400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ата-аналар жиналысының жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге әдістемелік материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Мектеп директоры

Б.А.Кусаинова

---------------------

«----»------------ж

Ата-аналар жиналысының жоспары

Мектеп: №164 ЖББМ Сынып: 6 сыныптар

Мерзімі: 07.11.2020ж Ата-аналар саны: 11

Мұғалім: Абуова Г.А.

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Бала – өмір жалғасы


Мақсаты: Бала бойына сүйіспеншілік,мейірімділік , адамгершілік қасиеттерді ұялата білуде отбасы мен мектептің маңызы зор екенін нақтылау.

Міндеттері:

  1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата-ананың жауапкершілігі;

  2. Отбасы арасындағы бауырмалдылық, қайырымдылық, достық, сыйластық қарым-қатынасқа баулу.

  3. Ата-ананың жауапкершілігін күшейтуге көмектесу;

  4. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.

Жоспары:

  1. Отбасы - өмір аясы

  2. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

  3. Сананың құрылымы

  4. Сананы тазарту

  5. «Құндылықтар терегі»



Ресурстар: Слайд, ақ қағаз, үнтаспа, плакат, видеоролик





Жиналыс барысында:

  1. Отбасы - өмір аясы

Ардақты ата-аналар! Жел бесіктен жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата-ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десек те бала – ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағы ойлау, адам етіп тәрбиелеу.

«Стол резюмесі» танысу.

Ата-аналар 2 топқа бөлінеді. Әр топқа плакат таратылады.

  1. Топтың аты

  2. Топтың жасы

  3. Топтың білімі

  4. Топтың балалары

  5. Топтың түсі

  6. Топтың ұраны

Топ мүшелерін, өз топтарын ортаға шығып таныстыру.




Плакат
























Видеоролик











Кесте




















Стақан, су, бояу.



  1. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемелекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата-анаға тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата-аналар іс жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері анық.

«Теледидар тәмсілі» видеоролик

Сіз балаңыздың не болғысы келетінін білесізбе?


  1. Сананың құрылымы

Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері — түйсік, қабылдау, зейінелес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері — адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады.

  1. Сананы тазарту

  1. Күн сайын жағымды көңіл күйге ену тәсілін қолданыңыздар. Бұл сананы тыныштандыру мен бақылау үшін, әлемді ұғынуға арналған тікелей және тура әдіс.

  2. Күні бойы барлық адамдарға сүйіспеншілік нұрын шашуға талпыныңыздар.

  3. Ұйықтар алдында күні бойы не істегеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минутыңызды бөліңіз.

  4. Ашу-ызаңызды бақылаңыз. Ашулана бастаңыз,онда:

  • Бір стақан суық су ішіңіз;

  • Айнадан бет-жүзіңізге қараңыз;

  • Тыныш қана жатыңыз.

Ата-аналарға сұрақ: Балаңыздың санасын қалай тазартасыз?


  1. «Құндылықтар терегі»

  • Ақиқат

  • Сүйіспеншілік

  • Дұрыс әрекет

  • Ішкі тыныштық

  • Қиянат жасамау

Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады.



Слайд

  1. Қорытынды

«Ана – үйдің берекесі, Бала үйдің – мерекесі» дей келе, өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі семинарымызды аяқтағалы отырмыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Баяу музыка






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
34 ұстаз жүктеп алған
29.04.2020
5963
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі