Материалдар / Ата-аналармен дөңгелек үстел: Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналармен дөңгелек үстел: Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ тақырыбына сценарий, соңында слайдқа сілтеме бекітілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2024
143
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"


Мақсаты: Ата-аналарды балаларға қолдау көрсетудің, зорлық-зомбылықсыз тәрбиенің маңыздылығын түсіндіру, оң қарым-қатынас құрудың жолдарын үйрету.


Міндеттері:

  • Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі бойынша ата-аналардың білімін жаңарту, тереңдету және жүйелеу.

  • Ата-аналарда зорлық-зомбылықтың болу проблемасын түсінудің барабарлығын қалыптастыру.


  1. Кіріспе бөлігі (10 минут)


Жүргізуші сөзі:
Қонақтарды қарсы алу, тақырыппен таныстыру.


«Мені біледі» тренингі

Мысалы: Бәрі менің Асанның анасы екенімді біледі, бірақ ... екенімді білмейді.


«Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе».

Қасым-Жомарт Тоқаев


Жиынның мақсаты мен жоспарын қысқаша баяндау.


  1. Негізгі бөлім (40 минут)


1.Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ – баланың денсаулығы мен дамуына қауіп төндірмейтін, сүйіспеншілік пен құрметке негізделген ортада өсу құқығы. Балаға физикалық, эмоционалдық, психологиялық немесе басқа да зәбір көрсетудің теріс салдары оның жеке тұлғалық дамуына кедергі келтіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін отбасы мен қоғамдағы қолдауды арттыру маңызды. Бала тәрбиесінде ашық қарым-қатынас пен ынтымақтастық басты орын алуы тиіс.

· Физикалық зорлық-зомбылық: Баланы ұру, соғу, денесіне зақым келтіру.

· Эмоционалдық зорлық-зомбылық: Қорлау, кемсіту, баланың өзіндік бағасын төмендету.

· Сексуалдық зорлық-зомбылық: Баланың дене бостандығын бұзу немесе жыныстық мазмұндағы әрекеттерге мәжбүрлеу.

· Қараусыз қалдыру: Балаға қажетті күтімді қамтамасыз етпеу, оның қажеттіліктерін елемеу.

· Экономикалық зорлық-зомбылық: Баланы еңбекке мәжбүрлеу немесе оның қаржылық құқықтарын шектеу.


2.Психологиялық тест (интербелсенді тақта).

1. Сіздің балаңыз өте бұзық, жағымсыз қылықтары көп, машақаты мол. Үйіңізге күнде не жыртық шалбармен, не көзі көгеріп келеді.

а) не болғанын сұрап, шалбарын тігіп, көзіне мұздай басасыз – 3.

б) жәрдем беріп жатып, осы қылығың өзіңе жаманшылық әкеледі деп айтасыз – 0.

в) тегі көңіл аудармайсыз. Бәрін өзі шешсін -5.

2. Балаңыздың жолдастары өте бұзық, тәрбиесіз

а) олардың ата-анасымен сөйлесесіз -2

б) үйіңізге шақырып, тәрбиесіне ықпал жасайсыз-5

в) балаңызға олардың кемшіліктерін түсіндіріп, олар саған жақсылық әкелмейді деп айтасыз-0

3. Балаңыз ойнағанды жақсы көреді. Ойыннан ұтылған да емес.

а) сіз еш нәрсе қолға алмайсыз, өзі ұтылғанын мойындасын деп -0.

б) онымен ойыннан бас тартасыз, өзі мойындағанша – 3

в) әдейі өзіңіз жеңесіз, өзінің жеңілгенін сездіресіз-5.

4. Сіздің балаңыз 24 сағат бойы ойнайды. Кешке мүлде ұйықтағысы жоқ.

а) сіз оған ұйқы қандай маңызды екенін түсіндіресіз- 3

б) оған өзі қалаған уақытында жатуға мүмкіндік бересіз де, азанда ерте тұрғызасыз- 5

в) белгілі уақытта жатқызып, оның өзін қалдырасыз. Ертегіні өзі жақсы тұтқан күні ғана айтасыз — 0

5. Ол азаннан кешке дейін теледидар көруден зерікпейді.

а) ерте жатады, теледидарды сол жатқаннан соң өшіресіз – 0

б) оған не көретінін, не көрмейтінін түсіндіресіз – 2

в) оған уақыт бөлесіз, не көрсе де өз еркі — 5

6. Сіздің балаңыз өте дөрекі.

а) мінез-құлқы өте жағымсыз екенін және айнала оны жақтырмайтынын түсіндіресіз – 5

б) оның дөрекі мінезіне тыйым салып, оны жазалайсыз – 0

в) күнде ол өзінің жақсы мінезін көрсетсе, оны мақтап отырасыз — 2

7. Сіздің балаңыздың жасы үлкен болмаса да, қыздармен (балалармен) жүргенге қызығады.

а) бәрін өз жайында қалдырасыз – 3

б) оған оның балалық махаббат екенін түсіндіресіз – 5

в) оған махаббат не екенін, еркек пен әйелдің қарым-қатынасын үлкенге түсіндіргендей түсіндіресіз — 0

8. Оны басқа балалар ұстап алып ұрып, оның үстінен күледі.

а) оған оларға жауап беруді үйретесіз – 5

б) олардың ата-анасымен кездесіп, әңгіме айтасыз – 2

в) балаңыздың ондай жағдайлардың арасында болмауын қадағалайсыз -0

9. Сіз үлкен балаңызға немесе қызыңызға бар жағдайын жасайсыз. Бірақ, ол ешнәрсені бағаламай өзінен кішілерді ренжітеді.

а) Оны кішкентай балалардың алдында тәрбиеге шақырасыз – 5

б) оған көп уақыт бөлесіз, оның үлкендігіне қарамай -3

в) мүлдем араласпайсыз -1

10. Сіздің балаңыз өте дөрекі сөйлейді. Басқа балаларға зорлық жасайды.

а) сіз оған қарағанда қатты дөрекі сөздермен ұрысасыз. Ол да сіз сияқты басқаларға дөрекілік жасайды. -0

б) осы уақытқа дейін оған бұрынғыдан да көп көңіл аударасыз – 5

в) оған зорлық-зомбылық туралы кино көрсетпейсіз – 2


Жауаптары:

0-18 балл

Сіз балаңызды өзіңіздің уақытыңызда тәрбиелегендей етіп тәрбиелейсіз. Үлкендердің айтқанын тыңдап, оларды сыйлаған ең маңызды екенін түсіндіресіз. Бірақ үшінші мыңжылдықта өз-өзіне сеніп, өзін-өзі басқара алатын адамдар ғана үстем болатынын естен шығарасыз. Сіз өмір алға қарай жылжып жатқанын байқамай, бұл қасиеттерден алып қашасыз.

19-35 балл

Сіздің қандай жағдайда өмір сүретінін әлі ойланбағансыз. Бірақ сіз заманына сай болуға ұмтылып, өзі шешім қабылдауына мүмкіндік бересіз. Бірақ, бәрібір де сіздің балаңыз өзі әрекеттенуіне көп жағдай жасамайсыз. Сіз балаңызды тек айтқаныңыздан шықпауын қалайсыз. Сондықтан да ол өзі тура жол таба алмауы мүмкін.

36-50 балл

Сіз өзіңіздің балаңыз тек әділдік, жақсылық дәуірінде өмір сүреді деп ойлайсыз. Ақыл мен ой, шыншылдық, эгоизмнен үстем болып тұрады деп ойлайсыз.


3.Видеоматериал (YouTube желісі)


4.Шынымды айтсам (тренинг)

Шынымды айтсам, баламның немесе қызымның зорлық-зомбылыққа тап болғанын білсем, ...

Шынымды айтсам, балам немесе қызым зиянды әрекетке барғанын білсем,...

Шынымды айтсам, балам немесе қызым түнгі мезгілде көшеде жүргенін білсем, ...

Шынымды айтсам, балам немесе қызым ұрлық жасағанын білсем,...

Шынымды айтсам, балам немесе қызым өзінен кіші оқушыдан ақша талап еткенін білсем,...

Шынымды айтсам, балам немесе қызым жиі өтірік айтатынын білсем...

Шынымды айтсам, балам немесе қызым басқа балаларға қатыгездік жасайтынын білсем...


4.Рефлексия

"Менің рөлім"

Әр ата-ана өздерін бала, дос немесе тәлімгер рөліне қойып, сол тұрғыдан мәселені сипаттайды.


Слайдқа сілтеме: https://www.canva.com/design/DAGW6w7vQI8/rmSRZgq1rI4g0sW3u2putg/view?utm_content=DAGW6w7vQI8&utm_campaign=designshare&utm_medium=link&utm_source=editor

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!