Ата-аналармен жұмыс жоспары және хаттамалар. толық 5 хаттама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-аналармен жұмыс жоспары және хаттамалар. толық 5 хаттама

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналармен жұмыс жоспары және хаттамалар.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін

Мектеп директоры

_____________С

«____»___________2024ж


2024-2025 оқу жылындағы 6 «Ә» сыныптың ата-аналармен жүргізілетін

жұмыс жоспары

Іс-шаралар

мерзімі

жауаптылар

1.

Тақырыбы: «Отбасы мен мектеп бала тәрбиесінде серіктес»

Күн тәртібі:

1.Өткен оқу жылына талдау, жаңа оқу жылының мақсаты мен міндеттері. «Мектепке жол»акциясы ұйымдастыру

2.«Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі» баяндама

3. «Қауіпсіз мектеп!», Жолда жүру қауіпсіздігі.

4. «Интернеттің жағымсыз әсеріне тосқауыл қою»

13.09.24

Сынып жетекшісі:



2.

Тақырыбы: «Отбасы- тәрбие бастауы»

Күн тәртібінде: I тоқсанның қорытындысын хабарлау

  1. Күзгі демалыс кезіндегі баланың қауіпсіздігі

  2. «Бала тәрбиесіндегі ата-ана ролі»баяндама.

  3. Әр түрлі мәселелер

02.11.24

Сынып жетекшісі:


3.

Тақырыбы: «Бала-болашақ, Бала құқығы – адам құқығы»

1. ІІ тоқсан қорытындысын хабарлау

2.«Бала- болашағымыз»семнар- тренинг

2. Құқық бұзушылықтың алдын алу.

19.01.25

Сынып жетекшісі:


ДТІЖО

6.

1. Оқушылардың тәрбиесі мен сабаққа қатысуы, улгерімі және сыртқы бет бейнесі туралы әңгіме жүргізу.

2. Көктемгі демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі.

3. Сыныптың әлеуметтік ахуалы

4. ІІІ тоқсан қорытындысымен таныстыру.

19.03.25

Сынып жетекшісі:


ДТІЖО

Мектеп психолгы


9.

Тақырыбы:«Қоғамның жат әдеттерінен ұрпақты қорғайық»

Күн тәртібінде:1.«Жасөспірімдер арасындағы қылмыс»

2.«Жаз және бала-2024ж»

3. Жылдық қорытындымен таныстыру.

4. Әр түрлі мәселелер.

18.05.25

Сынып жетекшісі:



ДТІЖО Р.Д



Сынып жетекшісі











Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Хаттама №1

5 «Ә» сынып Сынып жетекшісі:

Қатысқаны: 8

Қатыспағаны:

Тақырыбы: «Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі»

Күн тәртібінде: 1. Өткен оқу жылына талдау, жаңа оқу жылының мақсаты мен міндеттері. «Мектепке жол» акциясы ұйымдастыру.

2. Баяндама «Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі»

3. «Қауіпсіз мектеп!, Жолда жүру қауіпсіздігі.

4. Интернеттің жағымсыз әсеріне тосқауыл қою.

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі сөз алып ата-аналарға, биылғы оқу жылында да баланың оқуы мен тәртібін қадағалап отыру керектігі туралы айтты. Өткен оқу жылында оқу үлгерімі жағынан да, тәртібі, қоғамдық жұмыстарға қатысуы жағынан да жақсы нәтижелер көрсете білді.Сыныптағы көп балалды жән аз қамтылған отбасындағы балаларға биыл да мектеп асханасынан тегін ыстық тағам берілетіні және басқа да көмек туралы айтып өтті.

Келесі кезекте «Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада бала тәрбиесінде отбасының ролі басты орында екені, ата-ана балаға тәрбие беруде өте мұқият болуы , қазіргі заман ағымына сай баланы тәрбиелеуде бірқатар қиындықтар туындайтыны жайлы сөз болды. Ата-аналарға осындай мәселелерге қатысты бірқатар кеңестер оқылды. Сонымен қатар балаларын да бақылауда ұстап, араласатын ортасын, жүріп тұруын қадағалау қажеттігі ескертілді.

Үшінші мәселе бойынша «Қауіпсіз мектеп!, Жолда жүру қауіпсіздігі.жалпы сыныпқа мінездеме беріліп өтті. Қазіргі кезде өте көп жол апаттары соның ішінде оқушылардың жол апаттарына ұшырауы себепті оқушылар мектепте жолда жүру ережелерімен үнемі таныстырылып отыратындығы туралы айта келіп, баланың жолда жол ережесін барынша сақтауын, асығыстық жасап, қызыл түске немесе, өтуге болмайтын жерлермен өтпеуін күнделікті ескертуді айтты.

