ата-аналар жиналысының хаттамасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ата-аналар жиналысының хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналар жиналысының хаттамасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Хаттама 4

Күні: 15.04.2024ж

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Ресурстық орталық, ҰБТ мәселелері, ата-ана және бала қарым-қатынасы

__________________________________________________________

Қаралатын мәселелер: ҰБТ мәселелері, Ата-ана мен бала қарым қатынасы.

Қатысқан: 8 адам

Қатыспаған: - адам

Күн тәртібінде:

  1. ҰБТ мәселелері (слайд таныстырылым)

  2. Ата-ана және бала қарым қатынасы (баяндама).

  3. Қорытынды аттестаттау.


Тыңдалды:

1. Мектебіміздің әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Кобайдарова Д.С қаңтар айының ҰБТ нәтижелерімен ата-аналарды таныстырды. Ата-аналарға ҰБТ көрсеткіштері төмен оқушылармен көптеп жұмыс істеп, жіберген қателіктерді ендігі тестілеуде болдырмауға, кейбір оқушыларға таңдау пәндерін өз бағыты мен біліміне қарай ауыстыруға кеңес берілді.


Сөйлегендер:

1.Мектеп басшысы Балгина Б.К ҰБТ көрсеткіштерінің ойдағыдай емес екеніп айтып, ата-аналарға балаларымен өзара сөйлесу керек екенін және дұрыс бағыт беру қажеттілігі жайында сөз қозғады.

2. Бийсинбаева Галия- Теміртас Дауреннің анасы, ҰБТ көрсеткіштерін көре отырып, көзқарастары өзгергендігін, таңдау пәндерін ауыстырып дене шынықтыру мұғалімі мамандығына баратыны және шығармашылық емтихан тапсыратыны жайында айтты.

3.Абишева Ақмарал- Базарбаева Айдананың анасы, ҰБТ көрсеткіштерімен таныса отырып, Айдананың ҰБТ тапсырмайтыны жайлы шешімге келгендерін айтты.


Тыңдалды:

2. Кейін 11А сынып оқушылырының жетекшісі Жүнүсхан Д.С және 11Б сынып жетекшісі Баужанова М.Б «Ата-ана және бала қарым- қатынасы» атты баяндамасын оқыды. Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен ойындар өткізілді. Бұл оқушылардың кейпінде ата-аналардың болуы мақсатында жасалды. Аталған ойындармен қоса түрлі психологиялық тренингтер өткізілді. Ата-аналар қорытынды аттестаттауға дайындық кестесімен танысып, емтихан күндері айқындалды.

Сөйлегендер:

2. 11А сынып оқушылырының жетекшісі Жүнүсхан Д.С және 11Б сынып жетекшісі Баужанова М.Б ҰБТ-ға дайындық кезеңінде ата-аналар тарапынан үйдегі психологиялық жағдайдың ескерілуі, оқушыны қолдау керектігі айтылды.

Тыңдалды:

3. Қорытынды аттестаттау жайындағы мәселелер жан-жақты талданды.

Жиналыс шешімі:

1 ҰБТ мәселелері жөнінде слайдта таныстырылым көрсетіліп, жұмыс кестесі бекітілсін.

2.«Ата-ана және бала қарым қатынасы» атты баяндама оқылып, таныс болсын.

3. Ата-аналар емтиханға дайындық және емтихан өтетін күндермен таныстырылсын, дайындық күшейтілсін. Емтихан күндері айқындалсын.



Ата-аналар жиналысының хатшысы: _______ Нуртазина Б.Н









































Хаттама № 2

Күні: 10.01.2024ж.

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: 2-тоқсан қорытындысы

__________________________________________________________

Қаралатын мәселелер:, ҰБТ мәселелері, Ресурстық орталық, Ата-ана мен бала қарым қатынасы,қорытынды аттестаттау.

Қатысқан: 4 адам

Қатыспаған: - адам

Күн тәртібінде:

  1. Ресурстық орталық

  2. 2-тоқсан қорытындысы.

  3. Қорытынды аттестаттау


Жиналыс барысы:

Жиналалыс басталысымен мектебіміздің әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Кобайдарова Д.С ресурстық орталықтың пәндері тізіміне ағылшын тілі мен химия пәндері қосылғандығын айтты және қаңтар айының ҰБТ нәтижелерімен ата-аналарды таыстырды.. Кейін 11А сынып оқушылырының жетекшісі Жүнүсхан Д.С оқушыларың оқу жетістігімен таныстырды. Сынып жетекшінің ұйымдастыруымен ойындар өткізілді. Бұл оқушылардың кейпінде ата-аналардың болуы мақсатында жасалды. Аталған ойындармен қоса түрлі психологиялық тренингтер өткізілді. Ата-аналарға оқушылар емтиханда тапсыратын таңдау пәндері таныстырылды.

.


Жиналыс шешімі:

1 ҰБТ мәселелері жөнінде слайдта таныстырылым көрсетілді.

2.«Ата-ана және бала қарым қатынасы» атты баяндама оқылды.

3. Ата-аналар оқушылардың емтиханда тапсыратын таңдау пәндерімен таныс болды.


Ата-аналар жиналысының меңгерушісі:______ Абишева А.Ж

Ата-аналар жиналысының хатшысы: _______ Нуртазина Б.Н













Хаттама № 1

Күні: 27.10.2023ж.

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: 1-тоқсан қорытындысы

__________________________________________________________

Қаралатын мәселелер: 1-тоқсан қорытындысы, қорытынды аттестаттау т.б мәселелер.

Қатысқан: 8 адам

Қатыспаған: - адам

Күн тәртібінде:


  1. 1-тоқсан қорытындысы.

  2. Қорытынды аттестаттау


Жиналыс барысы:

Жиналалыс басталысымен мектебіміздің оқу ісі жөніндегі әдіскері Сызыкова Н.М қорытыны аттестаттау ережелері жайында айтты, ата-аналарды әр пән бойынша ақпараттандырды. Кейін 11А сынып оқушылырының жетекшісі Жүнүсхан Д.С оқушылардың оқу жетістігімен таныстырды. Алдағы оқу жылының жауапкершілікке толы жыл екені жайында айтылды. Оқушылардың сабақтар барысында тәртібі мен өзін-өзі ұстауы мәселесі қаралды.


Жиналыс шешімі:

1 1-тоқсан бойынша оқушылардың білім сапасы слайд таныстырылымда көрсетілді.

2.Қорытынды аттестаттау ережесі таныстырылды. Ата-аналар емтихан бойынша ақпараттармен қамтылды.


Ата-аналар жиналысының меңгерушісі:______ Абишева А.Ж

Ата-аналар жиналысының хатшысы: _______ Нуртазина Б.Н








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.00.2024
156
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі