Материалдар / Ата-аналармен жоспар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ата-аналармен жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге таптырмас жұмыс.Осы жұмыс арқылы өздеріне керекті мәліметтер ала алады.ата-аналармен жұмыс жоспары.Барлық материалдарымен жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2021
1575
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ата – аналармен өткізілетін жылдық жұмыс жоспары.

Мақсаты: Балабақшамен ата-ана арасындағы қарым – қатынасты күшейте отырып , отбасында балаға ата – ананның ықпалын арттыру. Бала тәрбиесінде ата – ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Ата-аналармен тығыз байланыста болу .

Іс – шаралар тақырыбы

Өткізілу түрі

Жауапты



1

Қыркүйек айы

1.Ата – аналарды

2020– 2021 оқу-жылының жоспарымен таныстыру.

«Кәнеки танысайық»

2. Ата – аналар комитетін сайлау.

Ата – аналар жиналысы.

1. Жаңа оқу жылы басталды. Балалардың кун тәртібі, тазалығы. Келісім шарт толықтыру.

3. Баяндама: «Балабақша және отбасы ынтымақтастығы »

4.Кеңес: «Ата- аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті кеңес»

Тәрбиеші:





2

Қазан айы

1. Ашық есік күнін ұйымдастыру. «Армысың Алтын күз»

2. "Күз – жомарт"

Берекелі Алтын күз мерекесіне көрме ұйымдастыру.

Ашық есік күні:

Кеңес « Балалар арасындағы қызғаныш»

Тәрбиеші:





3

Қараша айы

1. «Қазіргі уақыттағы дәрумендердің бала организміне пайдалы жақтары»

3. «Өз балаңызды жақсы білесіңбе?»

Тұмау деген не?

Кеңес: «Отбасы тәрбиесіндегі

қамқорлық мәселесі»

Сауалнама жүргүзу.



Тәрбиеші:






4

Желтоқсан айы

1.«Балалар – біздің болашағымыз»

2. Диагностикалық зерттеудің қорытындысы.

І- жарты жылдық қортынды.

Ата-аналар жиналысы.

1-жарты жылдық есеп беру

2. Әр түрлі мәселелер

3. Баяндама:«Егер бала тұйық

болса »

4.Кеңес:«Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясының ерекшеліктері»

Тәрбиеші:





5

Қаңтар айы

1. Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы.


« Менің отбасымдағы бақытым» фотосурет.

Сауалнама жүргүзу


Тәрбиеші:





6

Ақпан айы

1. « Бала тәрбиесіндегі ата – ананың рөлі »

2. «Тәрбие отбасынан басталады»

Компьютерлік ойында ойнауды бала күніне 20 минуттан асырмауы тиіс


1.Ата-аналармен дөңгелек үстел

2.Кеңес: « Көзі нашар көретін балалар туралы ата – аналарға кеңес


Тәрбиеші:






7


Наурыз

1.« 8-наурыз Аналар мерекесі »

2. « Тәрбие тірегі – халық мұрасы »


Ата-аналар жиналысы.

1.Көктем мерекелерімен құқттықтау.

2. .Көрме: « Анашым! Мен сізді жақсы көремін!»

3.Кеңес:«Баланы неше жасында мектепке берген дұрыс»


Тәрбиеші:










8


Сәуір

1. «Бала дамуына керекті ойындар»




1. Кеңес: « Бала ойнап жүріп дамиды»

Тәрбиеші:






9

Мамыр айы

1. Жылдық жоспар бойынша қорытынды.

2. Жазғы сауықтыру – шынықтыру шараларына дайындық.


Ата-аналар жиналысы.

1.Мамыр мерекелерімен құттықтау

2. Жыл бойы өткізілген жұмыстарға есеп беріп

жылды қорытындылау.

3.Баяндама « Балабақша –біздің үй»

Ата-аналар комитетінің есебі.


Тәрбиеші:








































2020-2021 оқу жылына арналған

Ата – аналармен

өткізілетін жылдық жұмыс жоспары.

МАД-3 тобы

































«Отбасы тәрбиесіндегі қамқорлық мәселесі»

кеңес





Орындаған: Тәрбиеші







2020-2021 оқу жылы




Отбасы тәрбиесіндегі қамқорлық мәселесі

кеңес

Отбасы-адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатыр. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Босағасы берік отбасында әрбір адам өзара қамқорлық пен татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп тұтынуға, еңбекпен табылған ақша құнын бағалап, қадірлеуге үйренеді. Отбасындағы тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы балалардың еңбекқор болуы, әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарау, адамды құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қалыптасуы процесіндегі рөлі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптарда күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлық қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізгісі мектепке дейінгі жаста қаланады. Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасында ең жарасымды, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы керек. Анасы баласына әкесін өз әрекеттері арқылы қуантып, сыйлап құрметтеуді, оның жұмысын жеңілдетіп, оған қолқанат болып жүруін талап етіп түсіндіріп отырады. Отбасы шын мәнінде тату-тәтті, өзара түсіністікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің көрінісі айқын сезіліп тұрады. Отбасының бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір-біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірегей саяси көзқарасты ұстануын, соған орай ерлі-зайыптылық және ата-аналық сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.


Отбасының негізгі міндеті-баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен отбасы-ошақ қасында қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе, отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балалардың бойында осындай сезімдерді қалыптастырады.


Өз ата-анасын сыйлап,құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта біледі.


Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі Чехтің ұлы педагогі Ян Амос Каменский еңбектерінің төрінен орын алған. Ол тәрбие негізі ретінде отбасын бөліп, қарастырып, оны білім беру жүйесінің алғашқы сатысы «Ана мектебі» деп көрсетеді. Өйткені, бала адамгершіліктің негізгі түсіністіктерін отбасында алып, алғашқы адамдық қасиеттерін отбасында қалыптастырады.


Орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу туралы былай деп жазады: «Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының қалыптасуына және дамуына әсер ете алады, мінезді қалыптастыру үшін де мінезбен әсер ету керек».


Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған.


Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10 сөзінде: «Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңынан балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды. Қазақ ағартушысы С.Көбеев те отбасы тәрбиесі мәселелеріне аса үлкен мән берген. Ол өзінің «Баланы семьяда тәрбиелеу» деген еңбегінде ата-аналардың балалары алдындағы беделі отбасындағы тәрбие нәтижесі екендігін атап көрсетеді.


Ұзақ жылдар бойы отбасы тәрбиесі баланы тәрбиелеудің бірден-бір формасы болып келеді. Қазіргі қоғамда отбасы баланың шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап өмірінің соңына дейін тәрбиелік ықпал ететін негізгі ошақ болып отыр. Әрине, әркім баласын жаман болсын демейді, оның тәрбиелі, білімді, әрі еңбек сүйгіш, жақсы адам болса, еліне, халқына пайдасын тигізетіндей бір маман иесі, үлкен қызмет иесі болса екен деп тілейді. Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын ата-ананың өзі. Балаға дүниеге келісімен көп көңіл ауларып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн. Баламызды мектепке жіберіп, мекиеп тәрбие береді, білім береді деп бар ауыртпалықты мұғалім,тәрбиешілерге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы мектепке берген соң ата-ана мұғалім, тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі, жан-жақты білімді болуына көп байланысты. Кейбір ата-аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып, баласының тәрбиесіне 30 минутта көңіл аударуға уақыт бөле алмайды, немесе тәрбие ісімен айналысуға ерінеді. Осыдан үлкен қателік туады. Баланың күнделікті өмірінде бір әрекетін ата-ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсы нәрсесін мақтап, білмегенін айтып түсіндіріп, үйретіп отыру көп жетістікке қол жеткізеді. Айталық, ата-ана өзінің алдына мына төмендегідей мақсат қойып, оның жүзеге асуына мән беретін болса, сөз жоқ, ұрпағының тәрбиелі, өнегелі ,білімді болып өсуіне жол ашады.


1.Мектептен келген баланың көңіл күйін сұрау, бүгінгі тәртібіне өзіне-өзінің баға беруіне үйрету.


2. Балаға өз қателігін түсінуге мүмкіндік жасау.


3. Баланың жақсы мінез, іс-әрекетіне назар аударып, көңіл күйін көтеру.


4. Ата-ана өзін-өзі ұстай білу, бақылай білу.


5. Балаға дауыс көтеріп, жазалауға асықпай, оны түсінуге тырысу.


6. Баласының тілін түсініп, онымен сырлас, дос болуға тырысу және оның ой-идеясына көңіл бөлу.


7. Өз баласын басқа балалармен салыстырмай, дұрыс тәрбие беріп, мінез-құлқын, іс-әрекетін, қателігін түсінуге мүмкіндік жасау.


8. Оның психо-физиологиялық даму дәрежесіне, адамгершілік эстетикалық қалыптасуына, жан-жақты жетілуіне көңіл бөлу.


9. Оның шығармашылық қабілетін, ақыл-ой сезімін бағалай білу.


10. Оның талап тілегіне тежеу жасамай,еркіндік беріп,дүниеге, өмірге деген көзқарасын бақылай білу.






















Отбасы және мектеп ынтымақтастығы.



Қазіргі заман талабында отбасы баланың оқу тәрбиесіне араласу қажеттілігі айтылған. Сондықтан ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты дамыту өзекті мәселе боп отыр. Ата – анамен балабақша ынтымақтастығы, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да мақсат – мүддесі біреу – ол болашақ ұрпақ тәрбиесі. Болашақ азамат тәрбиеленетін алғашқы ұя – отбасы, ата-ана құшағы. Жас сәбидің алғашқы еститіні анасының мейірбан сөзі; көретіні анасының аялы алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» немесе «Әке көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» дегенде осының айғағы. Яғни, ата –анасының өнегесі, өнері балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе ұядан ұшқанда да сол өнеге – өсиет оған сарқылмас қазына болары созсіз. Ғабидден Мұстафин айтқандай «ата – ана қадірін білген бала халық қадірін білер, халық қадірін білген бала ата – ананың да қадірін біледі. Ол үшін өз халқының дәстүрін мәдениетін, өнерін, тілін қадірлеуді ата – ана және ұстаз боп үйрету керек». Ендеше «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші отбасы балабақша бірлесе ынтымақтаса отырып, оқу тәрбие жқмысын мақсатты жүргізсе, елдің, халқының дәстүрін сыйлайтын ұлтжанды жеткіншек өсіру мақсатымыз еселі өтелері сөзсіз. Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кез – келген мекеме үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі, отбасы баланың түпкі тамыры болмысын қалайтын мекен. Сондықтан да балабақшаның оқу – тәрбие жұмысында ата – аналармен жұмысқа ерекше мән беріледі. Сол себепті біз ата – аналармен жұмысқа үлкен көңіл бөлеміз. Көздеген мақсатым: балабақшамен отбасындағы ынтымақтастықты біріктіре отырып оқу және тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырып, әр баланы жеке тұлға ретінде қазіргі заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы құндылықтарды дамыту. Балабақша мен ата – ана арасындағы ынтымақтастықты құру. Алдымызға қойған міндеттеріміз:

  1. Ата – аналарға балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес беру.

  2. Балабақшадағы іс – шараларға ата – аналарды қатыстыру.

  3. Ата – аналарды балабақша өмірімен қызықтыру.

  4. Үлгіліата – аналардынасихаттау.

  5. Ата – аналарбұрышынжасау.

  6. Ата – аналарменбірігеотырыпқұрылғаноқу – тәрбиежоспарынжасау.

  7. Балалардыдамытудыңдиагностикасынжасау.

  8. Күнделіктіоқу – тәрбиежұмысынаата – аналарды тарту.

Олайболсабүгіндеата – анаменбалабақшабірлесеотырып, балалардыоқу мен тәрбиегебаулудажаңазаманныңтұлғасыетіптәрбиелепшығаруүшінотбасыменбалабақшабірлесеотырыпатсалысайық.

 

Ата – ана   баласына   өз   отбасын   қадір   тұтудан   бастап,   туған   -  туыс,  Отан,  Қазақстан   деген   ұғымдарды   терең   түсінгені,   құрметтеп  қарауға  тәрбиелеу   керек   екенін   ұғындыру.

Ата -  ана   жауапкершілігі  бәрінен   биік   болмақ.   Сондықтан   ата -   ана   басты   талапты   өздеріне   қойғандары   жөн.   Баланың   тәрбие   алуына   қоғамнан  өз  орнын   табуына   жағдай   жасауына   әрбір  ата – ана   педагогикалық   әдіс -  тәсілдерге   сүйенгені   дұрыс.











































«Ата- аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті кеңес»










Орындағандар: Қабжалел Ж.Б


















1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.

2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.

3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.

4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.

5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.

6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.
7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.

8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.

9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қа

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!