Төртінші мәселе бойынша «Интернеттің жағымсыз әсеріне тосқауыл қою» яғни қазіргі уақытта өзекті мәселеге айналған ғаламтордың жағымсыз кері әсері туралы сөз қозғалды. Ата-аналарға балаларының ғаламторды өз бетінше пайдалануын қадағалау туралы ескертілді. Ата-ананаларға балалардың ғаламторға кіріп, керек емес ақпараттар мен видеоларды көруін, әлеуметтік желілерде бөгде адамдармен таныспауын, сөйлеспеуін ,тиым салынған сайттарға кірмеуі үшін бақылау қажеттігі қатты ескертілді. Келесі кезекте бойынша сынып жетекші ата-аналар комитетін қайта сайлауды ұсынып, ата-аналар бір ауыздан Гүлназ Ибраеваны сайлады. Одан кейін ата-аналар өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Кейбір ата-аналар жекелеген пәндерге байланысты өздерінің алаңдаушылықтарын айтты. Бұл сұрақтарға сынып жетекшісі Ақерке Құралқызы жауап берді.

Шешім: 1.оқушылардың сабаққтан қалмай толық дайындықпен келуі

ата- аналарға жүктелсін.

2. Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау сынып жетекшісіне міндеттелсін.






Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Хаттама №2

5 «Ә» сынып Сынып жетекшісі:

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Хаттама №2 06.11.2023ж

Қатысқаны: 13

Қатыспағаны: 12

Тақырыбы: «Ата-ананың құқықтық сауаттылығы»

Күн тәртібінде: 1. Баяндама «Құқықтық тәрбие қалыптастыруда

ата-ананың ролі»

2. І тоқсан қорытындысы.

4. Әр түрлі мәселелер

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі сөз алып

«Құқықтық тәрбие қалыптастыруда ата-ананың ролі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада қазіргі кезде белең алып кеткен жасөспірімдер арасындағы қылмыс туралы сөз болды. Ата-аналарға осындай түрлі қылмыстардың алдын алу мақсатында балаларына сақ болып, қазірден бастап олардың тәртібіне, ата-анасы жұмыста болғанда үйде немен айналысатынын қадағалап, хабардар болып отыруы керектігі туралы айтылды. Оқушылардың кешкі уақытта үйден шықпауы, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын қадағалау тапсырылды. Сонымен қатар балаларын да бақылауда ұстап, араласатын ортасын, жүріп тұруын қадағалау қажеттігі ескертілді. Мұндай жағдай болмас үшін үйдегі баланың тәртібіне, жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, психологиялық жағдайына назар аударып, баламен көбірек сөйлесіп, оның күнделікті іс-әрекетіне аса көңіл бөліп отыру қажет. Екінші мәселе бойынша ата-аналар І тоқсан қорытындысымен таныстырылды. Осы тоқсан бойында 3 баланың үздіктер қатарынан түсіп қалғанын, олардың орнына 2 оқушының екпінділер қатарына қосылғанын айтып өтті. Екпінділер қатарынан түсіп қалған оқушы Наржаубек Айарудың анасына оқушының сабағына, үй жұмысын орындауына бақылау жасап, көмек көрсету керектігін айтты.. Сондай ақ қыстың түсуіне байланысты балаларының сабақтан кеш қайтатыны, ата-аналарды алаңдатады. Ата-аналар қысқы мерзімге байланысты оқушылардың сабақ уақыттары ауыса ма деген сұрақтар қойды. Бұл сұрақтарға сынып жетекшісі Ақерке Құралқызы оқушылардың сабақ кестесінде қысқы маусымға байланысты өзгеріс болатынын , бұл жағдайды шешуге жағдай жасалатынын айтты. Келесі кезекте жаңа оқу жылы бойында балалардың сабақтан қалмай келуін қамтамасыз ету, мектеп формасын дұрыс кию, тазалығы, үлгерімі, тәртібі яғни мектеп ережесіне сай жүріп тұруы үшін сынып жетекшімен қатар ата-аналардың қадағалауы қажеттігі туралы айтылды.

Шешім: 1.оқушылардың сабаққтан қалмай толық дайындықпен келуі

ата- аналарға жүктелсін.

2. оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау

сынып жетекшісіне міндеттелсін.









Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Хаттама №3

5 «Ә» сынып Сынып жетекшісі:

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Хаттама №3 16 .01.2024ж

Қатысқаны: 12

Қатыспағаны: 9

Күн тәртібінде: 1. Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

және мектеппен байланысы »

2. ІІ тоқсан қорытындысы.

4. Әр түрлі мәселелер

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі. сөз алып «Жасөспірім және қылмыс» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада қазіргі кезде белең алып кеткен жасөспірімдер арасындағы қылмыс туралы сөз болды. Ата-аналарға осындай түрлі қылмыстардың алдын алу мақсатында балаларына сақ болып, қазірден бастап олардың тәртібіне, ата-анасы жұмыста болғанда үйде немен айналысатынын қадағалап, хабардар болып отыруы керектігі туралы айтылды. Оқушылардың кешкі уақытта үйден шықпауы, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде отырмауын қадағалау тапсырылды. Сонымен қатар балаларын да бақылауда ұстап, араласатын ортасын, жүріп тұруын қадағалау қажеттігі ескертілді. Мұндай жағдай болмас үшін үйдегі баланың тәртібіне, жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, психологиялық жағдайына назар аударып, баламен көбірек сөйлесіп, оның күнделікті іс-әрекетіне аса көңіл бөліп отыру қажет. Екінші мәселе бойынша ата-аналар ІІ тоқсан қорытындысымен таныстырылды. Осы тоқсан бойында 2 оқушы үздіктер қатарына қосылғаны айтылды. Екпінділер қатарыда көбейәп балалар бейімделу кезеңінен өткендігі айтылды. Келесі кезекте жаңа оқу жылы бойында балалардың сабақтан қалмай келуін қамтамасыз ету, мектеп формасын дұрыс кию, тазалығы, үлгерімі, тәртібі яғни мектеп ережесіне сай жүріп тұруы үшін сынып жетекшімен қатар ата-аналардың қадағалауы қажеттігі туралы айтылды.

