Ата-аналармен шебер класс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ата-аналармен шебер класс

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАС МАМАНДАРҒА
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналармен шебер класс



Ұйымдастырушы: «Балдәурен» тобының тәрбиешісі Елікбаева Гүлфайруз Елікбайқызы

Мақсаты:Балабақша мен ата-аналар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату және ата-аналардың балабқшадағы театрға деген қызығушылықтарын оятып,театрдың бала тәрбиесіндегі рөдін ұғындыру,балаларға қуаныш сыйлау.

Қатысушылар: «Балдәурен» тобының ата-аналары.

Көрермендер: Балалар, ата-аналар,педагог қызметкерлер.

Алдын-ала жүргізілген жұмыс:Ата-аналарды жинап, балабақшадағы театр туралы түсінік беру.Геометриялық пішіндерді таңдау арқылы 3 топқа бөлу. Шебер класстың өтілу барысы қысқаша түсіндіріледі.Әр топтың жасырылған карточка суыру арқылы «Ертегілер елінде» мен «Көңілді шеберхана» бөліміне жұмыс түрі анықталады.Ата-аналарға дайындыққа бір апта уақыт беріледі.

Өтілу сценариі:

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар, балалар, әріптестер! Бүгінгі «Театр қызықтары» атты щебер клссқа қош келдіңіздер!

Жүргізуші:Шеберлік классты бастамас бұрын көңілімізді көтеріп, серігіп алайық.Ата-аналар ортаға шығып, көрермендер орнымыздан тұрып музыка әуенімен менің артымнан қимылдарды қайталаңыз.(Шетелдік Арам-замзам әніне қимылдайды,музыка тездеткен сайын қимыл да тездетеді. Барлығы орындарына жайғасады.)

Жүргізуші:Мектепке дейінгі жастағы баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарды.Театр әр балаға қуаныш,ұмтылмас әсер сыйлады, оның көркемдік талғамын,еліктеуі мен қиялын дамытады.

Балабақшада театр мен ертегі тығыс байланыста болады, олар бір-бірін толықтырады, мақсаты нәтижелі болады. Бүгінгі ата-аналармен жұмысымызда театрдың кейбір элементтерін тамашалайсыздар.

Ақылды ғып Әй-керімнің талайын,

Сөзін айтар ұлы ақын-Абайдың.

Жүрегіне іздеп жүрсең ғажайып,

Тетрға кел, Ағайын!-дей,

«Театр қызықтары» атты шебер классты бастаймыз.

1. «Топ визиткасы»

Топтың аты,ұраны,топ мүшелерін таныстыру.(Қатысушылар өз еркімен ұйымдастырады).Бірінші топ:«Бірлік»

Екінші топ: «Қиял»

Үшінші топ: «Арман»

Жүргізуші:Ерте,ерте-ертеде ешкі жүні бөртеде, «Балдырған» балабақшасында «Балдәурен» тобы болыпты.Бұл топтағы балалар сондай сүйкімді,әдепті,ақылды екен.Ал олардың ата-аналары мейірімді,белсенді,білімді болғандарымен қатар ақын мен жазушы екен.Ендеше келесі бөлімде осы ақын жазушылардың шығарған ертегі кітапшаларын тамашалайық.

2. «Менің қиялымдағы ертегі»

Әр топ өздерінің қиялынан бір ертегі ойлап,кітапша (буклет,альбом т.б.) етіп шығарып қорғау керек.(Қатысушылар еркінен)

Бірінші топ: «Бірлік»

Екінші топ: «Қиял»

Үшінші топ: «Арман»

Жүргізуші: «Құлақтан кіріп бойды алар,әсем ән мен тәтті күй» -деп Абай атамыз айтқандай,ортаға «Балдәурен» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Шөмекеева Зерені «Ертегілер» әнімен шақырамыз.

(Топтар қойылым қоюға дайындалады)

3. «Ертегілер елінде»

Әр топ алдын-ала суырған карточкадағы берілген ертегіні сақыналайды («Алтын жұмыртқа», «Үйшік», «Бауырсақ» ертегілері суырылды.Осы ертегілер желісімен қойылым қояды).

Бірінші топ: «Бірлік»

Екінші топ: «Қиял»

Үшінші топ: «Арман»

Жүргізуші: Балабақша театрында тек қойылым,көрініс қойып қана қоймайды, сонымен қатар әр қойылымға дайындалады,театр түріне байланысты ертегі кейіпкерлерін дайындайды.Бүгінгі шебер класстың соңғы бөлімінде ата-аналарымыздың шеберліктерін тамашалайды.

4. «Көңілді шеберхана»

Әр топ алдын-ала суырған карточкадағы берілген заттарда ертегі кейіпкерлерін жасау керек.(Қатты түрлі-түсті қағаздан,пласмас қасықтардан,шұлықтардан ертегі кейіпкерлерін жасау суырылды.Керекті заттарды ата-аналар өздерімен алып келеді,ертегі кейіпкерлерін жасап,ортаға шығып жасалу жолын түсіндіреді).

Бірінші топ: «Бірлік»

Екінші топ: «Қиял»

Үшінші топ: «Арман»

Жүргізуші:Шеберлік классымыздың соңғы бөлімі тәмамдалды.Қатысушыларға алғысымды Естеу Нүсіпбековтың «Аналарға арнау» өлеңінен үзінді оқып білдірсем деп едім.(Жүргізуші үзінді оқып тұрғанда, артына топтың балалары ән айтуға тұрады)

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар, өздеріңізге бүлдіршіндеріңіз «Ақмамам» әнін орындап береді.Қабыл алыңыз.(«Балдәурен» тобы)

(Ата-аналарға алғыс хаттар ұсынады)

Жүргізуші:Құметті ата-аналар, балалар, әріптесер! «Театр қызықтары» атты шеберлік класымызға ат салысып қатысқандарыңыз үшін шексіз алғысымды білдіремін!Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!!!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.08.2018
845
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі