды қосқаннан кейін төменде берілген тұжырымдамаларды пайдаланып, ата-ананың қандай тәрбие беретіндігін көруге болады.

0-18 ұпай аралығында: Сіз балаңызды өзіңіздің өміріңізге, тұрмыс жағдайыңызға қарай “көзіңізді жұмып” тәрбиелейсіз. Оның жаңа өскелең ұрпақ өкілі екенін ескермейсіз. Сіздің ойыңызша тұйық болу және үлкендерді сыйлау адам үшін ең әдемі де әдепті ерекшеліктер. Бірақ сіз үшінші мыңжыддықта адамдардың өздеріне деген сенімінің, шығармашыл ерекшеліктерінің және өзінше іс-әрекет жасауының маңызды болатындығын ұмытып кеткенсіз. Сіздің балаңызға бұл ерекшеліктер керек болады, бірақ сіз балаңызда оларды жетілдіруге тырыспайсыз, өмірдің өзгергендігін және алға кетіп бара жатқандығын көргіңіз келмейді.

19-35 ұпай аралығында: Сіз балаңыздың келешекте қандай жағдайда өмір сүретіндігін ойламаған болсаңыз керек. Алайда сіздің дұрыс жасайтын жақтарыңызды да айта кетсек артық болмайды: сіз бүгінгі өмірге сай әрекет етіп, бала тәрбиесінде қалыптасып кеткен тәсілдердің орнына қазіргі тәсілдерді қолдануға тырысасыз, баланың өз мәселелерін өзінің ойлауы керек болғаныны ең дұрыс шешім деп табасыз, балаңыздың еркін іс-әрекет жасауына рұқсат бересіз, оның беделіне нұсқан келтірудің керегі жоқ деп ойлайсыз. Бірақ мұның бәріне қарамастан, балаңыздың өмірге әзір екенін айту қиын. Сіз онда ойлау еркіндігін, өзіне сенім сезімін жеткілікті түрде жетілдірмейсіз. Сіз балаңыздың әр нәрседе тек қана сізді тыңдауын қаламасаңыз да оның өз ойларына жеткілікті түрде сенбейтініңізді айтуға болады.

36-50 ұпай аралығында: Сіз балаңыздың әділет және мейірімділік басымды болатын, менменшіліктің сыналатын, ақыл, еркін, ой, сананың сыйлы болатын бір қоғамда өмір сүретіндігіне шын жүректен сенеді екенсіз. Бұны жақсылап ойлап көріңіз.

Құрметті әріптес!

Бұл тесті ата-аналар жиналысы алдында өткізіп, нәтижелері бойынша пікір-талас өткізуге де болады. Немесе алдын ала тестіні өткізіп, зерттеу нәтижелеріне байланысты бірнеше педагогикалық жағдаяттарды сахналық қойылым ретінде даярлап, ата-аналармен біріге отырып шешіп, өзіндік қарапайым ата-аналар ережесін жасауға болады.
























«Сіз тыңдай білесіз бе?» сауалнама


Нұсқау: Сіздерге 12 сұрақ беріліп отыр. Көп ойланбастан, жылдам

«иә» немесе «жоқ» деген жауаптар берулеріңізді сұранамын. Жауаптарыңыз шынайы болады деп сенемін.


  1. Екінші бар адамның сөзін тез аяқтап, сізге де сөйлеуге мүмкіндік бергенін асыға күтетін кездеріңіз көп болады ма?

  2. Мәселенің анық-қанығына жетпестен шешім қабылдаған сәттеріңіз жиі болып тұрады ма?

  3. «Сіз көбіне өзіңізге ұнайтын ақпараттарды ғана тыңдайсыз» деген қағидамен келісесіз бе?

  4. Әңгіме айтушыны тыңдауда эмоциялық жағдайыңыз кедергі келтірмей ме?

  5. Серіктесіңіз өз ой-пікірін айтып отырғанда сіз көп алаңдайсыз ба?

  6. Әңгіме барысында мағыналы тұсына қарағанда, болмашы ұсақ-түйектерді есіңізде ұстап қалатын сәттеріңіз болады ма?

  7. Өз көзқарасыңыз, ұстанымдарыңыз басқа адамды тыңдауға кедергі келтірмей ме?

  8. Егер серіктесіңізді түсіну қиынға соқса, оны тыңдауды тоқтатасыз ба?

  9. Сөйлешіге деген негативті позиция жиі бола ма?

  10. Сөйлеушінің сөзін жиі бөлесіз бе?

  11. Әңгіме барысында сөйлешінің көзіне тіке қараудан қашасыз ба?

  12. Әңгіме айтушыны кенеттен тоқтатып, өз ойыңыз бен шешіміңізді айтқыңыз келетін сәттеріңіз болады ма?

Нәтижесін өңдеу:

Қатысушылар өздерінің «жоқ» деген жауаптарын есептеулері қажет.

10-12 ұпай. Сіз серіктесіңізді жақсы тыңдай білесіз. Өз эмоцияңыз

оның сөзін ұнатпасаңыз да аяғына дейін, ұғып тыңдауға кедергі жасамайды. Сондықтан көп адамдар сізбен қарым-қатынас жасағанды ұнатады.