Шешім: 1.оқушылардың сабаққтан қалмай толық дайындықпен келуі

ата- аналарға жүктелсін.

2. оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау

сынып жетекшісіне міндеттелсін.

















Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Хаттама №4

5 «Ә» сынып Сынып жетекшісі:

Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Хаттама №4 28 .03.2024ж

Қатысқаны: 15

Қатыспағаны: 8

Күн тәртібінде: 1. Баяндама «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі

жауапкершілігі туралы»

2. ІІ тоқсан қорытындысы.

4. Әр түрлі мәселелер

Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі сөз алып

«Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы» тақырыбында баяндама оқыды. Алдағы келе жатқан жазғы демалысқа байланысты алдын-алу үшін ата-анаға мәліметтер мен бірқатар ескертулер берілді.Ата-ана үшін бала тәрбиесінің жауапкершілігі жоғары екендігі туралы сөз болды. Ата-аналарға қазіргі кезде түрлі қылмыстардың белең алуына байланысты балаларына сақ болып, қазірден бастап олардың тәртібіне, ата-анасы жұмыста болғанда үйде немен айналысатынын қадағалап, хабардар болып отыруы керектігі туралы айтылды. Оқушылардың жазғы демалыс кезінде кешкі уақытта үйден шықпауы, интернет желісінде түрлі әлеуметтік желілерде көп отырмауын қадағалау тапсырылды. Сонымен қатар балаларын да бақылауда ұстап, араласатын ортасын, жүріп тұруын қадағалау қажеттігі ескертілді. Мұндай жағдай болмас үшін үйдегі баланың тәртібіне, жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, психологиялық жағдайына назар аударып, баламен көбірек сөйлесіп, оның күнделікті іс-әрекетіне аса көңіл бөліп отыру қажет. Екінші мәселе бойынша ата-аналар ІІІ тоқсан қорытындысымен таныстырылды. Осы тоқсан бойында білім сапасында ешқандай өзгерістер болмағаны айтылды. Жамалбек Жансаяның мамасына қызы тек орыс тілі сабағынан 4 деген баға алғандығы қалған сабақтары 5 екендігі айтылды. Орыс тілінен ата-ана тарапынан да көмек көрсетілу қажеттігі айтылды.

Шешім: оқушылардың көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздігіне

жауапкершілік ата-аналарына жүктелсін























Ата-аналар жиналысының хаттамасы

Хаттама №5

5 «Ә» сынып Сынып жетекшісі:


Қатысты: 9

Қатыспады -11


Күн тәртібінде

«Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы» (баяндама)

ІV тоқсан қорытындысы, балалар оқу үлгерімі туралы.

Балалар тәрбиесі, үлгерімі, жазғы демалыс туралы

Бірінші мәселе бойынша «Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері» негіздері туралы баяндама жасадым.

Баяндама: Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып түр емес пе? Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар. Атақты қазақтың ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: Отбасы – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер, дегені бар.

Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында. Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты. «Әрбір баланың мінез құлқы ата — анасының жағымды іс — әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез — құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата — ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», — деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. «Ата – ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата – ана баласының түйсігіне қандай іс салса, бала сол жолмен жүре беретіні белгілі. Баяндамада ата-аналарды отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерімен таныстырдым.

Екінші мәселе бойынша ата-аналарға балаларының оқу үлгерімі туралы айтылды.. 5 «Ә» сыныбының үлгерімі алдынғы тоқсанға қарағанда сапасы 100 %, білім сапасы 60 % құрайды. Бұл көрсеткіш орташа. 20 оқушының он екісі ғана жақсы көрсеткішті көрсетеді.

Әр түрлі мәселелер бойынша сынып жетекші өз сыныбындағы оқушылардың тәртібі мен оқу үлгерімі жөнінде айтып өтті. Сыныптан сыныпқа өту емтиханы 27.05.2024ж сағат 900 болатыны және оған аса көңіл бөлу, балалардың емтиханнан кешікпеуі аттап айтылды. Сонымен қатар жазғы демалыс туралы айтылды. Оқушылар жазғы демалыстарын үйде, ата-анасыныңжанында өткізетіні анықталды.

Шешімі:

Баяндама қанағатты деп табылды.

Келесі жылы оқушылар жаңа оқу жылына деген дайындығын нығайту, жазғы демалыста көлге, өзенге шомылуға бармайтыны туралы айтылды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2024
102
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі