Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы «№ 20 жалпы
орта білім беретін дамыта оқыту
мектебі» КММ Мектепалды
даярлық 0 «Ә» сыныбының
Тәрбиешісі:
Қоқымбаева Балжан Мэлісқызы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
-
Білім беру саласы: «Таным»
-
Бөлім: «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»
-
Тақырыбы: Пішіндер. Есептер шығару. Артық, кем
-
Мақсаты: 1-20 дейін тура және кері санау. Натурал сандар қатары арасындағы қатынасты түсінуге үйрету (10 саны 7 санынан 3-ке артық, 12 саны 8 санынан 4-ке кем).
10-ға дейінгі сандарды қосу және алу.
-
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, тапсырмаларды орындату, көрнекі.
-
Мерзімі: 21.04.2017ж
-
Құрал жабдықтары: сандар, таңбалар, әліппе-дәптер, таратпа материалдар, санамақ, маркер.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Баланың іс – әрекеті |
|
Мотивация-лық қозғаушы |
Балалар орнынан тұрып Қуан, шаттан, алақай Қуанатын кез келді! Қайырлы таң! Қайырлы таң! Сәлеметсіңдер ме, қонақтар! |
Балалар орнынан тұрып, қонақтармен амандасады. |
|
Іздену – ұйымдас-тырушылық |
ІІ. Балалар біздің топта компьютер тұр, көріп жүрсіңдер. Осы компьютерге ғаламтормен хат келді. Қане, оқиық. Кім жазған? Не жазған? «Сәлеметсіз бе, Райхан Замантаевна және балалар! Мен мектепке барғым келеді. Бірақ математикадан біраз қиналып жүрмін. Көмектеріңді сұраймын.» Сәлеммен Бауырсақ. Балалар, хат Бауырсақтан келіпті. «Бауырсақ» ертегісі естеріңде ғой. Жарайсыңдар! Бауырсақтың тапсырмаларын орындауға көмектесеміз бе? Жақсы! Сонымен, бірінші тапсырмасы орындалмаған, бұл геометриялық пішіндер: санамақпен жұмыс. Үш санамақ аламыз да Үшбұрыш жасаймыз. Неге оны Үшбұрыш деп атайды? Бір санамақ алып қосып Шаршы жасаңдар.
Бауырсақтың келесі тапсырмасы. Кейбір балалардың алдында сандар жатыр. Соларды қолдарыңа алып қатарға тұрыңдар. Отырған балалар бірден жетіге дейін санаңдар. Ал енді кері санаңдар. Өте жақсы!
«Балалар, мен сендерге сегіз ғана жұлдыз жібердім. Мұғалім оны өте жақсы жауап беретін, жазатын, тәртіпті балаларға беруі тиіс. Бар күштеріңді салыңдар. Сәлеммен Бауырсақ.» күшімізді саламыз ба? Келесі тапсырмасы: салыстыру. (><=) Жылдам және дұрыс жасау керек. (Тақтада тапсырма: Төрт қатардан бір баладан шығып дұрыс таңбаны қою қажет.) Бұл жерде тағы бір тапсырма бар екен, балалар. Мына қыздың сол жағында неше пішін? Оң жағында? Астында? (Тақтада сурет) Жарайсыңдар! Ал енді демалайық. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық Қолды белге қояйық Бір отырып, бір тұрып Біз тынығып алайық 1,2,3 орнымызды табайық. Жақсы! Отырыңдар.
- Алдарыңда жолақтар. (тақта алдында бір бала) Үстінгі жолға 8 шырша қоясыңдар, астыңғы жолға 7 саңырау құлақ қоясыңдар. - Қайсысы көп, шырша ма әлде саңырау құлақ па? 8 бе 7 ме? - Шыршамыз 8 ал, саңырауқұлақ 8 болу үшін неше саңырқұлақ керек? - 8 саны неге ұқсайды? - Ал, енді ауада жазып көрейік!
Балалар, енді санамақ жаттайық. Кел балалар санайық, Жетіге бесті қосайық. Жаңа шыққан санды біз, «Он екі» – деп атайық. Дәптермен жұмыс: Енді, артық, кем жазамыз. Көз жаттығуы: Маған қараңдар солға, оңға, жоғары тек көзбен қараймыз. Ары қарай жазуымызды жалғастырамыз. |
- Бейсенбі - Сәрсенбі, жұма. - Жеті күн бар. - Қыс мезгілі. - Желтоқсан, қаңтар, ақпан. - Желтоқсан айы.
- Ия. - Ия.
- - Оның үш бұрышы бар. - - -
- - Өйткені оның екі жағы ұзын екі жағы қысқа, бұрыштары тік. -
- - Оның бес бұрышы бар. - Бауырсақ дөңгелекке ұқсайды. - Шеңбер деп атаймыз. - 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 ,11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20. - 20, 19, 18, 17, 16, 15, 14, 13, 12, 11, 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0.
- 6>4 - 10>9 - 12=12 - 6<9 - 8<11 - 3<7 - 5=5 - 3<4 Балалар шығып тор көздің ішіне қажет санды жазады, сол жағында 4 шаршы, оң жағында 5 дөңгелек, астында 7 үш бұрыш. Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.
Балалар орындарында жұмыс істейді.
Балалар санамақ жаттайды. Кел балалар санайық, Жетіге бесті қосайық. Жаңа шыққан санды біз, «Он екі» – деп атайық.
Балалар көз жаттығуын жасайды, ары қарай есептерін жалғастырады. |
|
Рефлексифтік- қорытын-дылау |
Қорытындылау:
Мына суретке қараңдар не көріп тұрсыңдар? Шыршаның үстінде 8 саны орналасқан. Осы шыршаны безендіріп сегіз санын шығару керек екі санынан. (тақтадағы шыршаның суретіне балалар кезектесіп «безендіреді» керекті санын жазады.)
Ал, енді өздерің қалай ойлайсыңдар кім бүгін өте жақсы жұмыс істеді, жауап берді, тәртіпті болды? Сол балаларға бауырсақ жұлдыз дайындапты бұл жұлдыз алтынға ұқсайды екен. Алмаған балалар келесі сабақта алады деп ойлаймын. Енді, Бауырсақ сендерден үйренген болар, сендердің арқаларыңда мектепке бара алатын болды. Рахмет сендерге балалар! |
Жақсы қатысқан балалар тиісті жұлдыздарын алады. Балалар бауырсаққа көмектескендері үшін өте риза. |
Болжамды нәтиже:
Білу: Артық, кемді біледі, тура және кері санай алады.
Болу: Сандарды қосу алу түсінігінде болады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ата-аналарға арналған кеңес: " Ойын арқылы балалардың тілін дамытуға арналған ойындар"

шағым қалдыра аласыз