8-10 ұпай. Көп жағдайда серіктесіңізді тыңдай білуге тырысасыз. Ұнамаған жағдайдың өзінде оның сөзін аяғына дейін тыңдай аласыз. Егер серіктесіңізден жалығып кетсеңіз дипломатиялық түрде онымен қарым-қатынасты тоқтатуға мүмкіндігіңіз бар. Кей жағдайда оның сөзін бөліп жіберіп, өз ойыңызды айтып үлгересіз.

8 ұпайдан төмен. Өкінішке орай, қарым-қатынасқа түсуде сіз басқа адамдарды тыңдай білу өнеріне машықтанбағансыз. Сіз олардың сөзін көп бөлесіз, сөздің аяғына дейін тыңдауға шыдамдылығыңыз жетпейді. Оның айтқан сөзі ұнамаса, мүлде тыңдамай қоя саласыз.







“Отбасы мен ата-аналары баланың көзімен” тақырыбына

САУАЛНАМА


  1. Саған өз үйің, өз үйіңдегі ахуал ұнай ма? Онда тек сенің отбасыңа ғана тән ерекшеліктер бар ма?----------------------------------------------------------

  2. Сен үйіңнен алыс жаққа шығып көрдің бе? Шыққан болсаң, қандай сезімде болдың? ---------------------------------------------------------------------

  3. Ата-анаң сенің қалай оқып жүргенің жайлы сұрай ма?

Shape4 Shape3 Shape2 Shape1 Үнемі Кейде Жоқ

Shape7 Shape6 Shape5 Екеуі де Көбіне әкем Көбіне шешем

  1. Ата-аналарың сенің сыныптас жолдастарыңмен қарым-қатынасың жайлы сұрай ма?

  2. Ата-аналарың мектепке барып тұра ма?

Shape10 Shape9 Shape8 Жиі барады Сирек барады Шақырғанда ғана

Shape12 Shape11 Shape13 Екеуі де Көбіне әкем Көбіне шешем


  1. Ата-аналарың мектепке, сынып жетекшіңе көмектесіп тұра ма?

Shape15 Shape14 Иә, сынып жұмыстарын ұйымдастыруға.

Иә, экскурсия, жорықтарды ұйымдастыруғаShape16

Shape17 Иә жөндеу жұмыстарына

Жоқ

  1. АShape18 та-аналарың өз жұмыстарына, мамандықтарына риза ма?

Иә

Shape19 Жоқ

Shape20 Білмедім

  1. Қалай ойлайсың сенің отбасың?

Shape22 Shape21 Ауқатты Орташа


  1. Отбасыңда қандай мерекені көбірек тойлайсыңдар?


--------------------------------------------------------------------------------------------------------

  1. Отбасыңда сыйлық жасайсыңдар ма?, Кімге, қандай?


--------------------------------------------------------------------------------------------------------

  1. Отбасыңның жақын туыстарымен қарым-қатынасы қандай?


-----------------------------------------------------------------------------------------------

  1. Келешегің қандай болады деп ойлайсың?


--------------------------------------------------------------------------------------------------------

  1. Келешекте кімге сенесің?

Shape25 Shape24 Shape23 өзіңе мемлекетке ата-анаңа



Сен бақыттысың ба?-------------------------------------------------------------------------




«Отбасы мен ата – аналары баланың көзімен»

тақырыбында алынған сауалнаманың қорытынды анықтамасы


Өткізілген күні:

Сауалнама жүргізуші: Әлеуметтік педагог

Қатысқандар саны: 111

Сыныбы :

Сауалнама тақырыбы: Отбасы мен ата – аналары баланың көзімен

Мақсаты: балалардың отбасында ата – аналарымен қарым – қатынасын, үйдегі ахуалын


Шарты: Сауалнама 14 сұрақтан тұрады. Сұрақтарға «ия», «кейде», «жоқ» деген жауаптарды пайдаланып жауап береді.


Сауалнама нәтижесі төмендегідей:

№

Сауалнама

Жауаптары

1

Саған өз үйің, үйіңдегі ахуал ұнай

ма?

(егер «жоқ» жауабы болса

түсіндір)


Ия – 111 – 100%

2

Сен үйіңнен алыс жаққа шығып

көрдің бе?


Ия – 100 – 94 %

Жоқ – 11– 6 %


3

Ата – анаң сенің қалай оқып

жүргенің жайлы сұрай ма?


А. Үнемі – 96 - 89 %

Ә. Кейде Б. Жоқ

В. Екеуі -15 - 11%

Д. Көбіне әкем

Е. Көбіне шешем


4

Ата – аналарың сенің сыныптас

достарыңмен қарым – қатынасың

жайлы сұрай ма?


А. Үнемі -10 - 28%

Ә. Кейде -94- 67 -%

Б. Жоқ

В. Екеуі

Д. Көбіне әкем -7- 5 %

Е. Көбіне шешем --


5

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
156
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі